Бейімділік.Бейімділіктің салыстырмлы сипаты.

 

 

Сабақтың  тақырыбы: Бейімділік.Бейімділіктің  салыстырмлы  сипаты.


Сабақтың  мақсаты: Оқушыларға  бейімділік  туралы түсіндіру, оның  түрлерімен  таныстыру, мысалдар  келтіре  отырып, әр  реңге  толық  мағлұмат  беру, пәнге  қызығушылығын  арттыру,  білім, білік,  дағдыларын  қалыптастыру.

Сабақтың  түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндіру,  көрсету,  сұрақ-жауап,  тест,  тірек – сызба.

Сабақтың  көрнекілігі: суреттер, оқулық,  кесте  толтыру.

Сабақтың  пәнаралық  байланысы: география

Сабақтың  барысы: Ұйымдастыру.

Амандасу,  түгендеу, оқушылардың  зейінін  сабаққа  аудару


Үй  тапсырмасын  тексеру.

1.Гендер  дрейфі  деген   не?

2.Түр,  популяция  деген  не?

3.Элементарлық  эволюциялық  факторларды  ата?

4.Биологиялық  оқшаулану  дегеніміз  не?

5.Популяциялық  толқындар  дегеніміз  не?

Жаңа  сабақты  түсіндіру

 

Бейімділік  деп — организмдердің  нақтылы  ортада  тіршілік  етіп,  ұрпақ  қалдыруын   қамтамасыз  ететін  жаңа  қасиеттер  мен   ерекшеліктердің  пайда  болуын  айтады. Бейімділік  тұқым  қуалайтын  өзгергіштік  пен  табиғи  сұрыпталудың  және  тіршілік  үшін  күрестің   нәтижесінде  қалыптасады. Мысалы,  құстардың  ұшуға,  кейбіреулерінің  суда  жүзуге  бейім  келуі,  топырақ  астында  тіршілік  ететін көртышқанның  күрек  тісінің  және  алдыңғы  аяқтарының  мықты  болуы  т.б. Бейімділіктің  бірнеше  түрлері  бар. Қорғаныш  рең.  Жануарлардың  немесе  ұсақ  жәндіктердің  тршілігін  сақтап  қалуын  қамтамасыз  ететін  дене  жамылғыларының  кез  келген  реңі   қорғаныш  рең  болып  табылады.

Қорғаныш  рең

 

 

Жасырушы  бөлшектену     еліктеуші    сақтандырушы      қауіп  төндіруші

Жасырушы  рең. Бұл  түрі- ашық жерлерде  тіршілік  ететін  организмдердің  жауынан  қорғану  белгісі. Көптеген  көбелектер  мен  қоңыздарды  қанаттарының  немесе  денесінің түрлі  түсті  болуына  сәйкес  өсімдіктер  арасынан  ажырату  қиын.  Жапырақпен  қоректенетін  кейбір  жәндіктер  жасыл  реңді.

Бөлшектену реңі. Орманды,  далалы  жерлердегі  жануарлардың  дене  жамылғысы  жолақты  немесе  теңбілді  болып, ағаштар  мен  шөптердің  арасынан  аса  байқалмайды.

Сақтандырушы  рең – көбінесе улы, жағымсыз  иіс  бөлетін  және  шағатын  жәндіктерге  тән  белгі.

Қауіп  төндіруші  рең. Улы  жылан,  плащты  кесіртке  түрлі  түсті  жолақты  ашық  реңін  және   айбат  шегуіне  байланысты  бірден  көзге  түседі.

Сәйкестігін  табыңдар:

Жасырушы  рең

 

Бөлшектену  рең

 

Сақтандырушы  рең

 

Еліктеуші  рең

 

Қауіп  төндіруші  рең

а\ қауіпсіз  жәндіктер  пішіні, реңі,  мінез – құлқы  тұрғысынан  улы,  шағатын  жәндіктерге  ұқсайды.

б\   ашық  жерлерде  тіршілік  ететін  организмдердің  жауынан  қорғану  белгісі.

