Сүт қалай ұйықтады?

 

Сабақтың тақырыбы:  Сүт қалай ұйықтады?

Сабақтың мақсаты:


1.Білімділігі: Қазақтың белгілі сатирик-ақыны Оспанхан Әубакіровтің

өмірбаянымен таныстыру, оқушыларға мәтіндегі негізгі ойды,

идеяны ұғындыру

 

2.Дамытушылығы: оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс


істеу қабілетін, ой-өрісін дамыту, білім, іскерлік

қабілеттерін дамыту. Өзіндік талдау, жинақтау, жеке

топтық  жұмыста шапшаңдық танытуын арттыру.

 

  1. Тәрбиелілігі: Оқушылардың көркем сөзді, салихалы ойды өз сөздік қорларына

қабылдай алуы, соның нәтижесінде ауызша, жазбаша сөйлеу

дағдыларын жетілдіру, эстетикалық талғамын арттыру, еңбекке

тәрбиелеу.

Әдісі: ой қозғау, топтық жұмыс, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, әңгіме, көрнекілік.

Түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: О. Әубәкіров суреті, өмірбаяны, ертегі бойынша сурет, «Сөз құрау», «Кім жылдам?» ойыны, нақыл сөз

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

а) Кластың сыртқы бейнесіне көңіл бөлу

ә) Психологиялық ахуал

б) Амандасу

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Қайырлы таң?

Біз бақытты баламыз.

Қайырлы күн!

Амандасып аламыз.

 

Үй тапсырмасын сұрау.

Мысалдың мазмұнын 3 топтан үш оқушы айтады.

 

Кім жылдам? ойыны арқылы үй тапсырмасын қортындылау.

І-топ Салақтық сөзіне  қарама-қарсы мағынадағы сөзді айт. Керім қандай жігіт еді?

ІІ-топ Мәтін соңында Керімге не болады?

ІІІ-топ Мәтін арқылы нені түсінуге болады? Негізгі идеясы не?

Адам  бойындағы кездесетін қандай жаман қасиеттерді атай аласыңдар?

Салақтық, жалқаулық, ұйқышылдық, еріншектік т.б

 

Жаңа сабақ

Бүгін, Оспанхан Әубәкіровтің «Сүт қалай ұйықтады?» атты шығармасымен танысамыз. Ең алдымен шығармамен таныспас бұрын автормен танысып алайық

 

 

 

 

 

 

 

Оспанхан Әубәкіров

 

 

 

«Қағаз қалпақ»

«Ымды білесің бе?»

«Чемпион Қожа»т.б  балаларға арналған кітаптардың авторы

 

«Қағаз қалпақ»

«Ымды білесің бе?»

«Чемпион Қожа» т.б  балаларға арналған кітаптардың авторы

 

 

 

1934 жылы 4 мамырда

Алматы облысы,

Сатира жанрын дамытушы ақын, актёр, аудармашы

Жамбыл ауданы,

Үшбұлақ ауылында

дүниеге келген

1986 жылы 52 жасында

қайтыс болған

 

Оқулықпен жұмыс

  1. Ертегіні нақышына келтіре, мәнерлеп оқу
  2. Сурет арқылы ертегінің мазмұнын түсіндіру
  3. Сөздік жұмыс

Бықырып – сыртына төгіліп

Быжынап – көбіктеніп

Құтырыпты – тасыпты

Аттандап – айқайлап

  1. Оқушыларға тізбектей оқыту

Ертегімен жұмыс. Тауып оқы

1-топ Ертегіден ел-жұрттың сөзін тауып, әуеніне сай оқы

2-топ Әженің іс-әрекетін тауып оқы

3-топ Қалтаға құйылған сүттің жағдайын тауып оқы.

Сергіту сәті

Топтастыру стратегиясы

сүті

 

 

 

еті           Төрт түлік             жүні

 

 

терісі

 

Топтық жұмыс

І-топ                                     ІІ-топ                                       ІІІ-топ

Сүттен не жасалады?          Жүннен не жасалады?              Тыйым сөздер

қатық, айран, май, құрт,      шұлық, қолғап,                  Малды теппе, ақты төкпе.

сүзбе, ірімшік, қаймақ,        киіз, жемпір, көрпе,          Малды басынан ұрма, жыңғылмен

айдама.

көже т.б.                                көрпеше т.б.                        Малға теріс мінбе.

 

 

«Сөз құрау» ойыны

 

 

Сабақты бекіту

«Бәйге» ойыны

І-топ                                     ІІ-топ                                                  ІІІ-топ

Ақын осы ертегі               Өлең неліктен ертегіге              Мәтіндегі нақыл сөзді,қорытынды            арқылы не айтпақ болды?      жатады деп ойлайсың?                  ой айтылған жолды тап.

 

Онда шындық пен ғажайып                          Ұйқы – дұшпан.

оқиғалар араласып айтылады.                 Әй, дегенмен, балалар

Көп ұйықтаған зиян-ау.

Сабақты қорыту

Ұйқы деген дұшпан бар

Тұла бойды талдырар

Жолдан, істеп қалдырар

Сүттің бойындағы ұйқышылдық сияқты қасиеттен қашық болайық

Бағалау.  Оқушыларды бағалап, мадақтау

Үйге тапсырма:  Ертегінің мазмұнын айтуға дайындалу

Ертегі желісі бойынша сурет салу.