«Бала тәрбиесі мәңгілік мәселе…»

Бастауыш сынып ата-аналарымен жүргізілген          семинар-тренинг.

                          

Тақырыбы: «Бала тәрбиесі мәңгілік мәселе…»


Мақсаты:Мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтып,баланы толыққанды Адам етіп тәрбиелеу.

Бала тәрбиесі бір күннің не бір жылдың ісі емес.Баланың бас ұстазы ата-анасы.Сондықтан да ұстаз тәрбиесі мен ата-ана тәрбиесі ұштасып жату керек.Ұстаздың да, ата-ананың да мақсат-мүддесі ортақ,міндеті біреу.Ата-ана баланы дүниеге әкеліп,қалыптастырып,жетілдіріп жатса,мектеп арқылы білімі мен адамзаттық құндылықтары толысқан,жан-жақты жетілген,өз бетімен өмір сүруге бейім,толыққанды Адам етіп тәрбиелеп шығарады.

                     Семинардың жоспары:

1.Семинардың ашылуы.

2.Баяндама.        «12 жылдық білім беру»

3.Бала тәрбиесіне отбасының әсері.Жағдаяттар.

4.Қызықты шиырма (пәндер бойынша тапсырмалар.)


5.«Аяқталмаған сөйлем» .

6.Психологиялық тренингтер.

7.Ата-аналарға жадынама(үй тапсырмасы бойынша.)

8.Қорытынды.

Семинардың барысы:

Психологиялық дайындық.Семинардың алдында барлық ата-аналар өздері қалаған түсті таңдап,қызыл,сары,көк,жасылдар орталығына бөлінеді.

1.Семинардың ашылуына бастауыш сынып оқушыларының дайындаған ана,әке туралы тақпақ,ән, осы тақырыптағы үздік шығармалар тыңдалады.

2.Баяндамада 12 жылдық білім беруге көшудің алғы шарттарымен ата-аналарды таныстыру.

  1. Бала тәрбиесіне отбасының әсері.Жағдаяттан шығу.

1-жағдаят.Балаңыз  математикадан орындаған жұмысын көрсетіп,   «Көріңізші,мен 5 алдым!»-дейді.Сіздің іс-әрекетіңіз?

2-жағдаят.Беті –қолы тырналып,көйлегі жыртылған бала үйіне келіп бір баламен төбелесіп қалғанын айтып береді.Сіздің іс-әрекетіңіз?

3-жағдаят.Бір нәрсеге ашулы ұлы мектептен келе сала:«Құрысын мектеп!Мұғалімдердің бәрі әділетсіз.»-деп ашуланды.Сіздің әрекетіңіз?

4-жағдаят. «Математикадан болатын бақылау жұмысынан қорқамын »-дейді балаңыз.Сіз не істер едіңіз?

4.Қызықты шиырма (пәндер бойынша тапсырмалар.)

Әр орталыққа математика оқулығындағы шығармашылық тапсырмаларды шығарту,әдебиеттік оқу

оқулығынан ақын –жазушылардың шығармаларын сұрау арқылы ата-аналардың баласының сабағын қаншалықты қадағалайтынын байқау.

5.«Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы бала тәрбиесі туралы көзқарастарын білу.

1-орталық.Егер баланы үнемі сынап отырса,онда  …….

Егер балаға үнемі күлсе, онда  ………

2-орталық.Егер бала төзімділікке бейімделсе, онда ……

Егер баланы үнемі мақтай берсе, онда …..

3-орталық. Егер бала адалдыққа тәрбиеленсе,онда …..

Егер бала қауіпсіз жағдайда өссе,онда …..

4-орталық.Егер бала кекшіл болса,онда  ……..

Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе,онда …….

6.Психологиялық тренингтер.«Сіздегі жақсы қасиеттер» тренингінде әр орталық бір-біріне жақсы қасиеттерін айтады.

7.Ата-аналарға жадынама.Ата-аналар баланың үй тапсырмасын әсіресе,жазбаша тапсырмаларды орындауда мына шарттарға назар аударуын талап ету.Олар:

1.Жазбаша жұмысты орындауда ең бірінші ережені оқып,соған сай істеуі.

2.Жаңа немесе түсініксіз сөз кездессе,бұрынғы жазғандарға қарап қате жібермеу.

3.Мәтінді түгел оқып,соңғы рет тексеріп шығу.

8.Қорытынды.

Семинарға белсене қатынасқан ата-аналарды мадақтау.

 

Түйін.

«Ырыс алды-ынтымақ» ата- мен мектеп арасындағы байланыс жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр!

Келіңіз сырласайық,бірігіп мәпелеген талымыз түзу өссін,игілігін ел көрсін!