Мектепке қосымша білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру- салауатты өмір салтын қалыптастыру кепілі

Мектепке  қосымша білім беру ұйымдарының  қызметін үйлестіру- салауатты өмір салтын қалыптастыру кепілі

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» атты жолдауындағы 4-ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі.

Бұны Елбасы жолдауындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» деген жолдарынан байқауымызға болады.


Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады.    Бұл үдеріс мектепке қосымша білім беру ұйымдарында бастама алса оң нәтижелерін береді. Өйткені,денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда  ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыра аламыз.  Салауатты  өмір сүру салты дегеніміз – биологиялық -әлеуметтік категория. Салауатты өмір сүру салты –   адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани  формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық  ұйымдарда өзін-өзі  ұстай білу,  қоғамдық тәртіппен санасу,  артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды балағаттамау, біреудің теріс жолға түсуіне себепші болмау,  өзін ақылды деп есептеп,  басқаларды ақымақ  ретінде көрмеу,  ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.

Салауатты өмір сүру салтын сақтау  әр азаматтың ойы мақсатының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық — әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім.  Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал.   Сондықтан да басты міндеттердің бірі — балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы  жан-жақты даму, қабілетін көтеру,  ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету,  үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін  тәрбиені мектептегі  білім беруден бастауымыз керек.

Салауатты  сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін  денсаулығының мықты  болуы қоршаған ортаның  тазалығына байланысты.

Өмір сүру салты дегеніміз — әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.

Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты бір келкі болады.

Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ген арқылы беріліп отыруы мүмкін. Осыған байланысты салауатты өмір сүру салты 3 категорияға бөлінеді:

  1. Салауатты өмір сүру деңгейі;
  2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
  3. Салауатты өмір сүрудің стилі.

Салауатты өмір сүру деңгейі – экономикалық категория. Адамның материалдық және моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.


Салауатты өмір сүру сапасы — әлеуметтік категория – үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар, мектептер)  неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабороториялық жабдықтармен  қамтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүру стилі — әлеуметтік психологиялық категория – адамның қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білу .

Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквопотенциалды болып келеді. Сондықтанда адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды –дәстүрлер арқылы қалыптасады. Тағыда тұлғаның бейімділігіне байланысты болады.

Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен  кемістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың біріншісі – жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру болса ғана күш алады. Босаңсу әрқашан  да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар  ешбір мұқтаждықсыз жүгіреді, ойнайды.

Екінші  кемшілік – қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу – аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп,  оны басқа сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етті қуыруды үйреніп, оны дәмді ету тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.

Үшінші кемшілік – қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда  қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол, есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар салдарын да болжай біледі. Сондықтан тек оны өзінің  ауырулары ғана емес, басқа біреулерден көргені,  оқығаны немесе көргені үрейлендіреді.

Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірақ жалқау әрі қомағай. Табиғат оны тоқ және жеңіл өмір үшін жаратқан жоқ. Мол және дәмді тағам ішіп-жеп, рахаттанып, жылы жайда демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді. Егер алғашқыда, яғни қанағат алуды асыра сілтесе,  оның көлемі тым көбейіп кетуі ықтимал.  Дене азабы өркениет игілігінен келген барлық  рахатты жоққа шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды деп санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін жеткізуге тырысу қажет: қауіпті ауруларға ұшырамас үшін, өзіне-өзі қажетті шек қоя білген кім кімге болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға жетелейтін ғылым ғана іске асыра алады.

 

Бүгінгі оқушы – ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын. Көптеген мектептерде салауаттануға арналған кабинеттер ашылып, онда көрнекілік құралдары, денсаулық жөніндегі әдебиеттер, техникалық құралдар жинақталған. Бұндай сынып кабинеттерінің болуы оқушылардың білімін арттырады. Жас ұрпақтың денсаулығының маңызды көрсеткіші оның дене дамуы мен денесінің жұмысқа жарамдылығы болып табылады. Осы саладағы кемшіліктің басты себептерінің бірі – оқушылардың жалпы қимыл белсенділігінің төмендеуі.

