Бейнелеуіш сөздер.
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеуіш сөздер. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға еліктеу сөздер, еліктеу сөздердің құрамдық түрлері,
еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, бейнелеуіш сөздер жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Кезекші мәлімдемесі.
- Журнал бойынша түгелдеу.
- Жаңа сабаққа дайындық.
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
- Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
- Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.
б) Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Бейнелеуіш сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Бейнелеуіш сөздер—табиғаттағы заттардың қозғалысын, күйін көру арқылы сипаттайтын, бейнелейтін сөздер. Мысалы: Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды. Бұл мысалдағы жапыр-жұпыр сөзі бірнеше адамның (аттылардың) бірінен соң бірі сақтамай-ақ тез сәлем беруін білдіріп тұр.
Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етісті-гімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: жалт ете түсті, жалт қарады, т.б. бейнелеуіш сөздер қайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: маң-маң басты, қызараң-қызараң етті, т.б.
Міне, осылайша жаңа сабакты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 302-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Бейнелеуіш сөздерді тауып, олардың мағынасын және қай сөзбен тіркесіп тұрғанын көрсетіңдер.
Келесі тапсырма: 303-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Бейнелеуіш сөздердің қай сөзбен тіркесіп тұрғанын және мағынасын ажыратып талдаңдар.
Келесі тапсырма: 304-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, қай түріне жататынын және мағынасын ажыратып талдаңдар.
Сабақтың қорытындысы:
- Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
- Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
- Үйге тапсырма: 305-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Қар
көшкіні бейнеленген суретке қарап, еліктеуіш сөз бен бейнелеуіш сөздерді қатыстырып
мәтін құраңдар.