Үстеудің емлесі

Сабақтың тақырыбы: Үстеудің емлесі. Сабактың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға үстеу, оның түрлері, үстеудің емлесі жайлы толық
мәлімет бере отырып олардың ой-пікірін қалыптастыру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, үстеудің емлесін берік есте сақтауға дағдыландыру, берілген мысалдар арқылы үстеулерді құрамына енгізіп сөйлемдер құрастыру, ойлау қабілеттерін арттыру.


б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адалдыққа, еңбексүйгіштікке,
сабақта қолданылатын мәтіндер, мысалдар арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Үстеудің емлесі» тақырыбы жайлы түсіндіремін. Тақтаға плакат ілу арқылы үстеудің емлесін түсіндіру. Оқушылардың өзін қатыстыра отырып ауызша мысалдар келтіру.

  1. Негізгі және туынды үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы: ертең,
    кешке, бірге, әрең, талай, төмен, т.б.
  2. Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі сыңарлары қалай
    дыбысталса, солай жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, т.б. сөздер осылайша
    айтылуынша жазылады. Б
    ұлар бұл+күн, бұл+жыл, қыстың+күні сияқты күрделі үстеулердің сыңарлары әрбір тұлғасын сақтап жазылады.
  3. Сөздердің қайталануынан немесе қосарлануынан жасалған күрде-лі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: тез-тез, қолма-қол, т.б.
  4. Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады.
    Мысалы: таң с
    әріде, күні бойы, т.б.

Амалсыздан, қыстыгүні үстеулерін қатыстырып сөйлем құра.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп, қосымша тапсырмалар орындату арқылы алған білімдерін тексеріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын.

 

 

 Алғашқы орындалатын тапсырма: 292-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Сөйлемдерді оқып, үстеулерді табыңдар. Оларды түріне қарай ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 293-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтіндегі үстеулерді өздерінің тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 294-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін:
    М
    әтіндегі үстеулерді тіркескен сөздерімен бірге теріп жазыңдар. Үстеудің қай түрі екенін
    айтыңдар. .