Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері
Сабақтың тақырыбы: Тіктөртбұрыш, ромб, квадрат және олардың қасиеттері
- Мақсаты: оқушылар бұл тақырып бойынша тіктөртбұрыштың, ромбының, квадраттың анықтамаларын және олардың қасиеттерін білетін боласыңдар, олардың ортақ қасиеттерін және айырмашылығын, сондай –ақ бұл фигуралардың қасиеттерін қолдануға үйрену.
- Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрлері:
- Үй тапсырма (5мин)
- Топқа бөлу . тіктөртбұрыш, ромб, квадрат 3топ (3мин)
- «Дана үкі» ( сын тұрғысынан ойлауға дамыту жұмысы) ( 15мин)
- Есептер шығару (оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер) ( 10мин)
- Тренинг (4 мин)
- жұптық, топтық бағалау. ( 4мин)
- мұғалім қорытындысы, жиынтық бағалау, үй тапсырмасын беру (4мин)
- Сабақтың нәтижесі:
- тіктөртбұрыш, ромб, квадраттардың анықтамасы біледі (барлығы)
- тіктөртбұрыш, ромб, квадраттар туралы есепті емін еркін шығарады.
- сыни ойлауға арналған тапсырмаларды орындайды (кейбіреулері)
- Өзіне оқыту үшін бағалау кіретін бағалау. Жұптардың өзара бағалауы, топтық қатыстыру, көпіршелер көмегі
Кезең | Мұғалім іс-әрекеті (Негізгі сұрақтар түрінде) | Оқушылар іс -әрекеті (негізгі тапсырмалар түрінде) | әдіс – тәсілдер | Бағалау | Уақыты |
1 | Үй жұмысы (сұрақ жауап) | Өрмекші әдісі | Жіңішке, Жуан | Бірін — бірі | 5мин |
2 | Топқа бөлу 3топ (тіктөртбұрыш, ромб, квадрат) | Оқушылар өз топтарына барып отырады | Топқа бөлу | 3мин | |
3 | Дана үкі стратегиясы. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету | 1 топ (тіктөртбұрышты түсіндіру флипчарқа салу ) 2топ ( квадратты түсіндіру флипчартқа салу ) 3 топ (ромбты түсіндіру флипчартқа салу) | Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету | Топтық бағалау | 15мин |
4 | Тренинг Оқу және оқудағы жаңа тәсілдер | Оқушылар өз ойларын жинақтайды. /карусел/
| Тренинг | 4мин | |
5 | Оқулықпен жұмыс | №29,41,52 | Топтық бағалау | 10мин | |
6 | Оқушылардың топтық жұмыстарын жинақтап қорытынды сөйлеу | өз ойларын айту, түсінгендерін талқылау. Үй тапсырмасы:№29қ,42 сұрақ құрастырып келу | Суммативті бағалау | 8 мин |
Анықтама: Барлық бұрыштары тік болатын параллелограмды тіктөртбұрыш дейміз.
5- теорема: Тіктөртбұрыштың диагоналдары тең болады.
6- теорема: Егер параллелограмның диагоналдары тең болса, онда ол тіктөртбұрыш болады.
Анықтама: Барлық қабырғалары тең параллелограмм ромб деп аталады.
7-теорема: Ромбының диагональдары өзара перпендикуляр және олар бұрыштардың биссектрисалары болып табылады.
8-теорема: Егер параллелограмның диагоналдары перпендикуляр болса, онда ол ромб болады.
№29
Бер: АВСД Тіктөртбұрыш шешуі:
АВ – 8,5 см P = 2a + 2b
ВС – 4,5 см P = 2(8.5 + 4.5) = 26 см
т/к: P-? Ж: 26см
№41
Бер: АДСВ – ромб шешуі:
АД – 6,5 дм P = 4*a
Т/к: P-? P= 4*6.5 = 26дм Ж: 26дм
№52
Бер: АВСД — квадрат шешуі:
АВ – 7,5 см P = 4*a
Т/к: P-? P =4*7,5 = 30 см Ж; 30см