«Сөз мерген» сайысы

«Сөз мерген» сайысы

     Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен көрермендер және сайысқа қатысушы сайыскерлер!

    «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды ұмыту»,- деп Б. Момышұлы айтқандай, ана тілімізді ұмытпай, құрметтеу – біздің ең басты парызымыз.


Туған тілде сыры терең жаным бар,

                              Туған тілде әнім менен сәнім бар.

                              Туған тілім тіл болудан қалса егер,

                              Жүрегімді суырып-ақ алыңдар – деп ақын          Дихан Әбілов жырлағандай, туған тіліміздің құдіретін, қадір-қасиетін бүгінгі сайысымызда көрсетеміз деген ойдамыз.

      Құрметті ұстаздар мен сайыскерлер бүгінгі сайысымыздың негізгі мақсаты:сөзді дұрыс қолданып, орынды жұмсау. Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін, ынтасын арттыру. Тіл туралы ұлы адамдардың айтқанын өмірде қолдана білуге үйрету. Сөйлеу этикасын меңгеруге тәриелеу.

    Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақтау қағазы, сыйлықтар, қоржын, тіл туралы мақал-мәтелдер.

    Ана тілімізді қадірлеп, құрметтей білуіміз керек. Ана сүтімен бойымызға дарыған қазақ тілінің құдіреттілігі – оның орындылығында, өрлігінде, орасан зор байлығында емес пе ?! Тіл – байлығымыз, тіл – тарихымыз, тіл – мәдениетіміз, тіл – әдебиетіміз. Тіл біздің ұлттық намысымыз, арымыз, қорытып айтсақ барымыз.Қазақстанда қазақ тілінің үстем болуын еш ұмытпауымыз керек. «Тіл мерейі – ел мерейі». Мемлекеттік тіліміз ана тілінің мерейі үстем бола берсін деген ниетпен бүгін мектебімізде «Сөз мерген» сайысын өткізгелі отырмыз. Олай болса, сайысқа қатысушы сайыскерлерді ортаға шақырайық.


   Енді сайыскерлерімізді «Сөз мерген» сайысының шарттарымен таныстырып өтейін.

 

 

                          Сайыс үш кезеңнен тұрады

                   I кезең  «Мықты болсаң, тауып көр»

Бұл кезеңде сөз тіркестерін дұрыс тауып, олардың мағыналарын түсіндіріп өту керек.Мысалы: бауыр

                                                      өкпе                             бар

                                                      жүрек

                                                      иық

Өкпесі бар – біреуге ренжулі, өкпелі деген мағынада қолданылып тұр.

1.сара

   дана                  жол                

   қара

   қысқа

Сара жол-тура, дұрыс жол. Әдеби кітаптарда ұлы тұлғаларымызды артына сара жол қалдырған деп айтып жатамыз, яғни өлместей мұра, өсиет деген мағынада.

  1. күшік

    тазы                      өлген

    ит

    төбет

Ит өлген-алыс, қашық жер.

  1. арқа

    бармақ                   шайнау

    тіс

    ауыз

Бармақ шайнау-бір нәрсеге өкіну.

  1. ақша

    ауа                         бермеді

    дамыл

    сабыр

Дамыл бермеді— маза, тыныштық бермеді.

  1. ағаш

    таяқ                       жеу

    тамақ

     қағаз

Таяқ жеу – ағат ісінің жазасын тарту.

  1. қолқа

    өңеш                      салды

    аяқ

    иық

Қолқа салу – қалаған нәрсесін сұрау.

  1. амал

    Әдіс                       келді

    Тәсіл

    орай

Орайы келді – айтуға реті келді, тура келді.

  1. ден

    баға                        қойды

    ыдыс

    қол

Ден қойды – ынтамен тыңдау.

 

                                Қосымша сұрақ

орамал

алаша                        қойды

жастық

көрпе

Жастық қойды – мақтау, мадақтау.

бас

қолтық                      демеу

сирақ

қарын

Қолтығынан демеу – көмектесу, жәрдемдесу.

  Әр сайыскердің қанжығасындағы ұпай санын салыстыру, аз ұпайы бар сайыскерді сайыстан босату. «Сөз қоржынына» сөзін қалдыру.

         II  кезең «Жүйрік болсаң, шауып көр»

Б ұл кезеңде мақал мен мәтелге кімнің жүйрік екенін байқаймыз. Берілген сөздерден мақал құрастыру. Бұл кезеңде 7 тапсырма бар

  1. әке

     апа                          сыншы

     аға

     ата

Әке балаға сыншы (Мәтел)

  1. алаша

    жастық                    көсіл

    көрпе

    кілем

Көрпеңе қарай көсіл (мәтел)

 

  1. майлы

    қалайы                     қасық

    құрғақ

    шай

Құрғақ қасық ауыз жыртар ( мәтел )

  1. ыстық

    суық                            жылан

    жылы

    салқын

Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен шығады (мақал)

  1. нарық

    той                              мазар

    базар

    жиналыс

Балалы үй – базар

Баласыз үй – қу мазар.

  1. патша

    хан                              ұлтан

    уәзір

    сұлтан

Өзге елде сұлтан болғанша,

Өз еліңде ұлтан бол

 

 

  1. ес

    сөз                                жарады

    тас

    құм

Сөз тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Әр сайыскердің қанжығасындағы ұпай санын салыстыру, аз ұпайы бар сайыскерді сайыстан босату. «Сөз қоржынына» сөзін қалдыру.

                        III  кезең « Ойлы болсаң, озып көр »

Сөз мергеннің III-ші кезеңіне жолдама алған сайыскерге құрмет көрсетейік. Бұл кезеңде көнерген сөздердің мағынасын табу. Бұл кезеңде 4 тапсырма бар.

  1. киім

    ұстахана                        күпі

    мектеп

    дәрі

Күпі-сырылған, қалың, сыртқы киім.

  1. өсімдік

    ыдыс                                көнек

    тұрмыстық зат

    сусын

Көнек – су құятын ыдыс.

  1. қол өнер

    өсімдік                           шидем

    жануар

    киім

Шидем – қалың матадан тігілген киім түрі

  1. тұрмыстық зат

     дәстүр                       зекет

     сусын

     діни ұғым

Зекет – садақа беру.

   Бүгінгі сайыстағы сөз мергенін салтанатты түрде ортаға шақырайық. Сөзге жүйрік, тілге шешен екендігін танытқан, қазақ тілінің қадір-қасиетін бағалай білген жеңімпазға нағыз «Сөз мергені» деген атақ беріліп, мақтау қағазымен және сыйлықпен марапатталсын.

   Ал, мен бүгінгі сайысымды Ораз ақын Асқардың бір шумақ өлеңімен аяқтағым келіп тұр.

Ана тілің-соңғы ұлттық қорығың

Бақытты емес меңгермесе оны кім.

Әлемдегі барлық тілді білсеңде

Толтыра алмас ана тілдің орынын.