Диктант жұмысы «Бірлік».

Сабақтың тақырыбы: Диктант жұмысы

«Бірлік». Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі
сауаттылыққа баулу мақсатында мазмұндама жүргізу.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жүмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: мазмұндамалар жинағы.


Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:

а) ¥йымдастыру кезеці.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.


ә)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабакта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында мазмүндама жүмысын жүргіземін.

Оқушыларға мазмүндама жүмысына арналған дәптерлерін таратып шығамын да, мазмүндама жү_мысының такырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мәтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мәтін мазмүнын мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 181 сөзден түрады. Содан кейін мәтін негізінде жоспар түзулерін тапсырамын. Осы жоспар негізінде оқушылар мазмүндама жұмысын жазады. Бірлік.

Ауыл маңындағы қүм төбешік бейне қүрылыс алаңы секілді. Бір топ бала жұмсақ, майда қүмнан үйшік қалап жатыр. Самат пен Арман кішкентай машиналарымен тал шыбық тасып жүр. Аспандағы алтын күн де бүларға қызыққандай, арайлы сәулесін аямай төгіп тұр. Осы кезде жайылып жүрген төрт-бес бүзаудың ішіндегі ала қасқа біреуі төбешікке тіке тартты. Басын түқыртып, кәдімгідей айбат шегеді. Сүзетін түрі бар. Балалар ойыншықтарын тастай салып, жан-жаққа бытырай қашты. Бұзау ойыншық үйлерді иіскелеп тұрды да, быт-шытын шығарып тастап кетті.

Келесі күн де Мүраттар қу_м төбешіктің басына жиналып, қираған ойыншық үйлерді қайта салуға кірісті. Сүзеген бүзаудың келгенін байқамай қалды. Бірақ бүл жолы бірде-бір бала қашпады. Қайта қолдарындағы қүмды шашып, барлығы қарсы түрды. Енді сүзеген бұзаудың есі шықты. Тоқтай қалды да, таңырқай басын шайкады. Сонан соң өз жөніне кете барды. Мұрат табалдырықтан аттай беріп:

-Ата, біз бүгін бүзақы бүзауды қуып жібердік,—деді, тершіген танауын сипалап.

—Кім біледі, бүзақы бұзау ертең тағы келер…

—Келсе, келе берсін! Енді одан мүлде қорықпаймыз.

—Міне, қарағым, үқтың ғой. Бірліктен, достықтан асар күш жоқ!

Алпысбай қарт та немерелерімен бірге қуанды. Балалардың көңілдері көтеріңкі. Құм қалашық сән түзеп, думанға бөленген.

Міне, осылайша мәтінді окып болған соң осы мәтін негізінде жоспар түзуін тапсырамын. Жоспар төмендегіше:

  1. Қүм үйшік.
  2. Сүзеген бұзау.
  3. Қайта салынған үйлер.
  4. Қарсьшық көрсету.
  5. Бірлік күші.
    Сабақтың қорытындысы:

 

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Мазмүндама жүмысына арналған дәптерлерін жинап аламын.
  3. Үйге тапсырма: «Сынып бірлігі» тақырыбында шығарма жазып келу.

Тексердім: