Еліктеу сөздер туралы түсінік.

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздер туралы түсінік.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға еліктеу сөздер, еліктеу сөздердің құрамдық түрлері, еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру;

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру, танымдылығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту;

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:                                                                                         ,.

а)  Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Еліктеу сөздер туралы түсінік» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Өмір — күрделі құбылыс. Оның күрделілігі сол — таңымыз атқаннан күніміз батқанға дейін қаншама іс-әрекеттердің куәсі боламыз, өзіміз сол іс-әрекеттерді орындаушымыз.

  1. Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін ұнтаспадан тыңдату, құстардың дыбысын, қимылын
    елестету арқылы жеткізу. Біз көзбен көру, құлақпен есту арқылы осындай күрделі
    қ
    ұбылыстарды анықтаймыз.
  2. Дыбыстық еліктеуішті ұқтыру үшін түрлі тәжірибелер көрсету.

1)  Сіріңке жағып, стақандағы суға батырамын. Сұрақ. — От қайтіп сөнді?

  • От быж етіп сөнді.
  • Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар?
  • Құлағымызбен естідік.

2) Сағат аламын да, стол үстіне қоямын.

  • Сағат қалай жүріп тұр?
  • Сағат тық-тық етіп жүріп тұр.

3)  Барабан соғу.

  • Барабан қайтті?
  • Барабан дүңк-дүңк етті.

4) Ысқырықпен ысқыру.

  • Ысқырық қайтті?
  • Ысқырық шыр ете қалды.

5)  Шар үріп, атып қалу.

  • Шар қалай атылды?
  • Шар тарс етті.

Сұрақ. а) Өздерің жаңа көрген нәрселеріңе байланысты, жазған сөйлемдеріңе байланысты не ұқтыңдар?

ә) Дыбыстарды қай сезім мүшемізбен қабылдадық?

(Дыбыстық еліктеуіш ережесін шығару, оқулықпен салыстыру.)

Дыбыстық еліктеуішті бекіту үшін тақтаға 2 сөйлем жазу, талдату.

Алыстағы ауылдан ит үрді. Малшының үлкен төбеті арс-арс етгі.

6) Бейнелеуішті таныту үшін тәжірибе көрсетіледі.

  1. Оқушының атын атап өзіме қарату. — Қайсар қалай қарады?

— Қайсар жалт қарады.

  1. Фонар жағып сөндіру.
  • Шам қайтті?
  • Шам жарқ ете қалды.
  1. Мұғалім жүріп келе жатып кенет тоқтау.
  • Мұғалім қалай тоқтады?
  • Мұғалім кілт тоқтады?

7)  Сұрақ. — Сендер біраз нәрсе көрдіңдер, біраз сөйлем жаздыңдар. Осыдан не ұқтыңдар?
Осыдан қимылды естідік пе, көрдік пе?

(Ереже шығарып, окулықпен салыстыру.)

Тақтаға сөйлем жазу, талдау.

Марат мені ұстай алды.     Марат мені шап берді.

Сонымен, айналадағы (табиғаттағы) әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады. Мысалы: тырс еті, шорт сынды, дүңк етті, арбаң-арбаң, сарт-сұрт, ыржың-ыржың, т.б.

Мысалдардан көрінгендей, еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарынан есту арқылы және түрлі қимылдарына еліктеуден туған. Мысалы: сарт етті, гүрс етті, қорс етті, т.б. дыбысқа еліктеуді білдірсе, жылт етті, қалт-құлт, далаң-дүлаң, т.б. әр түрлі қимыл, іс-әрекетке, құбылысқа еліктеуді білдіреді. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады. Екіншіден, еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен (негізінен ет) тіркесіп немесе қайталанып, қосарланып келіп қолданылады.

Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікгі өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе көзбен байқайды екенбіз. Тіліміздегі кейбір дыбыстарды, дауыстарды көзбен көріп бейнелеп, екінші бір сан алуан сөздерді қүлақпен есту арқылы анықтаймыз. Сонымен еліктеу сөздер мағынасына қарай неше түрге бөлінеді екен?.

. Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 297-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.

Келесі тапсырм: Абай өлеңдерінен берілген үзінділерден : 298- жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:

Келесі тапсырма: Еліктеу сөздердің осы үзінділерінде ойды көркемдеп, әсерлеп, әсемдеп, образды түрде берудегі мәнін нақты мысалдармен талдап түсіндіріңдер.

Жаттығу жұмыстарын орындап болған соң, қосымша тапсырма беремін.

Бекіту сұрақтары. 1. Желдің қатты соғуынан қандай дыбыстар шығады?

  1. Әлектр тогынан не көресіңдер?
  2. Құрғақ отын және су отын қалай жанады?
  3. Судың ағысынан қандай дыбыстар байқайсыңдар?
  4. Трактор, машиналардан қандай дыбыстар шығады?

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.

Үйге тапсырма: Қалаған ақынның бір өлеңінен еліктеу сөздері кездесетінін жазып,