Санның ондық құрамы. «Ондық», «бірлік» .

 

Сабақтың тақырыбы  Санның ондық құрамы. «Ондық», «бірлік» .

Сабақтың мақсаты      а) толық ондықты белгілейтін сандарды салыстыру дағдыларын қалыптастыру.             б) ауызша есептеуге есептеу дағдыларын дамыту, ондықтың сан құрамын қайталау, толық ондықтардың ретін еске түсіру.


в) өз бетінше жұмыстануға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы   I.Ұйымдастыру бөлімі    Оқушылар назарын сабаққа аудару.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  2. Математикалық диктант 4+3 5+5           4+4            2+6

5-4            6-5            7-4              8-8

2.1-ден 10-ға дейінгі сандарды өсу, кему ретімен сана,

толық ондықтарды өсу, кему ретімен сана

III. Жаңа материалмен танысу.

1.Оқулықпен жұмыс.   № 1  Жаңа материалмен танысу


Сұрақтармен қорытындылау  Жазылған сандардың ең кішісі қайсысы?

Ең үлкені ше?

Қандай сан 60-тан кіші?

Жазылған сандардың қайсысы 30-дан үлкен, бірақ 50-ден кіші.                              №4. Мазмұнды есеп. Шартын ,шешуін талдау және кері есеп құрастыру       Шарты  Барлығы- 50 тақия               Шешуі: 50-30=20

Қызыл тақия-30                    Жауабы: 20тақия

Көк тақия- ?

№ 5 Тапсырма үлгіні ұсынылған нұсқамен салыстыру.

2.Дәптермен жұмыс: №2 Кестені толтыр: 8-8    10-9   7+3   4+4

5+0    2+6    6-4    7-5

Қосу мен азайту кезіндегі амалдардың компонентерінің  атауларын қайталай отырып, кестені толтырады.

№3 Ондықтарды салыстыру.

4 онд        1 онд

7 онд         5 онд

9 онд- 3 онд            4 онд+2 онд

ІV. Қортындылау.

Ойын: Поезд құрастырамыз.

Мақсаты: реттік және есептік санау дағдыларын, ауызша есептеу тәсілдерін дамыту.

Мұғалім оқушыларды тақтаға кезекпен шақырады. Олардың әрқайсысы вагондардың рөлін атқарып, өздерінің нөмірлерін айтады. Мысалы, бірінші шақырылған оқушы: « Мен бірінші вагонмын» деп айтады. Екінші оқушы бірінші вагонға тіркеледі де, өзінің реттік нөмірін атайды, қалғандары: « Бірдің артынан бір- екі» деп айтып отырады. Қалған вагондар да осылай «тіркеледі». Содан соң вагондар «ағытылады», ал балалар хормен санайды « Бірсіз үш – екі» т.с.с.

Оқушыларды бағалау.