Мекен үстеуі, сын-қимыл үстеуі
Сабақтың тақырыбы: Мекен үстеуі, сын-қимыл үстеуі. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға үстеу, үстеудің құрамдық түрлері, үстеудің
мағыналық түрлері, мекен үстеуі және сын-қимыл үстеуі жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу,
- Кезекші мәлімдемесі.
- Журнал бойынша түгелдеу.
- Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сүрау.
- Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
- Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
- Дәптерлерін алмастыру.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабақта «Мекен үстеуі, сын-қимыл үстеуі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, т.б. мекен үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.
Сын-қимыл (бейне) үстеуі.
Сын-қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, т.б. сын-қимыл (бейне) үстеуі де құрамы жағынан негізгі я туынды немесе күрделі түбір бола береді.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 278-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мекен үстеулерін тауып, сұрақ қою арқылы қандай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.
Келесі тапсырма: 279-жаттығу жұмысының шартын түсіндіремін: Берілген мекен үстеулерін кірістіре отырып сөйлем құраңдар.
Келесі тапсырма: 280-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мекен үстеулерін тауып, қалай жасалғанын айтыңдар. сұрақ қою арқылы тіркесіп тұрған сөзін табыңдар.
Келесі тапсырма: 281-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді көшіріп жазып, сын-бейне үстеулерінің астын сызыңдар, олардың қалай жасалғанына назар аударыңдар.
Сабақтың қорытындысы:
- Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
- Үйге тапсырма: 282-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген
сөйлемдерді көшіріп жазып, сын-бейне үстеулерінің астын сызыңдар, тіркескен сөзімен
байланыстырып, оларға сұрақ қойыңдар.
- Сәлемдесу,
- Кезекші мәлімдемесі.
- Журнал бойынша түгелдеу.
- Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сүрау.
- Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
- Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
- Дәптерлерін алмастыру.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабақта «Мекен үстеуі, сын-кимыл үстеуі» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайдап? қайдан? деген сүрақтарға жауап береді. мекн үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, т.б. мекен үстеулері де қүрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді. Сын-қимыл (бейне) үстеуі.
Сын-қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жүмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, т.б. сын-қимыл (бейне) үстеуі де қүрамы жағынан негізгі я туынды немесе күрделі түбір бола береді.
Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 278-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мекен үстеулерін тауып, сүрақ қою арқылы қандай сөзбен тіркесіп түрғанын көрсетіңдер.
Келесі тапсырма: 279-жаттығу жүмысының шартын түсіндіремін: Берілген мекен үстеулерін кірістіре отырып сөйлем қүраңдар.
Келесі тапсырма: 280-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мекен үстеулерін тауып, қалай жасалғанын айтыңдар. сүрақ қою арқылы тіркесіп түрған сөзін табыңдар.
Келесі тапсырма: 281-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді көшіріп жазып, сын-бейне үстеулерінің астын сызыңдар, олардың қалай жасалғанына назар аударыңдар.
Сабақтың қорытындысы:
- Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
- Үйге тапсырма: 282-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Берілген
сөйлемдерді көшіріп жазып, сын-бейне үстеулерінің астын сызыңдар, тіркескен сөзімен
байланыстырып, оларға сұрақ қойыңдар.