«ИНОВАЦИЯЛЫҚ БАҒДАР ЖӘНЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ »

«ИНОВАЦИЯЛЫҚ  БАҒДАР  ЖӘНЕ  ОҚУШЫЛАРДЫҢ  САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ »

 

Сармурзаева Данагүл Толыбайқызы


№82 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қызылорда облысы

Арал ауданы Қаратерең ауылы

 

 

«Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін -білім» — деп Мұхтар Әуезов айтқандай, Қазақстанның өркениетті әлемге қол созып бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кірігуінің басты тегі-білім екені анық.

Білім –теңіз,  оның тереңіне құпиясын аша  алатындар ғана бойлай алады. Ондай адамдарды дайындайтын, білім беретін бала жанының бағбаны-мұғалім.

Өнер – білім, халқының сауаттылығы қай елдің болсын баға жетпес байлығы. Өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш азамат болып өсуі үшін замана көшінен қалып қоймай, уақыт талабына сай ертеңгі өмірдің тұтқасы мен тірегі болар жас ұрпақты білімді де, білікті етіп тәрбиелеу, әрбір ұстаздың міндеті.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде  «Еліміздің ертеңі — бүгінгі жас ұрпақтың қолында,  ал жас ұрпақтың тағдыры —  ұстаздың  қолында » деп  ұстазға қойылар талаптың  ерекше екендігін атап көрсетті. Ендеше,  ұстаздардың алдында   өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашағына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын  білімді де сауатты жеткіншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.

Мектеп атты шаңырақтың, бағбаны ұстаздан білім алатын әр жас шыбық білім нәріне иіліп, тұрмыстың тұңғиық теңізін қалың қайратпен кеше алатын адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі болып қалыптасуы керек.

Ұлы педагог К. Ушинский  «Мұғалім  — өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал ізденуді тоқтатқанда оның ұстаздақ еңбегінің жемісі болмайды»  деп, , жалықпай ізденіп, үнемі білімін көтеріп жүрген еңбекқор мұғалімдер  ғана сапалы білім мен саналы тәрбие бере алатынын атап көрсеткен.  Осы орайда, мұғалімдер заман көшінен қалмай жалықпай ізденіп, жаңалықтың жаршысы болуға ұмтылуы керек.

Еліміздің рухани көсемі А.Байтұрсынов «Мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өздеріне сүйеніш қолғабыс ету әрбір маманнның жадында болуы тиіс» — деген болатын.

Білім беру жүйесі- қызығы мен  қиындығы мол қүрделі сала. Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру тәрбиелеу –әрбір ұстаздың оқу-тәрбие үрдісіндегі басты міндеті. Кейбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрін пайдаланса, кейбіреулері жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін қолданады. Қандай әдісті пайдаланса да мақсат – бағдарламадаға материалдың мазмұнын шәкірт бойына сіңіру.

Бүгінгі таңда жан-жақты талантты, білімді, дарынды адамын қалыптастыру бағытында  білім беру  күн талабы.

Осы орайда кез-келген технологиямен жұмыс жүргізгенде сол жаңашылдық әдісті пән мұғалімі өзі жақсы меңгере білуі тиіс.

Жалпы «Инновация»  ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық, жаңашылдық, жаңалық енгізу, өзгеріс» деген ұғымды білдіреді. Оқу құрал  және процесс ретінде әлдебір  жаңалықты ендіру деген сөз.

Яғни, инновациялық әдістердің нәтижесі теория мен тәжірибенің тоғысуында пайда болатын жаңалықтарды қолданысқа енгізу.