в\ Мысалы,  зебра,  жираф,  жолбарыс

г\ қауіп  төнген  кезде үстіңг  қанаттарын  көтеріп,астыңғы  ашық  түсті  сақтандырушы  реңді  қанаттарын  жаяды.

д\ Мысалы,  қанқыз қоңызы  жағымсыз  иісі  бар улы  сұйықтық  бөліп  шығарады.

 

Тест.

1.Тірі  ағзалардың  тіршілігін   сақтап  қалуын    қамтамасыз  ететін  дене  жамылғыларының  кез  келген  реңі  қалай  аталады?

А.Жасырушы  Б.Бөлшектеуші  В.Қорғаныш   Д.Сақтандырушы

2.Мүркөбелектің жұлдызқұрты  бұтаққа  ұқсайды, Бұл  қандай  рең?

А.Жасырушы  Б.Бөлшектеуші  В.Қорғаныш   Д.Сақтандырушы

3.Улы  жылан,  плащты  кесіртке  түрлі  түсті  жолақты ашық  реңіне  және  айбат  шегуіне  байланысты  бірден  көзге түсуі  қандай  реңге  жатады?

А.Бөлшектену  Б.Қауіп төндіруші   В.Еліктеуші  Д.Сақтандырушы

4.Жәндіктерде  байқалатын  мимикрия  жатады.Бұл  қандай  рең?

А.Бөлшектену  Б.Қауіп төндіруші   В.Еліктеуші  Д.Сақтандырушы

5.Құр,  тентекқұс т.б.  жануарлардың  дене  жамылғысы  жолақты,  теңбілді  болуы?

А.Бөлшектену  Б.Қауіп төндіруші   В.Еліктеуші  Д.Сақтандырушы

 

Бағалау.

Үйге  тапсырма: §44. Қосымша  мәліметтер  жинау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айтимова Лаззат  Айдарбаевна                                  ХИМИЯ  ӨМІРДЕ

Ақтөбе облысы  Әйтеке би ауданы                                  /Сайыс/

Жарөткел  негізгі  мектебі

 

Мақсаты: Оқушылардың  білімдерін  тексеру,әртүрлі  тапсырмалар  арқылы қызығушылықтарын  ояту, білімге құштарлығын  арттыру, ойлау  қабілетін  дамыту, топтасып  жұмыс   істеуге  үйрету, алғырлыққа  баулу.

Түрі: Сайыс

Көрнекілігі: Суреттер, кеспе  қағаздар, нақыл сөздер, шар.

Барысы: Химия —  ырыс  бұлағы          Аялдама, алға  ұмтыл,

Шалқыған  байлық  мол  дәулет            Құдіретті  біздің ой!

Аялап  күтіп тұр алда                              Сенде байлық, сенде ырыс

Болашағымыз — нұр  сәулет.                   Сенімен  өмір  сәнді  ғой,-

Құрметті  ұстаздар  мен  оқушылар! «Химия  өмірде» сайысына  қош  келдіңіздер. Енді  бүгінгі  сайысқа қатысқалы   отырған  топтарымызды  таныстырып  өтейін.

I топ: Калций

II топ: Натрий

Көңілді  тапқыштар,  білімділер,

Бар  өнерін   алдарыңа  салады.

Кім  білімді,көп  оқыған  болса  егер,

Бүгінгі  күн  жеңімпазы  болады.

Сайысымыз бес  кезеңнен  тұрады.

Сайыс  шарттары:

1.кезең «Сұрақ- бізден, жауап — сізден» Екі  топқа  сұрақтар  қойылады.

2.кезең «Ғажайып  шеңбер»  элементтердің  атын  құрастыру

3.кезең «Құпия  сөздің  кілтін  аш» ойын  ойнатылады.

4.кезең «Кім жылдам?»  жұмбақтар  шешу.

5.кезең «Жекпе  жек» топ  басшылар  есеп  шығарады.

