Музыкадағы табиғат көрінісі.
Тоқсандық тақырып : Музыка және сурет.
Сабақтың тақырыбы: Музыкадағы табиғат көрінісі.
Мақсаты:
а) білімділік: музыка мен табиғат байланысын ұғындыру.
б) дамытушылық : оқушылардың қабілетін, ой-өрісін бейнелеу өнері пәнімен байланыстыра отырып шығармашылық қабілеттерін ,ойлау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
в) тәрбиелік: балаларға рухани-танымдық тәрбие беру,табғатты қорғауға елін, жерін сүюге,мейірімділікке ,Табиғат –Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу.
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,өлең шумақтар,табиғатқа байланысты бейнетаспадан күйлер тыңдау.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы.
Әдісі: түсіндіру , сұрақ-жауап,пікірлесу,әңгімелесу.
Барысы:
І.Ұйымдастыру: Сабақтың тақырыбын хабарлап,мақсатын түсіндіру.
ІІ.Білу : Ой-қозғау. «Табиғат дегеніміз не?»(саяхат-шолу)
ІІІ.Түсіну : Жаңа сабақ.
1-аялдама
«Табиғат атаулының бар арманы –ауа»
2-аялдама
«Судың да сұрауы бар»
Музыка сауаты:
Темп-екпін
Екпіннің түрлері.
ІV.Қолдану. Табиғатты бейнелеу.
3-аялдама
«Табиғат байлығы өсімдіктер»
Дауыс жаттығулары: С, Д, Е – гаммалар және тұрақты дыбыстар.
4-аялдама
«Ән көңілдің ажары»
Ән : «Сарыжайлау»
Әні: Нұрғиса Тілендиев
Сөзі: Мұқағали Мақатаев
V.Жинақтау
«Табиғат аясында ұйықтап жатқан хайуанаттар» еліне саяхат.
Күтілетін нәтиже:
1.Музыкалық шығарманы талдау,тыңдау,орындаушылыққа үйренеді.
2.Музыка сауатының (ноталық) қарапайым элементтерін меңгеру арқылы оқушылар сабаққа қызығушылығы артады.
3.Табиғатты, қоршаған ортаны аялауға , қорғай білуге үйренеді.
IV.Бағалау.Қорытынды
Үйге тапсырма: Жылдың төрт мезгілін байланыстыра отырып «Табиғат біздің байлығымыз» тақырыбына сурет салып, шығарма жазу.