Мейірімділік шапағаты

 

 

Сабақтың тақырыбы:  Мейірімділік шапағаты


Сабақтың мақсаты: Оқушылрдың «мейірімділік», «қайырымдылық»

құндылықтары туралы  түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: 1).  Мейірімділіктің адам өміріндегі  маңыздылығын түсіндіру;

2).  Өзара сыйластық қарым-қатынасын дамыту;

                       3).  Мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: сюжетті суреттер, тірек сызбалар, слайд, үнтаспа.

Сабақтың барысы:  1. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық жаттығу.


Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім.

Жүрегім толы мейірім,

Бәріне ортақ шуағым,

Қайырымды баламын.

Оқушылар,  алдымызда көктем мезгілі келе жатыр. Көктем мезгілінде тірші-лік иелерінің барлығы  өзгеріп, құлпыра түседі. Біз де бүгінгі сабағымызды осы көктем мезгіліне орайлатырамыз.

-Тақтадағы суретке назар аударамыз.

-Күннің бетін бұлттар басып кетіпті енді осы бұлттарды сейілту үшін тапсырмаларды орындаймыз.

Қызығушылықты ояту: Топтастыру.

Адам бойындағы қандай асыл қасиеттерді білесіздер? Сызбаға түсірейік.

1-оқушы: Әдептілік, адамдықты,

Әділеттік, адалдықты.

2-оқушы: Білімділік, батырлықты,

Бейімділік, алғырлықты.

3-оқушы: Дарындылық, даналықты,

Қайырымдылық, тазалықты.

4-оқушы: Табандылық, қайсарлықты,

Талаптылық, жайсаңдықты.

5-оқушы: Намыстылық, даралықты,

Жарқындылық, дарқандықты.

6-оқушы: Сыпайылық, сыйластықты,

Сапалылық, қимастықты.

7-оқушы: Елгезектік, ептілікті,

Ізеттілік, еркіндікті.

8-оқушы: Зейінділік, зеректікті,

Мейірімділік, сергектікті.

9-оқушы: Тәртіптілік, ісмерлікті,

Тұрақтылық, іскерлікті.

10-оқушы: Өжеттілік, кішілікті,

Өнерлілік, кісілікті.

Табандылық    талаптылық     намыстылық

тәртіптілік                                                                          елгезектік

Әдептілік

Адам бойындағы асыл қасиеттер

сыпайылық

адалдық                                                                             сыйластық

өжеттілік                                                                           мейірімділік

 

білімділік       батырлық       қайырымдылық

1-бұлт.  1-бұлт  ыдырап, жерге тамшы болып жауады, тамшылардан  «Мейірімділік шапағаты» деген сөз пайда болады.

Біз бүгін сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесміз.  Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мейірімділік шапағаты» деп аталады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты-әдептілік белгісі.

2-бұлт.   Тамсандырып баршаны,

Аңыз болған көп елге.

Айтыңдаршы, ал, кәне,

Әдептілік деген не?.

1-оқушы: Тал бойыңа жараса,

Әрлендірер сәніңді.

Әдептілік-тамаша

Қасиетің тәлімді.

2-оқушы:  Әдептілік-бұлақтай

Тазалығы арыңның.

Өлшемі ол-сынаптай

Бойыңдағы барыңның.

3-оқушы:  Баршаға керек жақсылық!

Жақсылық сүйер жанымыз,

Баршаға жетер жақсылық,

Қызғанбай бөліп алыңыз!

4-оқушы:  «Сіз», «біз» деген жылы сөз-

Жақсылықтың мейірі.

Бір-біріне болып көз,

Кең болсын адам пейілі.

5-оқушы  Біреуге біреу жақсылық,

Тілесе әр кез жаны ашып,

Осы бір шырын — тәттілік

Тұрмай ма жанға жарасып!?

6-оқушы: «Сіз», «біз» деген жылы сөз-

Жылытады жүректі.

Жақсылық билеп жаныңды тез,

Оятады игі тілекті.

 2-бұлт ыдырайды.

3-бұлт. Жағдаяттарды шешу. Сурет бойынша.

4- бұлт. Әрбір жағымды қасиетке мағлұмат беру.

Мейірімділік – адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Жақсылық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Жақсы адам қол ұшын беруге, жанашырлық танытуға, көмек көрсетуге, қолдау жасауға әрдайым дайын тұрады.

Ұқыптылық — ұқыпты адам тәртіпті, тыңғылықты болады. Ондай адам өз іс-әрекетінде үнемі жинақылық танытады.

Достық – мақсат-мүддесі, арман-тілегі, талап-талғамы үйлесімді адамдар арасында достық болады. Адамдардың бір-біріне адалдығы мен сенімділігі  достық қарым-қатынасты нығайтады.

Әдептілік – адамдар арасында ізгілік, сыйластық қарым-қатынасынан әдептілік туады. Әдепті адам биязы, инабатты, ізетті,  сыпайы, тәртіпті болады.

Сенімділік – адам айналасын танып білу арқылы өмірге құштарлығы артады. Өз болашағына сенімді болады.

4- бұлт ыдырайды.

5-бұлт. «Мейірімділік шуағы» атты ойын жүргізу.

Ойынның шарты: Оқушылар үлкен шеңбер құрып тұрады. Ойын бастаушы күннің үлгісін қолына ұстап тұрып:

«Балалардың мейірбандық жүрегі.

Адамдарға бақыт, шаттық тіледі»,-деп айтады.

Басқа балалар да осы өлең жолдарын қайталап айтады да, қасындағы көршісіне оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып,  күнді ұсынады.

Мысалы: Сен мейірімдісің! Сен кішіпейілдісің! Сен әдемісің!  Сен қайырымдысың! Сен ізеттісің! т.б.

Ойын осылайша жалғаса береді. Ойын аяқталған кезде бәрі хормен алғашқы өлең жолдарын қайталап айтып,  күнді  мұғалімге ұсынады.

5-бұлт ыдырайды. Бұлттың артынан күлімдеген күн шығады. Күннен «Рахмет сендерге!» деген сөз шығады.

Ой толғаныс.  Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, айналасындағы адамдарға мейірімді екендіктерін жылы сөздері арқылы білдіреді. Кімнің немесе ненің мейірімді екендігін кезегімен мынадай сөздермен айтып жеткізеді:

  • Күлімдеген күн мейірімді!
  • Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
  • Таза мөлдір су мейірімді!
  • Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
  • Жарқыраған жұлдыз мейірімді!
  • Жайқалып өскен гүл мейірімді!
  • Аяулы анам мейірімді!
  • Қадірлі әкем мейірімді!
  • Әлпештеген әжем мейірімді!
  • Еркелеткен атам мейірімді!
  • Жылы жүзді ұстазым мейірімді!
  • Тату-тәтті достарым мейірімді!
  • Табиғат-ана мейірімді!
  • Қамқор ағам мейірімді!
  • Кішіпейіл апам мейірімді!
  • Баршаға қамқор жан мейірімді!
  • Атадан қалған сөз мейірімді!
  • Әдептілік сақтаған ұл мейірімді!
  • Ибалықты сақтаған қыз мейірімді!
  • Бүгінгі келген қонақтар мейірімді!-деп келген қонақтарға жүрекшелер ұсынады.

Ән: « Әр қашан күн сөнбесін!» Сабақ қорытындыланады.

Назар аударғандарыңызға рахмет, сабақ аяқталды.