«Жас баланың миы, ақ парақ  тәрізді оған не жазсаң, сол болады» — деп ұлы ақынымыз М.Жұмабаев айтқандай, баланы қалай тәрбиелеймін, қалай білім беремін десең де өз еркің. Бала тату отбасында, жанашыр жандардың аялы алақанында сүйіспеншілікпен ер жетуі керек.  Нәтижесінде бала мейірімді, төзімді, сыпайы, көргенді кез келген жағдайдан жол таба білетін, елінің ертеңгі сенімін ақтар азамат болары сөзсіз, сонымен қатар, қазіргі заман талабына сай жаңа инновациялық технология әдісімен білім алса, «көзі ашық, көкірегі ояу» азамат болары анық.

Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бастауыш сынып оқушыларын оқытуға ерекше мән берген.Онда бастауыш мектепте қажетті біліктер мен дағдыларды игеруге оқу, жазу, санау,шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытатындай оқу әрекетін ұйымдастыру атап көрсетілген. Қазіргі таңда мұғалім оқушыға алдын-ала бәрін өзі дайындап бермеуі тиіс,оқушы өзі ізденуі   қажет. Ал мұғалім оқушының оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы ,оған басшылық жасауы қажет.

«Тәуелсіз ел-тірегі-білімді ұрпақ» десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселелердің бірі — білім беру, ғылымды дамыту, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Көптеген технологиялар арасында оқушылардың оқу белсенділігін қалыптастыруға аса қолайлы технология –сын тұрғысынан ойлау жобасы.

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы:

—Біріншіден, өзіндік және жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сын тұрғысынан ойлау болса, әркім ойлары мен пікірлерін тәуелсіз құрайтын болады.

—Екіншіден, сұрақтар қойылып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.

—Үшіншіден, көңілге қонымды дәлелге ұмтылады, мәселені шешудің жолын іздеп табады.

Қазақстанның болашағы өзіміз оқытып отырған оқушыларымыздың қолында. Пейіліміздің мәртебесі-еліміздің мәртебесі. Сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу – қазақ  тілі мұғалімдерінің негізгі міндеті.  Осыны негізге ала отырып,  жалпы орта білім беретін мектептердің жаратылыстану- математика бағыты бойынша 1-4 сыныптарға қазақ тілі пәнінен  факультатив курс  бағдарламасы жасалып, қазіргі таңда әр пән мұғалімі бағдарламаға сай жұмыстар жүргізуде.  Осыған байланысты өзім сабақ  беретін  қазақ тілінен қолданбалы курсын оқытуға  1-3 сыныптарға  бағдарлама жасадым. Бағдарламаның негізгі мақсат-міндеттері  оқушылардың   сауатты жаза білуін қалыптастыру, танымдық дүниесін молайту, шығармашылықпен өз бетінше жұмыс жасай білуге баулу. Міне,осы мақсатты әрдайым басшылыққа алып отырамын.

«Қалауын тапса, қар жанады» -дейді халық, «Ісің оңға бассын десең, ретін тап» — дейді Абай.  «Әдісті дұрыс таңдай білген талантты орташа адам таңғажайып табысқа жетеді, әрекетіне әдісі сай келмесе, данышпанның да төккен тері зая кетеді» -дейді академик  Павлов.  Бұл айтылған даналық сөздерден шығатын педагогикалық жұмыстың оң нәтиже беруі көбінесе қолданылытын әдістерге, технологияларға байланысты екені рас.

Қазақ тілінен факультатив курс бағдарламасы бойынша сауатты жазу дағдысы

1-сыныпта басталады.Оқушылар алғашқыда сұраққа дайын сөздермен жауап берсе, кейін сұрақта жоқ сөздерді қосуға төселеді. Сонымен қатар сабақта оқушылардың ынтасын, қызығушылығын артыру мақсатында ойын әлементтерін пайдаланудың мәні зор. Мысалы: «Қай әріпті жоғалттым?», «Қай буынды жоғалттым?», «Бос торды толтыру», «Бұл қалай өзгерген?»  ойындарын қолдандым.   Сауаттылыққа баулудың тағы бір жолы — тақтаға, дәптерге көбірек сөйлемдер жазғызу. Себебі өздері жазған сөйлемнен кеткен қателерін өздері табады.

