«Қыс қызықтары»


Тақырыбы: «Қыс қызықтары»
Мақсаты: балалармен бірге қысқы ойын – сауық атауларын бекіту; қимыл – қозғалыстарын дамыту, тәрбиешінің дабылы бойынша дұрыс қимылдай білу; ойын – сауықтарға қатысуға деген ынта – ықыласын, қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі: шана,таяқтар, жалаушалар.
Ойын — сауық барысы:
Жүргізуші: Сәлеметсіздер ме балалар!
Аппақ көше бар дала,
Аппақ ой мен қыраттар.
Ақ шатырлы қар дала,
Ақ жамылып тұр бақтар.
Тәрбиеші:-мына өлең олдары нені суреттейді?

Балалар. –қысты.

Тәрбиеші:-Міне балалар, аппақ қыста келді.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің белгілерін білеміз бе?
Балалар: Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Тәрбиеші: Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
( Балалар қолдарын жоғары көтеріп, гуілдейді)
Тәрбиеші: Қатты аяз болып, тоңғанда не істейміз?
(Қолдарын қусырап, аяқтарын топырлатады)
Тәрбиеші: Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
(Алақай, деп қолдарын көтереді)
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Енді қыс айларын атайықшы
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші:

*Желтоқсан — жылдың аяғы, қыстың басы ол, суық, ызғарлы.
* Қаңтар — жыл басы, қыстың ортасы, ол ең қарлы ай, бұл айда қатты суық, үскірік аяз болады.
*Ақпан — жел мен боранның айы. Бұл айда ең ауыр, әрі суық, дүлей боранды.
Тәрбиеші: Балалар, біз тоңбас үшін үстімізге қандай киімдер киеміз?
Қане, іс — қимылмен көрсетейікші (Балалар іс — қимылмен көрсетеді)
Балалар: Бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз!

Тәрбиеші: Қандай ойындар ойнайсыңдар?
Балалар: Қар лақтырып, аққала жасап, шанамен сырғанақ тебеміз.
Тәрбиеші: Балалар, қыста ауа таза болады. Сондықтан да сендер ауырмау үшін, денсаулықтарың мықты болу үшін таза ауада ойнауларың керек. Ойын арқылы денелерің шынығады.

Олай болса, топты екіге бөлейік.

1 топ «аққала» командасы

2-топ «қарқала» командасы

1 ойын: «Мәреге дейін жет»

Шарты: белгілінген мәреге дейін жету,орнына  қайтып келіп,жалаушаны келесі балаға беру.

2 ойын: «Сақинадан ұлпақарды өткіз»

Шарты: берілген сақинадан ұлпақарды өткізу,дәлдікке, мергендікке баулу.

3-ойын: «Қораздар шайқасы»

Шарты: бұл ойын үшін алдымен үлкен етіп шеңбер сызылады.Қарсыластар бір аяқтап секіріп жүріп,бір-бірінің иығынан қағып,шеңберден шығару керек,аяғы жерге тиген бала жеңіледі.

4 ойын: «Жұмбақ шешу»

А)Қолы жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады?

Ол не?                                (аяз)

 

Б)Өзі сондай аппақ,

Жердің бәрін жаппақ.

Ол не?                               (қар)

 

5 ойын: «Шанамен сырғанау»

Шарты:берілген мәреге дейін шанамен сырғанау.Шапшаңдыққа баулу.

 

Ойын жаттығулар арқылы (қимылмен көрсету)

Тоңса біздің денеміз,

Тонды киіп аламыз.

Зу – зу – зу,

Шанамен зулаймыз.

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз.

Сарт – сарт – сарт,

Қолымызды соғамыз

 

Қимылды ойын: «Қар жинау» ойыны.
Ойын шарты: Қар ерімей тұрып, шелекке тез жинау.

 

Балалар сендерге қыс мезгілі ұнай ма?
Қыс мезгілінің ұнайтын және ұнамайтын жақтарын атаңдаршы?
Балалар: ұнайтын жағы: Жаңа жыл келеді, шаңғы, коньки тебеміз, шанамен сырғанаймыз, қар жауады, қар лақтырып ойнаймыз, аққала жасаймыз.
Ұнамайтын жағы: қатты аяз болады, суық жел тұрады, боран соғады.
Қортынды:

Шынығамыз бәріміз,
Иіліп, бүгіліп, денеміз.
Хоккейді де ойнаймыз,
Шаңғыны да тебеміз.
Әрлі — берлі жол салып,
Қар лақтырып, ойнаймыз.
Қорықпаймыз аяздан
Спортшы болмай қоймаймыз.

Топтарды мадақтау.