Біріншіден,оқушылар оқу әрекетімен шамадан тыс шұғылданады. Екіншіден, кейбір мектептерде валеология, дене шынықтыру сабақтары тиісті дәрежеде өткізілмейді. Үшіншіден, баланың өз бетімен дене  жаттығуларын жасауға  мектепте жағдай жасалынбаған.  Келесі атап көрсетерлік көрсеткіш – мектеп оқушыларының психикалық саулығы. Бүгінгі таңда нерв-психикалықауытқушылық орта есеппен 15-20 пайызы оқушыларда кездеседі. Бұл ауытқушылықтар, әсіресе, 1-сынып оқушыларында мектепке үйрену кезінде, 5-сыныптан орта буынға  ауысу барысында және жоғарғы сыныпоқушыларында оқу жүктемесінің көлемінің артуына  байланысты пайда болады.

Мектеп жағдайында оқушылар мен мұғалімдер арасындағы дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынас оқушылардың денсаулығына позитивтік ықпал етеді. Сонымен қатар,оқушылардың психологиялық көңіл-күйлерінің тұрақтылығы мұғалімдердің оларға бағытталған  қарым-қатынас тәсілдеріне тәуелді. әр мұғалімнің педагогикалық қателігі жүйке жүйесіәлсіз, нервтік – психикалық және жүрек ауруларынан зардап шегетін, сондай-ақ кейбір қызу темпераментті ұл балаларға негативтік әсер етуі мүмкін. Сондықтан да күнделікті мектеп өміріндегі  мектеп басшылары мен мұғалімдер және оқушылар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынас тәсілдері мектеп субьектілері денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Мектеп субьектілерінің денсаулық  проблемасын шешуде кешенді қарым-қатынас жасаудың маңызы зор. Ол мектеп жағдайында  дені сау, толық қанды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады.

Қорыта айтқанда,  бастауыш сыныптағы бала жақсы балалардың бүкіл мүшелерінің қалыптасып дамуындағы ең қарқынды кезең. Дәл осы кезде гигиеналық дағдыларды үйретіп отырып, оның аңыздылығын түсініп, үйреншікті дағдыға айналдыра алсақ, өз денсаулығын сақтауды және шынықтыру жолдарын үйретіп, әр қадамын саналылықпен ойлайтын жастарды қалыптастыраалсақ, пәнді оқытудағы мақсатқа жеттік деп айтуымызға болады.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Білім, 1998.
  2. Жанабердиева К.А., Адылханов А.С. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамасы. //Валеология. Дене тәрбиесі. Биология және салауаттылық негізі.№1-2003.
  3. Әлімжанова Г. Салауатты өмір салтын ұстау. //Бастауыш мектеп, №2-2004.
  4. «Салауаттану денсаулықты сақтау» бағдарламасы бойынша СӨС-ке қалыптастырудың тұжырымдамасы. К.Н.Сатпаев, А.С. Әділханов, Л.З.Тель. – Алматы, 2002.
  5. Сәулебекова М.. Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі. //Биология және салауаттылық негізі, №3-2005.
  6. Бейсеева Г.Б., Бейсенова Ә.С.. Адам экологиясы. – Алматы, 2001.
  7. Ормантаев К.С., Ешмұқамбетов С.Н.. Экология және адам мен бала денсаулығы. – Алматы, 1991.
  8. Өмешұлы Ә. Дене шынықтыру – салауатты өмірнегізі. //Биология және салауаттылық негізі. №3-2004.
  9. Есімова А.. Салауатты өмір салтын қалыптастырайық.// Денсаулық. №5, 2002 жыл.
  10. Икіманова Т.Саулық пен сымбат. – Алматы, «Қайнар» 1991жыл.
  11. Турик Г.Г., Крюкова А.А. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенсы. – Алматы, «Мектеп», 2003.
  12. Құрманғалиева Б.Сымбат және денсаулық. //Биология және салауаттылық негізі. №2-2004.