Бос уақытты тиімді пайдалану

Тақырыбы: Бос уақытты тиімді пайдалану.

Мақсаты: Ұжым мүшелерінің уақытын тиімді пайдалануларына түрлі ұсыныстар айту, ынтымақтастықты, ауызбіршілікті насихаттау, заман талабына сай жан-жақтылыққа, білімділікке үйрету, көңілді отырыс ұйымдастыру.

Көрнекілігі: гүлдер,қолөнер туындылары, слайдтар, баспасөз материалдары, картиналар.


Көңілді кеш барысы:

1.Тренинг «Мағыналы күлкі»

(Қазір көтеріңкі көңіл мен күліп жүрген адамдарды сиректеу кездестіреміз. Ендеше, бір-бірімізге күлкі сыйлап көрейік.)

Шарты: Бір-бірімізге қарама-қарсы тұрып жақсы сөздер айтыңыз. Мейіріммен күліңіз. Енді өзіңіздің сезіміңізге көңіл аударыңыз. Күлген сәтте қандай күйдесіз? Күлкінің әсері бар ма? Егер сізге біреу арнайы жымиса ше? Қиындықты күлкімен жеңе аласыз ба?

Қорытынды: Мейірімді күлкі, әдемі жымиыспен де кедергілерді жеңуге болады. Неғұрлым адам көңілді жүрсе, айналасына адамдар мен жақсылық өзі-ақ топталады.

 

2.Ашық пікірлесу сәті


Гүлнар Дәукенованың орындауында «Қайран уақыт»әні жүріп жатады.

Бүгін біздер өзімізді ерекше көңіл-күйде сезінуге тырысайық.

Уақыт ! Бұл кешегің, бүгінің, ертеңің! Ал сол алтын уақытты бағалай білеміз бе? Біреулер айтады: «Мен уақыт жеткізе алмаймын, таң атса кеш батады. Екіншілері айтады: «Ішім пысады, уақыт өтпейді». Осы пікірлердің ортасында 3ші бір пікір бар. Ол адам өз уақытын тиімді пайдаланса, бәріне де үлгеруге болады. Ол үшін не істеу керек? Өз ойларыңызды ортаға салсаңыздар! (пікірлер, ұсыныстар)

Бастаушы: 1. Күнделікті жасалатын жұмыс кестесін құрып алу.

  1. Кестеден тыс ағымдағы жұмыстарға да уақыт бөлу.
  2. Бүгін жасалатын жұмысты ертеңге қалдырмау

Меніңше ең маңызды шарттар осылар сияқты. (бұл пікір төңірегінде ой талқы)

 

3.Өзіңіздің де өзгенің де уақытын аяла!(жағдаят бойынша пікірлер)

Үй шаруасымен айналысып жатқан Гүлнарға дос қызы Айша телефон шалды.  Кешегі туған күн кешінде болған қызықтырды ине-жіпке  тізіп айтам дегенде, 1 сағаттың қалай өткенін білмей қалды.

Пікірталас

Гүлнар аздап болса да шаршағаны басылып, көңілі жадырап қалды. Пікір

Гүлнар жоспарлаған жұмыстарының көбі орындалмай, уақыты текке кетіп, іштей қатты ренжіді. Қорғау сәті

Қорытынды:

4.Әйелдерге әдемілік жарасады…

(әр тараудан, шартараптан хабарлар)

Косметика әлемі-бұл сіз үшін.

Слайд 1. Бет күтімі

Шаш күтімі

Көзді әрлеу

Қол күтімі туралы

Слайд 2. Жыл мезгіліне сай киім

Үлгілері туралы

Кеңестер

5.Артық болмас білгенің!

(бұл бөлімде ас үй құпияларына кезек беріледі)

Бірінші пікір: Мен жартылай фабрикат  тамақтарды пайдалануды жақсы көремін. Сіз ше?

 

Қораптары әдемі             Бос уақытта                               Экономика үшін пайда

пайдалануға болады

 

 

 

Уақыт үнемдейді

 

 

Қысылғанда көмек                   Арзан                   Нәрлі

 

Қорытынды:

 

6.Спорт — сұлулық  және денсаулық  кепілі

(Бұл бөлімде бос уақытта жанұя мүшелерімен бірлесіп спорттық ойындар ойнау туралы пікірлер, ұсыныстар айтылады)

Қатысушылыр 2 топқа бөлініп спорттық ойындардан бәсекеге түседі.

  1. Секіргішпен секіру (2 аяқтап, 1 аяқтап)
  2. Сақинаны белге орап бірнеше рет айналдыру.
  3. 1 минут ішінде сіріңкелерді тізені бүкпей жинап алу.
  4. Қарапайым жаттығулар

 

7.«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын!»

(Бұл бөлімде өзіңнің жақсы білетін адамың немесе ұлы адамдар туралы қағаз бетіне 7-8 сөйлемнен тұратын әңгіме жазу)

Мақсаты: Тек жақсы көңіл-күй, көңілді нәрселер ойлау, көңіл жадырату.

8.Қорытынды бөлім

«Өз күшіңді сезінудің өзі күш береді»,-деген екен. Вовенарг

Біз не нәрсемен шұғылдансақ та әрдайым өз күшімізге, өз білімімізге сенеміз. Сондықтан өзің туралы әрдайым жақсы пікірде болу, өзіңді басқалардан еш кемітпей, өзіңде жоқ жақсы қасиеттерді қалаптастыруға дағдылану-бұл әркімнің парызы.

Бүгін біз күнделікті өмірдегі кездесетін күйбең тіршілік мәселелерінен аздап болса да жеңілдегендей болдық. Бос уақытымызды қалай қызықты етіп өткізу туралы ақылдастық, дұрыс шешімге келдік.

Адам өмірі жылдардан, ал жылдар айлардан айлар , апталардан, апта күндерден, күндер тәуліктерден, тәулік сағаттардан, сағаттар минуттардан, минуттар секундтардан тұрады десек, өміріміздің өлшемі алтын уақытымызды тиімді де қызықты пайдалану  өз қолымызда екенін ұмытпайық!