Еліктеу сөздердің түрлері. Еліктеуіш сөздер

Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөздердің түрлері. Еліктеуіш сөздер. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға еліктеу сөздер, еліктеу сөздердің құрамдық түрлері,
еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, еліктеуіш сөздер жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтьщ формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтьщ барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Еліктеу сөздердің түрлері. Еліктеуіш сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әр түрлі дыбысқа және жеке қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.

Еліктеуіш сөздер.

Табиғатта заттардың қозғалуы, бір-бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, амал-әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Оларды біз құлақпен естиміз. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады. Мысалы: Боз күрең өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап. Ырғалып қарға қарқ етті, Ірімшік жерге салп етті.

Еліктеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ол ет көмекші етісті-гімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: тырс етті, топ ете түсті, қор ете қал-ды, т.б. еліктеуіш сөздер қайтала-нып та, қосарланыи та жұмсалады. Он-дайда көмекші етістікпен тіркесіп, онымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдың амалын білдіреді. Мысалы: тарс-түрс етті, ырс-ырс етеді.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 299-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеуіш сөздерді тауып, қандай сөздермен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.


Келесі тапсырма: 300-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер, мағынасын ажыратыңдар. Сабақтың корытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 301-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін:
    Еліктеуіш сөздерді пайдалана отырып, табиғат құбылыстарын суреттеп шығарма жазыңдар.

Тексердім: