Үлгі — өнеге отбасынан басталады.

 

 

Тақырыбы: Үлгі — өнеге  отбасынан  басталады.


 

Мақсаты:   ата-аналармен бала  тәрбиесі  туралы  ой-бөлісу, балабақша мен

ата-аналардың ынтымақтастығын нығайту.

Көрнекілігі:  мәтін, бейнекөрініс дискісі, бала тәрбиесі  туралы  кітаптар,

баспасөз  материалдары.


Түрі: «дөңгелек  үстел»

 

Дөңгелек үстел қонақтары:  үлгілі ата-аналар орта  топ тәрбиеленушісі

Жомартқызы Эльзаданың  әжесі Бәбиқызы Жансекер

кіші топ  тәрбиеленушісі: Аққали Айкеннің әжесі Меңдіғалиева

Нұрсұлу  және  жас ата-аналар  Халидуллина Самал,

Ахтаева  Айнагүл, Бисенғалиева Анаргүл, Жұмаева  Бибігүл.

 

Жүрісі:

І. Алғы сөз.  Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына  алған  еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш

Гүлденіп ой өлкесі,-деген Абайдың  өлеңінде  ата-ана  үшін  баласының  қаншалықты ыстық болатынын  аңғарғандаймыз.

Халқымызға  тән  кеңдік пен дархандықты,  кішіпейілділік  пен қарапайымдылықты  ту етіп  ұстап, үлкенге  ізет, кішіге  құрмет көрсетуді  біз,  әрине, алдымен  ата-анамыздан  үйренеміз.

Аналар-бар  мейірім  бастауы. Көкіректерінен  небір  тұнба  сезімдерді  балалары  үшін  сәт сайын  жайып  салатын  дария. Қазақта:  «Алты  аға  бірігіп  әке болмас,  жеті  жеңге  бірігіп  ана болмас»,-деген  қанатты  сөз бар. Бұл  сөздің  астарынан  әкенің, ананың  перзенті  үшін  қаншалықты  қасиетті  де  қадірлі  екенін  байқағандаймыз. Ендеше, «Дөңгелек  үстелге» үлгілі  ата-аналарымыздың  бір  тобын  ой-көкпарға  шақырамыз:

 

  • Барлығымызға да  ортақ  сауал:  бала  тәрбиесінде  басшылыққа

алатын  басты  қағидаңыз?

 

Пікірлер тыңдау, қорытындылау.

Жүргізуші: Адам баласының  мінезі де  түрлі болады. Барлық  адам  бір  қалыптан шыққандай  болмайды. Кей  ата-ана  баласына  оғаш  ісінің  терістігін  байыппен түсіндіреді. Қателігіне көз  жеткізе  отырып,  дұрыс  болуға  күш салады. Баланың  теріс  ісін  кезінде  ашуға  мініп,  қатал  мінезбен  қиып тастауға тырысатын  ата-аналар да бар.

«Бала  үшін  аянба,  бетің  күйеді»,- дейді  қазақ. Қалай болғанда да  әке-шешенің  ойланатыны-тек  жақсылық.

 

 

 

 

Жансекер  әжеге  сұрақ:

  • Сіз көпті көрген  аудан,  облыс  көлеміне  танымал ұстазсыз. Бала

тәрбиесі  төңірегінде  өз  тәжірибеңізбен  ой  бөліссеңіз. Немере, жиендеріңіздің  бойында  өзіңізге  ұқсағаны  бар ма? Сіз  оны  қалай  бағалайсыз?

 

Нұрсұлу әжеге сауал:

  • «Адамды адам еткен еңбек»  десек,  бала  тәрбиесіндегі  еңбектің  рөлі

туралы  және  сіз  өз тәжірибеңізде қандай  қағидаларды  басшылыққа  аласыз? Бала  болашақта  еңбекпен дос  болуына  қандай  жолдармен  әсер етесіз? Ой бөліссеңіз?

 

Жансекер әжеге сауал:

  • «Кейбір ата-ана, балам  айтқанымды  тыңдамайды, не істерімді

білмеймін», — деп  дәрменсіздік  танытады. Сіз  өнегелі  отбасының  мүшесі  ретінде  бұл  жағдайға қандай  кеңес айтар едіңіз?

