Ә. Тәжібаев «Толағай» ертегісі (2-сағат)
Сабақтың тақырыбы | Ә. Тәжібаев «Толағай» ертегісі (2-сағат) |
Жалпы мақсаты | * Оқушылардың «Толағай» ертегісі туралы білімдерін саралау, ертегінің идеясын білу ; * Ізденгіштік қасиеттерін арттыра отырып, дәлелді пікір айту,ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық жұмыс істей білуге,өзінше тұжырымды ой айта білуге үйрету. * Әдеби ертегіні оқыту барысында өз еліне, жеріне қамқор болатын патриот азамат тәрбиелеу. |
Күтілетін нәтиже:
|
|
Негізгі идея | Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет! Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет!
Б. Момышұлы
|
Бағалаудың түрлері | «Білімді өзара бағалау», «Екі жұлдыз, бір тілек», геометриялық пішімдер, күлегештер, бағдаршаммен. |
Қолданылатын әдіс-тәсілдер | «Топтастыру», «Сұрақты қағып ал», «Талдау-табыс кілті», «Сандар сөйлейді», «Сөзжұмбақ», деңгейлік тапсырмалар.
|
Жоспар мазмұны | Уақыт өлшемі | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті |
Кіріспе |
2 минут |
| Мұғаліммен сәлемдеседі. Сергіту сәтін жасайды. Оқушылар сабаққа дайын екендігін көрсетеді. |
Үй тапсырмасын сұрау.
|
10 минут | І топқа «Топтастыру» ІІ топқа «Сандар сөйлейді» ІІІ топқа Сөзжұмбақ Сөз жұмбақтың сұрақтары: |
1. Ә. Тәжібаевтың кім екенін айтады. 2. Оқушылар жасырынған сандар арқылы тақырыпқа байланысты мәліметтерді береді. 3. Сұрақтарға жауап бере отырып, сөзжұмбақтың жауабын табады.
|
5 минут | «Сұрақты қағып алу» әдісі бойынша «Толағай» ертегісін сұрау
| Допты бір-біріне лақтырып төмендегі сұрақтарды қояды. -Оқиға шамамен қашан, қай жерде болған? -Толағайдың өсіп-жетілуі, алып болып өсіп келе жатқаны қалай суреттелген? -Толағайдың алғашқы ерлігі туралы не айтасың? -Жолбарыспен шайқасын толық мазмұндап бер. -Ол неге жолбарысты «мысық» дейді? -Толағай алыстағы Тарбағатай тауына не себепті аттанды? -Анасынан не сұрап білді? | |
Тұсаукесер |
15 минут | І топ «Талдау-табыс кілті» бойынша шығарманы талдау
ІІ топ Венн диограмма
ІІІ топ Көрініс | шығарманы композициялық құрылысына қарай талдйды.
Керқұла атты Кендебай мен Толағайды салыстырады
«Толағай мен анасы»
|
Бағалау | 5 минут |
| Бір-бірін бағдаршаммен бағалайды |
Қорытынды |
5 минут | Деңгейлік тапсырмалар А. Тау көтерер Толағай сияқты қандай азаматтарды білесіңдер?
В. Сөздіктермен жұмыс
С.Толағайға мінездеме бер
| Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді |
Рефлексия | 2 минут | «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын түсіндіреді. | Бүгінгі сабақтың екі ұнаған сәттерін және өз ұсыныстарын білдіреді. |
Үйге тапсырма беру
| 1 минут | Толағайдың ерлігі туралы шағын шығарма жазу. | Тапсырманы күнделікке жазып алады |