Сайыстың  әділ  бағасын  беретін  әділқазылармен    таныстыруға  рұқсат  етіңіздер.

Сайыскерлерімізге  сәттілік  тілеймін.

1.кезең «Сұрақ- бізден, жауап — сізден»  Сұрақтар  қойылады.

 

I топ:

Мыстың  латынша  атауы?  /купрум/

Темірдің  атомдық  массасы? /56/

Әрі  жеңіл, әрі  жұмсақ  металл? /литий/

Қиын  балқитын  металл? /вольфрам/

Ең  қатты  металл? /хром/

Менделеевтің  периодтық  жүйесінде  қанша  элемент  бар? /110/

 

II топ:

Темірдің  латынша  атауы? /феррум/

Күмістің  атомдық  массасы?  /108/

Адам  ағзасында  сүйектің  құрамына   кіретін  металл? /кльций/

Аса  бағалы  металдар? /алтын,  күміс/

Ең  ауыр  металл?  /осмий/

Жер бетінде  қосылыстары  ең  көп  таралған  металл? /алюминий/

2.кезең «Ғажайып  шеңбер»

Тіршіліктің  көзі  болған  жерінде,

Химиялық  элементтер  елінде.

Жиын  болды   мерекелік бас  қосқан,

Менделеев  кестесінің төрінде – деп  келесі  кезеңге  көшеміз.3- минут  ішінде  шеңберде  берілген  әріптерді  пайдаланып химиялық  элементтер  аттарын        құрастыру  қажет. Дұрыс  тапқан  элементке  1 ұпайдан  беріледі.

 

3.кезең «Құпия  сөздің  кілтін  аш» ойын  ойнатылады. Ойын  шарты  бойынша  екі  топқа  бірдей  тапсырма  беріледі. Берілген  элементтің  латынша  атын  табу.

Fe — феррум                                                         Cu — купрум

N — зн                                                                    Au -аурум

H — аш                                                                   C —  це

Hg — гидраргирум                                                Si — силициум

4.кезең «Кім жылдам?»  жұмбақтар  шешу.

1.Менделеев  ауылының  алтыншы  көшесінде  тұрағым,

Әр түнде адамдармен  жүздесіп  тұрамын.

Мені  балқыта  алмай  қиналады  көбісі,

Қазақстан  әлемде, кенім  жөнінен  бріншісі. /Вольфрам/

2.Ертеден  белгілі  жетеудің  бірімін,

Электроника  саласында  ірімін.

Көптеген  құймаларға  кіремін,

Әдемілігім  жөнінде  алтынмен  тең  жүремін. /Мыс/

3.Қара металлургия  жанымын,

Машина,  трактордың  қанымын.

YIII  қосымша  топшада  болсам  да,

Металл  атаулының  ең көп  қолданатын  санымын. /Темір/

4.Табылса  бұрын  там  тұмнан,

Қазір көп  әр  өлкеде.

Қымбат  болды  алтыннан,

Қандай  металл  ертеде?  /Алюминий/

5.Өзі  ауыр  металға жатады,

Емшілер  қорықтық  құюға  қолданады?  /Қорғасын/

6.Адамдар  мені  салмақты  деп  атайды,

Сонда да мен химиктерге  жақпаймын.

Өндірісім  жөнінен  Азия  мен ТМД-да  өз  елімді,

Бірінші  қылмай  тынбаймын. /Күміс/

5.кезең «Жекпе  жек» топ  басшылар  есеп  шығарады.

I-топ:    Na→NaOH→Na2CO3→NaCl

II-топ:  K→KOH→K2SO4→KCl

Мықты  болса  іргетас,                                 Химиясыз  өмір   жоқ,

Құламайды  үйлерің.                                    Ән мен  бүгін  көңіл  тоқ.

Химияға  тәжім  ет,                                       Терең  білім  алуға,

Белді  бекем  будағы.                                    Талпынайық  сіз,  біз  боп,- деп  осымен  сайысымыз  аяқталды. Жеңген  топ  марапатталады.