Мысалы, дәптермен жұмыс жүргізерде:

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық ,-

деп оқушыларды әдемі етіп жазуға  әркез баулып отырамын

2 -3-сыныптан бастап жоспар арқылы жазуға төселеді. Кейбір оқушылар ойын жазбаша жеткізуге қиналады. Ал,кейбіреулері ойын ашық жазбаша еркін жеткізгенді ұнатады. Осыны негізгн ала отырып, тірек сөздерді пайдалана отырып жазуға төселдіріп, шығармашылықпен жұмыс жасай алатындай, ізденпаздыққа жол аштым. .

Мақсатым: оқушылардың жазба тілінің дамуына, сауаттылығын арттыруға  ықпал ету.  Егер дәстүрлі оқыту баланы жаттауға,есте сақтауға үйретсе, ал  сын тұрғысынан ойлау  баланың дербес жұмыс жасауына, алған білімін өмірде пайдалануға үйретеді. Жазу нақтылыққа баулиды. Жазу ойды жүйелейді.

Адамның қабілет ерекшелігіне,психологиялық жағдайына жазу тікелей байланысты. Жазуға қызықтыру маңызды. Дәстүрлі жазба жұмыстарында оқушы ойын нормадағы сөз санына сыйғызады.Еркін ойын жазу шектеледі. Мәтінге өз ойын қосқанмен ,дәлелдеуге дәрменсіздеу. Сөздік қорындағы сөздерді пайдалану жолдарын біле бермейді. Өз-өзіне сене алмады .Кейбір қиындық заман талабына туындайды. Орта балаға әсер етті. Жаңашылдық көп өзгерістерге толы болды.  Сауаттылыққа талап күшейді. Ой әсемдігін мәнерлі сөзбен жеткізу көзделді. Оқушы өзі қызыққан дүние туралы жазды. Баланы жазуға машықтандыру жағдайы жазуды талап ететін өмірмен салыстырды.

Сауатты әрі каллиграфиялық дұрыс жазуда көрнекіліктің алатын орны  да ерекше. Сондықтан әрбір сабақтың тақырыбына сай әріп, сөз,сөйлем жазылған таблица,суретті карточка,сюжетті суреттер, дидактикалық материалдарды пайдалануға көңіл бөлемін.Оқушыларды сауатты жазуға үйретуде сөздік жұмыс жүргізудің де маңызы зор. Мысалы: дана-данышпан,ақылды,білімді т.с.с. қару-жарақ-мылтық,найза,қылыш т.б.

Мәнерлеп оқу — сауатты жазудың негізі. Дұрыс оқыған бала ғана дұрыс жаза алады.Оқушыларды қатесіз жазуға дағдыландыру үшін көшіріп жазуға көп көңіл бөлу керек  немесе сөйлемде қалдырып кеткен сөздерді дұрыс тауып,оны орнына қойып,үйлестіріп жазу,берілген сөздерден сөйлем құрап жазу,сұрақтарға толық жауап жазу сауатылыққа көмегін тигізіп отырады.

Күнделікті сабақта белгіленген мақсатқа жетуге ұстаз бен оқушының өзара ынтымақтастығы негізінде жүзеге асатын үрдіс.  Бұл орайда « Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясын қолданған сабақ өз нәтижесін береді деп ойлаймын.

Бұндағы оқушы әрекеті : Өз ойын еркін жазады, өзгені тыңдай біледі  және көмектеседі, бірлесе әрекет жасайды, өз әрекетін талдай алады. өз мақсатын анықтайды және сауатты, көркем жазу дағдысы қалыптасады.

Осы мақсатты негізге ала отырып және де  тірек сөздерді орынды пайдалану  сонымен қатар оқушылардың сауатты, мәнерлі жазуларын жетілдіру мақсатында

3а сыныбындағы  «Тірек сөздермен мәтін жазу»  тақырыбындағы өткізген сабағымды ұсынамын.