9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі 9 – мамыр жеңіс күнін мерекелеуге арналған жиынның сценарийі

 

 

9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі


Ұлы Жеңіске – 70 жыл!
9 – мамыр жеңіс күнін мерекелеуге арналған жиынның сценарийі

1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Құрметті ауыл  тұрғындары!
Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған «Еркінқала балалар саз мектебі» ұжымы  ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық» атты мерекелік кешіміз ашық деп жариялаймыз.

2 жүргізуші: 9 мамыр Ұлы Жеңістің 70  жылдық мерекесі құтты болсын!
1 жүргізуші: Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына 70 жыл.

2 жүргізуші:
70  бейбіт көктем таң атқалы.
70 шуақты күн таратты әнін.
70 көктемде содан бері,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.

  1. Сүгірдің күйі « Ыңғайтөк » орындайтын : Саз мектеп ұлт аспап ансамблі
  2. Халық әні « Қара көзім» жеке дауыста Қаратаева Назерке
  3. Гранадус «Испан биі» орындайтын Саз мектеп ұлт аспап оркестрі жетекшісі Ғилаж Ақтөре
  4. Халық әні «Ахау керім» жеке дауыста Орынша
  5. Құсайынов «Мереке» орындайтын Саз мектеп ұлт аспап оркестрі

1 жүргізуші:
Ардагерлер — атамекен айбыны.
Сақтады олар елін — жерін, намысын,
Ақтады олар азаматтық борышын.
Сол үшін де қолтығынан демейік,
Ардагерге, майдангерге
Барлық жерде басымызды иейік.

Қазақ биі орындайтын «Ерке наз» би тобы Жетекшісі Балатуева Жанат

  1. Құрманғазының күйі «Айжан қыз»
  2. Халық күйі «Салкүрең»

Қабидолла «Тыңға аттану»
Сахнада Республикалық облыстық сайыс жүлдегерлері «Жігер» домбырашылар ансамблі.Жетекшісі Машанова Венера


 

2 жүргізуші:

Жазылған жоқ өткен күн жоралары,
Сиреп кетті – ау қарттардың аралары.
Бабам жауға бермеген туған жерді
Қорғайды әлі баламның балалары.

Құрманғазы «Терісқақпай» орындайтын Халықаралық , Республикалық сайыс жүлдегері Қадыр Ерқанат мұғалімі Жүнісов Әділ

1 жүргізуші:
Жаңғыртып ән мен аспан кеңістігін
Халқымыз қуанышта тегіс бүгін.
Жауды жаншып, Отанды азат еткен
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.

  1. Бейбітшілік күйі
  2. «Сылқым қыз» күйі
  3. Соғыс әндерінен попури

Орындайтын: Халықаралық, Республикалық сайыс жүлдегерлері « Сылқым қыз» қыздар домбырашылар ансамблі .Жетекшісі: Өмірзақова Бибігүл

2 жүргізуші:
Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.
Көктем шуақ – Тоғызыншы май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.
«Қазақ биі» орындайтын  Бишілер
2 жүргізуші:
Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы Тоғызыншы май күні
Алмастырған қуанышқа қайғыны.
Өскенбаев «Жеңіс» орындайтын Халықаралық , Республикалық жүлдегерлері Теміров Әнуарбек
2 жүргізуші:
Саған құрмет бейбітшілік сақшысы
Сен тұрғанда қуырылар жау апшысы
Саған миллион жүректердің салюты
Саған сөздің шырайлысы жақсысы.

 

1 жүргізуші:
Батыр ұл есімдері ақталады
Жыр болып жүректерде сақталады.
Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,
Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.
2 жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында жеңістің міне 69 көктемі де келіп жетті. Ешкімде, ешнәрсе де ұмытылмақ емес. Бұл сөз өткенге емес, болашаққа арналған.

 

Сахнада  Еркінқала  селосының ұлт аспаптар оркестрі

 

  1. Құрманғазының күйі «Саранжап»
  2. Тастанов «Би»
  3. Құрманғазының күйі «Балбырауын»
  4. Н.Тілендиев «Ата толғауы»
  5. Құрманғазының күйі «Адай»

Олай болса, Ұлы Жеңістің 70 жылдығында кездесейік.
1 жүргізуші: Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған салтанатты жиынымыз аяқталды.
2 жүргізуші: Ардагерлерге мың тағзым!
1 жүргізуші: Жеңістің туы мәңгі желбіресін!
2 жүргізуші: Жер үстінің шуағы тарқамасын!
1 жүргізуші: Жеңіс тойы мәңгі жасасын! Мерекелік бейбіт күнде кездескенше аман — сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

Еркінқала балалар саз мектебі

 

 

 

 

 

 

Орындағандар:   Еркінқала балалар саз мектеп ұжымы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мамыр

2015жыл