Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.

Тақырыбы: Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды.

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші: Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.


Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Қымбатты  аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8 — наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар — өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Десек те уақытпенен жарыспайды,

Қияға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп


Өнерлерін анаға бағыштайды — дей келе ортаға 1б-сынып  оқушыларының сіздерге арналған тартуларын қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директорының тәрбие ісінің меңгерушісі  Т.Ізтілеуовке сөз кезегін береміз.

Жүргізуші: Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай.

 

Бұралып Жұлдыз біздің билеген де,

Үндінің  асқақ әні тербегенде

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар ма,

Құрбылар айтыңдаршы би дегенде — деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Сухашова Жұлдызайдың тамаша, көңілді биін қабыл алыңыздар.

Би: Үнді биі

Жүргізуші: Ана деген – бастауы ұлылықтың

Ана деген — рәмізі сұлулықтың.

Ана деген — бір жыр бар шырқалатын

Асқақтатар биікке ұрпақ атын.

Олай болса, балаларымыздың ана туралы тақпақтарына кезек берейік.  6 оқушы

Ақерке

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар.
Оңталап
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
Нәзік

Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
Аяжан

Бал бөбегін баптаған,
Анам үшін мақтанам.
Аялайтын біздерді,
Көп жасасын ақ мамам!
Қолқанат

Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!

Гүлсезім

Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Аналарды ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Жүргізуші: Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Өнерлерін жолдайтын  баласы бар.

Ән: «Құттықтаймын, ана, туған күніңмен!» хор

 

Жүргізуші: Тарихымызда Домалақ Ана, Айша Бибі сияқты аналар болған. «Шығыстың қос шынары» атанған Әлия мен Мәншүкті де құрмет тұтып, әрқашан басымызды иеміз.

Жүргізуші: Ару — Ана өмірдің асылдары,

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.

Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,

Сендер үшін мереке шашулары.

Ән: «Алатау»

Орындайтын: Оңталап пен Аяжан

 

Жүргізуші: Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,

Жасқанбай әр қадамын нық — нық басып,

Биімен көрерменді тәнті ететін

Арулар келді міне толқып, тасып, — дей отырып келесі кезекті сыныбымыздың аруларының орындауындағы «Қамажай» биіне береміз.

Би: «Қамажай»

. Жүргізуші: Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен

Ән айтпақшы Гүлсезім қыздарыңыз сіздерге

Өшпес ыстық, алаулаған жалынмен,- дей келе ортаға «Анаға ақ тілек» әнімен Бұрхан Гүлсезімді  қарсы алыңыздар.

Ән:

Жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

 

Олай болса аналарымызбен бірге ойын ойнайық.

Ойын: «Баласын табу»

Біржан

Жақсы көрем күлкіңді,
Айналайын ақ анам.
Менің анам сүйкімді,
Бәрінен де жақсы адам.

Жұлдызай

Өмірдің қызығы,
Өзіңсіз өтпейді.
Мен үшін анама,
Ешкім де жетпейді.
Әлішер

Сыйлайыншы гүлімді,

Теріп алған даладан.

Мейрамыңыз бүгінгі,

Құтты болсын анажан.

Жанель

Ел жатқанда жатпаған,

Мен деп тыным таппаған.

Бақыты үшін баланың,

Аман сау бол ақ мамам!
Нұршат

Еркелеймін, шаттанам,
Жарқын күлкің — бақ маған.
Ақ бетіңнен сүйейін,
Келші, келші, келші, келші, ақ мамам!

 

Барлығы қолындағы гүлдерін ұсынып, аналарының бетінен сүйеді.

(гүл мен ашық хат беру)

 

Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Балалар айтыңдаршы, сендердің кішкентай кездеріңде не айтсаң соны алып беретін кім?

Түн ұйқысын төрт бөліп шөлдегенде сусын беретін кім?

Ұйықтар алдында ән мен ертегі айтып беретін кім?

Ұйқыдан оянғаныңда жылу сөзін айтып тәттісін ұсынатын кім?

Сенің қуанышыңа ортақтасып, риза болатын кім?

Ана әрине

Аналарымыздың құрметіне тағы да бір ән шырқалық.

Хор: «Анашым»

(ел жатқанда жатпаған)

 

Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсаң шаттанған.
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам.

Ел жатқанда жатпаған,
Мен деп тыным таппаған.
Бақыты үшін баланың
Аман сау бол ақ мамам!- дей келе аналарымызға сұрақ қойып көрейік.

 

Аналарға арналған:

  1. Сіздің үй шаруасымен қолыңыз тимей жатыр еді. Қызыңыз келіп эртүрлі сүрақтармен мазаңызды ала берді. Сіз не істейсіз? Сұрақтарына жауап бересіз бе, алде қолыңыздың тимей жатқанын айтып бетін қайтарасыз ба?
  2. Қызыңыз сынып жиналысы болатынын екі күн бұрын ескертті. Бірақ күйбең тіршіліктермен есіңізден шығып кетеді. Қызыңызға бармағаныңызды қалай түсіндіресіз?
  3. Сабақтан кейін қызыңыз ескертпестен жолдас қызының үйіне ойнауға барады. Сіздің іздемеген жеріңіз қалмай қатты уайымдап отырғанда қызыңыз келеді. Сіз не істейсіз?

Рахмет, аналар!

 

Жігіттердің сыйлығы,

Дайын екен қызықты.

Қане, көрейік ендеше,

Бишілерін  сыныптың.

 

Ойын: биші жігіттер әдемі билеп қыздарға әдемі тілегін айтып, сыйлығын береді.

 

Айналайын анашым
Аялайсың, бағасың.
Сіздер үшін балалар,
Би билейді қара, шын.

Би: Вальс
Мәпелейді, әлдилейді, бағады.
«Құлыным» деп құшағына алады
Өзгеге де, өзіне де жауапты
Барлығына қалай уақыт табады?!
 

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту — арманым.

Барша ана, құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

 

Құрметті қонақтар, біздің «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты тәрбие сағатымызды көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп — көп рахмет.

 

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен сағатымыз аяқталды.