Заманымыздың заңғар тұлғасы

 

Заманымыздың  заңғар тұлғасы

 


 

Біз қалмасақ, қалмайық — дүние қалсын.

Бізден соң да талайлар күйіп-жансын.

Арман қуып, арды ойлап, алас ұрып,

Аймаласып, айқасып, сүю қалсын!

 

Бәрі қалсын тірліктің, бәрі қалсын,


Барар жерге алдымен кәрі барсын.

Жаратқанның жарлығын екі етпейтін –

Жарық күнді қимаған әні қалсын!- дегендей, қазақ ұлтының дүлдүл ақыны Әбіш Кекілбаевтың туғанына 75 жылдық мерейтойы тойланып,  жалғасын табуда. Атақты жазушы, қоғам қайраткері  Әбіш тойы — бұкіл қалың қазақтың тойы.

 Биылғы жылдың 6 желтоқсанында Әбіш Кекілбаевтың  туғанына 75 жыл толғалы отыр.

Атақты қаламгердің әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі.

Бүгін — әдебиетте аты алтын әріппен жазылған атақты жазушымыздың туған күні.  Әбіш Кекілбаев-   Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылыстарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандырының құрметті азаматы.

 

 

Кекілбаевты біздің қазақ оқушысы, қазақ қоғамы ең алдымен ақын, жазушы ретінде таныды. Кекілбаев толғанса – ро­ман, көсілсе көсемсөз туады. Өндіріп, өнімді жазатын суреткер. Туындылары­ның көрінісі көркемдігімен, кейіпкер бейнелері шежірелі шешендігімен, оқиға­сы тарихи деректілігімен қатар өріліп, астарлы сөз, ой дариясының тұңғиығына шомылдырады.

Жаңа мемлекет тұсында да Әбекең – депутат, Комитет төрағасы, Жоғарғы Кеңес Төрағасы, Мемлекеттік хатшы, Сенат депутаты сияқты лауазымды қызметтерді абыроймен атқарып келеді.

Ақын  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған және Абай атындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. 75 жасты еңсерген жазушы бұл күнде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры.

-Уа, тәкаппар Дүние!

Маған да бір қарашы,

Танисың ба сен мені?!

Мен қазақтың баласы! — деп Қасым Аманжолов жырлағандай, егеменді елу елдің қатарына жетіп, ұжымды ұлт, іргелі мемлекет болған кезімізде қазақты ғалам да танитын болады! Әбішті – Әбіштерімізді танып алып қана мына тәкаппар дүниеге қазақтығымызды танытатын боламыз!

 

 

 

 

 

Дүниені дүбірлеткен дүлділім

Бүкіл дүние не десе де…

Мықтысың!!

Таланттысың,

Талғампазсың,

Тектісің!!!

Дүниені дүбірлеткен дүлдүлім,

Құтты болсын,  75-ші жылдығың!!

 

Таныды олар Қазақтың шын жүйрігін,

Шашасына шаң жұқпас Шалқұйрығын!!

Сондықтан да, атың биік асқақты ,

Берді саған өзінің бас сыйлығын!!

 

Жұртыңа аян – ерекше боп туғаның,

Еңбегі зор – сендей дара тұлғаның!!

Өзісің ғой өрге жүзген дүлдүлдің,

Қанша еңбекпен келіп отыр бұл бір күн

 

 

Солай Әбіш, тек биікке самғадың,

Ел мен жердің тағдырын мың толғадың.

Ұлт мүддесін биік сонау шыңдарда,

Бір қазақтай жаның сала қорғадың.

 

 

Елге қылған жақсылығың жетеді,

Айта берсек – соңы аңыз боп кетеді…

Ақындылық,

Жазушылық қабілетің –

Қос қанатың,

Бір-бірінен өтеді?!

 

Сөз маржанын селдетіп бір жаңбырша,

Еңбегіңді – көрсетіп нар Жандырша,

100-ге жетіп,

Бөлен ұлы даңққа,

Жырдың қызыл жолбарысы Жамбылша!!

 

Жазушылық ұлы жолмен ізгі өнер,

Кітабыңды жүре берсін іздеп ел.

Еңбегіңмен шарлап бүкіл әлемді,

Бүгінгінің Әбіші боп жүзге кел!