Сын есімнің жасалуы

Шалқар қаласы

Ә.Жангелдин атындағы орта мектебі

Елекбаева Жанат


Сыныбы: 6 а

Сабақтың  тақырыбыСын есімнің жасалуы
МақсатыОқушыларды тапқыр да еңбекқор, ойлы болып өсуге тәрбиелеу; мақал-мәтелдер арқылы адамгершілік қасиеттерге, әдептілікке баулу.

оқушылардың ой-өрісін кеңейту, туынды сын есімдердің жасалу жолдарын анықтай білуге дағдыландыру, тірек сөздер арқылы мәтін жазуға жаттықтыру.

Оқыту нәтижесіТоппен жұмыс жасай алады, сыни ойлауы дамиды, таным қабілеттері дамиды.
Сабақта қолданылатын

әдіс-тәсілдер

 сұрақ- жауап, диалог.  жұптық, топтық жұмыс
Керекті жабдықтарОқулық, жұмыс дәптері, АКТ,
Сабақ барысы:
Сабақ  кезеңдеріМұғалім  әрекетіОқушы әрекеті
Ұйымдастыру бөлімі1.Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару. 2.Психологиялық тренинг . «Мен қандаймын?»  Ойынның шарты: Сыныптағы әр оқушы өзінің аты қандай әріптен басталса, оған сол әріптен басталатын сын есімді қосып айтады. Мысалы : Дастан – дарынды Дастан,

мейрімді Мирас т. б.


3. Топқа бөлу.

Оқушылар психологиялық тренингке қатысады.  Түстер  арқылы 4 топқа бөлінеді.
«Қызығушылық

ты ояту»

ББҮ әдісі

БілемінБілгім келедіҮйрендім
   
Диалогқа түсіп, сұрақтарға жауап беру
Мағынаны тану Әр топқа тақырыпты өз бетінше оқу ұсынылады. Мұғалім жұптасып,топтасып талқылауға бағыт – бағдар береді.

 

Жаңа тақырып  бойынша  түсінгендерін  постерге  салады.

 

Оқулықтағы жаттығуды дәптерге орындату

1-топ. 132-жаттығу.

2-топ. 133-жаттығу

3-топ. 134-жаттығу

4-топ. 135-жаттығу

Ортақ 137-жаттығу

 

Сергіту сәті. «Тізбек» ойыны.

Бір сын есім сөзді бастап айтып беремін. Сол сөздің соңғы дыбыснан басталатын сын есім айтып, осылайша жалғаса береді Мысаслы: Таза — адал — лас — суық т. с. с.

 

1-топ.Жаздыгүн шілде болғанда,

Көгорай шалғын, бәйшешек

Ұзарып, өсіп толғанда;

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда;

2-Топ. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болса, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін, тойғаны ма, тоңғаны ма?

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

3- топ. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды

Үсті – басы ақ қырау, түсі суық

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

4-топ. Мал семірер, ақ пенен ас көбейер

Адамзат көңілі өсіп, көтерілер

Қара тастап басқаның бәрі жадырап,

Бір сараңнан басқаның пейлі енер.

Осы өлеңнің ішінен қандай? Қай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді таптырып тақтаға орындату.

.Танымдық  тапсырма:

Суық, ызғар, ыстық, боран, жаңбырлы, салқын, дымқыл, жылы.

Осы сөздерге байланысты сөйлем құрау.

Әр топ жеке-жеке өз беттерімен жұмыс істейді.

 

 

Топпен  постерді  қорғайды

 

 

 

Оқулықтағы  жаттығуды орындау

Ой-толғаныс

 

ББҮ әдісі (үшінші бағанды толтыру)

Білемін           Білгім келеді          Үйрендім

 

Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бер.

Денсаулық қандай байлық? (зор)

Бір сөзден құралған сын есім … (дара)

Тәтті сөзі заттың несін білдіреді? (дәмін)

Қандай бала арлы бала? (әдепті)

Жақсы – жаман қандай сын есім? (қарсы мәндес сын есім)

Әдемі сөзі қандай сын есім? (дара)

Заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, дәмін білдіретін сөз табы? (Сын есім)

Сын есімнің сұрақтары? (қандай? қай?)

Сын есімдер құрамына қарай қаншаға бөлінеді? (екіге)

Тудың түсі? (көгілдір)

Оқушылар ойы тыңдалады
Үйге тапсырма136 — жаттығу. Ережелерді оқу.Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады.
БағалауТоп басшысының бағалауыТоп басшысы  бағалайды