Тірек сөздермен мәтін жазу

 

 

 


Сабақтың тақырыбы:     Тірек сөздермен мәтін жазу

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:  Оқушыларды логикалық мағынасын бұзбай тірек сөздер арқылы мәтін құрастыруға, мазмұнына лайық ат қоюға үйрету және дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешім қабылдай білулерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық:   Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын,сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға баулу.

3.Тәрбиелік:    Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденпаздыққа, шығармашылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке, сауаттылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың типі:   Жаңа материалды игерту

Сабақтың түрі:   Аралас сабақ


Сабақтың әдіс-тәсілі:   Сұрақ-жауап, ізденушілік, ой қозғау,топтық жұмыс, көрнекілік

Сабақтың көрнекілігі: Қоржынға салынған сөздер, парақшалар, Ту, Елтаңба, Елбасының суреті, қанатты сөздер т.б.

Пән аралық байланыс:   Ана тілі, Бейнелеу өнері, Дүниетану.

Сабақтың барысы:      I.  Ұйымдастыру кезеңі

Кезекші арқылы сынып оқушыларын түгендеу

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінген.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, құрал -жабдықтарын түгендеу.

Психологиялық дайындық кезеңі

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім

Қастерлейді ұл — қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім!

— Міне, балалар,  кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі — туған тіліміз,  қазақ тілі сабағы. Ана тілін білмейінше, өзге тілді түсіну мүмкін емес. Жүсіпбек  Аймауытов атамыз айтқандай, «Сауатты жаза білу үшін, дұрыс сөйлеу үшін — қазақ тілінің үйрететін мәселелерін зер салып меңгеруіміз керек».

  1. Үй тапсырмасы
  2. Өткенді пысықтау

-Балалар, біз үй тапсырмасы бойынша бұрынғы алған білімдерімізді көрсетеміз, дамытамыз, толықтырамыз. Сауаттылықтары артты.

1 топ: «Сөз ойла, тез ойла». ( 1 сөзден бірнеше сөз ойлап табу) Жапырақ

2 топ: «Сөз құра» (а,н,ш,я;     я,т.қ,и,а;   у,о,б,я)

3топ:  Қарсы мағыналы сөзді ойла  (ыстық – қою – келді – бұлтты – жапты — ұзын)

4 топ: Сөздерден сөйлем құрап жаз (тамаша, жауқазын, жаңбыр)

«Менен сұрақ, сенен жауап»

  1. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  2. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Ата.
  3. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Ата.
  4. Қазақ тілі сабағында нені оқимыз? (дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем, мәтін оқимыз)
  5. Мәтін дегеніміз не?

Мәтін туралы білетіндерін айтқыза отырып, үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабақ:

  1. Қызығушылығын ояту. ( баланың пәнге деген қызығушылығы артты. )

Балалар, 1 – желтоқсан қандай күн?

(Тұңғыш Президент күніне байланыста мектепте өткізілетін іс-шараларды айта келе), Балалар  3 сынып оқушыларына Елбасымыз қоржын жіберіпті. Оның ішінде не бар екен, қанекей бір бірлеп алып қарайықшы. (сөз шығады, оны бала оқиды, тақтаға жапсырады).

— Бұл сөздер тірек сөздер екен.

-Ендеше, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Тірек сөздермен мәтін жазу». —-                     -Балалар сөздерге қарап, ойланыңдаршы, ойларыңа не келеді? (балалар пікірін айтты)

Балалар, бәріңнің де айтқандарың орынды, ендеше «Менің Отаным – Қазақстан» деп тақырып қойсақ, келісесіңдер ме?

  1. Мағынаны тану. . (танымдық іс-әрекеті артып, өзіндік көзқарасы қалыптасты, шығармашылықпен жұмыс жасауға қабілеттері дамыды)
  2. Әр топ өздерінің қоржыннан алған тірек сөздері арқылы мәтін жазады.
  3. «Мақал — сөздің мәйегі» «Кім көп біледі?» (Топ бойынша Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айту) ( баланың дербестігі, өзіне сенімділігі артты)
  4. 3. «Суреттер сөйлейді» ( бала топпен бірлесе жұмыс жасады) Мына тірек сөздерге сөз тіркесін жаса.

Ауыл, Астана, Табиғат, Мектеп  (плакатқа сурет салады) (Ұжымдық  қарым-қатынас қалыптасты)

  1. 4. «Поэзия минуты» (тақпақтар) (бірін-бірі тыңдап сыйлай білді)
  2. «Көркем, сауатты жаза білейік!» Тірек сөздерден сөздік диктант алу. (жауапкершілікпен орындады. )
  3. Ой толғаныс.

— Мына тірек сөздер арқылы өз ойларын аяқтау.

«Егер мен…….болсам……»

Әкім, Президент, Батыр, Чемпион

         (Өз пікірлерін толық жеткізуге төселді )

(Оқушылардан өзім күтпеген нәтижелер байқадым)

  1. Қорытынды

— Елбасымыздың  қоржынға салып жіберген тірек сөздерін пайдаланып, көптеген тапсырмаларды орындап,  бір — біріміздің пікірлерімізді тыңдадық. Біз Президентіміз жіберген тапсырманы бұлжытпай орындадық қой, солай емес пе? Бұл деген  Отанға, Елбасыға деген құрметіміз. Сендер, Отанымыздың болашағысыңдар, сондықтан «Жас ұландар жыры»  әнімен сабағымызды аяқтайық.

—Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің қандай?

Балалардың жауабы: Өз ойымызды еркін жазуды  .Өзгені тыңдай білдік және көмектестік.Бірлесе әрекет жасауды.Өз әрекетімізді талдауды.

Тірек сөздерді орынды пайдалануды.  Ойымызды ашық жазуды, бірін-бірін сыйлап тыңдай білуді.

  1. Бағалау: Жарайсыңдар, балалар, бәріңде бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.

6 . Үйге тапсырма.

            Мінекей, СТО бағдарламасының стратегияларымен сабақ жүргізу барысында мынандай  нәтижелерге жетуге болатынын түсіндім

  1. Оқушылардың белсенділіктері артты.
  2. Жазу дағдысы қалыптасты.
  3. Грамматикалық ережелерді түсінді.
  4. Сауаттылығы артты.
  5. Жауапкершілікті түсінді.
  6. Ұжымдық қарым-қатынас орнады.

Қазіргі заман талабына сай бастауыш сынып мұғалімнің басты міндеті- оқушыны әдемі жазуға,әрі сауатты жазуға, мәнерлі оқуға үйрету. Үнемі  оқушылардың көркем, сауатты жазуларын қадағалап, ескертетін жағдайлар:

         1)  Әріптерді дұрыс жазу және жеке әріптерді өзара құрастырып жазуын қадағалау

2)  Әріп элементтерінің дұрыс жазылуын қадағалау.

         3)  Балалардың жазу жұмысын өте ұқыпты,мұқият қарауға жаттықтыру.

4) Мәнерлі, сөздерді қатесіз оқуына көңіл бөлу, бұнда сауатты оқыған оқушы сауатты жаза біледі деген сөз.

Осындай ережелерді күнделікті сабақта қолданып,оқушының жазу сауаттылығына үнемі мән беру, оқушының жауапкершілігін арттырары сөзсіз.

« Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» айтар болсам, қазіргі таңда ұстаздар алдындағы міндетіміз-жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу,мектептен шыққан шәкіртті өмірге даярланған азамат,жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

«Адам ұрпағымен мың  жасайды»  дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығы арқасында адамзат баласы мың ғана емес,миллллллиондаған жылдар бойы жасап келеді.

Қатесіз жазуға, мәнерлеп оқуға дұрыс сөйлеуге жаттықтыру-сауаттылыққа үйретеді. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету-әр мұғалімнің шығармашылық  ізденісіне  мұғалімнің жаңа ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім алу үрдісіне әсер етіп, оқушыларды өз бетінше білім алуға дағдыландыруға байланысты.  Әдемі  әрі сауатты жазуға үйрету қазіргі заман талабына сай  әр мұғалімнің жаңашылдыққа бейімділігімен ерекшеленеді деп ойлаймын.

Иә, жүйелі жұмыс қашада жемісін бермек, «Мектептің тірегі де, тілегі де оқыта білетін мұғалім» деп А.Байтұрсынов айтқандай оқытудың озық технологиясын меңгермейінше жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру тиімсіз. Сонымен қатар өзім сабақ беретін сыныптарда СТО стратегияларының әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану арқасында қызығушылықтан бастап, мақсат қойып, сұрақ беріп, жауап алуға сонымен қатар сауатты жаза білуге жағдай туғызып отырамын, .

«Қыран түлігіне қайырылмас қанат сыйлайды, ұстаз түлегіне  алға бастар талап сыйлайды» дейді  дана халқымыз.

«Ұлт данышпандары арқылы ұлы мақсаттарға жетеді» деген сөзбен ойымды қорытындылай келе, болашақ данышпан тәрбиелейтін, дарындардың талантын ашатын және  әрбір сабақтың идеялдық ғылыми жағына терең үңіліп, оның өзіндік ерекшелігін жан -жақты аша білетін, әрбір сабақта оқушының жазу мәнерінің әдемілігін, көркем,сауаттылығын арттыруды алға қойған мақсатым деп білемін.

Қазақтың ғұлама ақыны Абай атамыздың:

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға» — деген өлең жолдарын жадымызға  әркез ұстап, мектеп аясында  бала бойына білім нәрін сіңіруде жалықпай ізденуді, жаңа инновациялық технология әдістерін  тиімді қолданып,  келешек ұрпақтың  сауатсыз болмауын, жазу дағдысын, көркем үлгі деңгейіне дейін көтеруге ат салысайық,  дегім келеді.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

«Бастауыш мектеп» журналы.        №5.  2005жыл.

«Бастауыш мектеп» журналы.        №3.   2005 жыл.

«Бастауыш білім»  журналы            № 6.   2010 жыл.

«Бастауыш сынып оқыту» журналы      №6    2010 жыл.

«Дауыс және көрініс» журналы.      №3.   2007 жыл.

«Дауыс және көрініс» журналы.      №2.   2008 жыл.

«Қазақ тілі мен әдебиет пәнін оқытудың инновациялық жолдары»

Қызылорда -2013жыл.