 

Жүргізуші: Иә, айналайын  деп  арқаңнан  қақса да,  жаман  қылығына  күйініп,  ұрсып  жатырса да,  балам  жақсы  болсын деген тілегі. Әрине,  ата-ананың  жылы  сөзі  жан семіртеді,  ал  қатты  айтып  жатса, көңіліңе  ауыр алма. «Қазақта  енесі  тепкен  құлынның  еті ауырмайды» деген  есті сөз осы  жағдайда  айтылса керек.

 

Келесі  ойымызды  мына бір  көрініспен  байланыстырсақ:  (Мәтін  интер.тақтада).

Дат философы:  С.Ксеркегордың  баласына  жүруді  үйретіп  тұрған  ана портреті. Ол белгілі бір қашықтықта  баласына қарсы  қарап  тұр. Баласын  қолынан  жетектемеуге  тырысады, оған қарай сәл  еңкейген қалыпта қолын  қарсы  созып, оны  демегісі келгендей,  баланы  жалғыз  еместігіне  сендіргісі  келгендей. Оның  бет бейнесі  мен  тұлғасы  бала қимылымен  астасып,  бірге  қимылдайды. Бөбек  өз  жолындағы  кедергілерге емес,  ананың  көздеріне қарайды.  Ол тезірек  ана  құшағына  жетуге  асық,-  солай  бола тұрғанымен  ол өзінің  дербес  әрекет жасай  алатынын  да  түсінеді құлай  сүйген  анасы  бөбегінің  ішкі  сезімін  дөп  басып, демеу  көрсетудің  тек  шарасын  жасап тұр.  Ал  бұл  баланың  неғұрлым  батыл  әрекет  жасауына  септігін  тигізеді.

Сіздер  бұл  мәтіндегі  кейіпкерлер,  олардың  әрекеттері  туралы  не айтасыздар?

Жауап: Бала, оны  шексіз  сүйетін ана.

Пікірлер айтылады:

Қорытынды:

Құлай сүйген  ана жетегінің құпиясы  оның баласының өз  кеңістігінде  дербес  қимылдауына  мүмкіндік  беруінде. Екі  адам  бірге  әрекет  еткенде  олардың  өмірлік  кеңістіктері  қиылысады да,  өзара  әрекет  жасайтын  «Ортақ дәліз» пайда  болады. Бұл  ортақ  кеңістіктің  аумағы  ортақ істің  нәтижесіне  әсер етеді.  Кеңістік  неғұрлым  кең  болса,  соғұрлым  табысқа  жеткізер айла-амалдар мен түрлі  әрекет ету  мүмкіндідігі  де  кеңейеді.

 

Келесі  бейнекөрініске  назар  салсақ:

 

Көшеде  балалар  ойнап  жүр.  Бірі екіншісінің  қолындағы  ойыншығын  сұрайды. Екіншісі  бермейді. Сұраған  бала  үйіне  бақырып  жылап барады.  Үйден  анасы шығып  ойыншығы  бар балаға: «Сен  бала  пәле  болдың ғой, не бұл жерден кет, не  ойыншығыңды үйіңе  апарып  таста!»-деп жекіреді.

 

 Жас аналар  Самал  мен Анаргүл, пікірлеріңізді  тыңдасақ!

 Пікірлер,  қорытынды:

Жалпы бүгінгі  дөңгелек үстел  қонақтарының  бала тәрбиесі  төңірегіндегі  пікірлері  бір жерге  тоғысқандай.

Бала  тәрбиесі  оңай  мәселе емес «Бір баланы  өсіріп  шығарғанша,  бір шаһар  құлайды»  деген дана сөз  бар екен!  Сондықтан  жанұядағы  бала  тәрбиесіне  өте  қырағы  болу  әрбір  қоғам мүшесінің  міндеті  деуге  лайық.

ХІ  ғасырда «Кабуснама» деп аталатын  ғажайып  педагогикалық  кітапты  63  жасында  Қайкаус деген ғалым  өз  ұлы  Ғиланшахқа  арнап жазған  екен. Онда: «Ей, перзентім,  ата-ананы  құрметтеудің  қажет екенін  ақыл-ой,  парасат  тұғырынан байқап білгейсің. Өйткені  әрбір  перзенттің  тегі  ата-анасы ғой. Не үшін, ата-анама  құрмет  жасаймын  деп,  ойыңа  алма. Олар сен үшін өзін өлімге  де  қиятыны белгілі». Сондықтанда  балаларыңыз  өнегелі де  ибалы, талантты  да  талапты  болсын!  Сіздер  бала  тәрбиесіндегі  еңбектеріңіздің  жемісін  көре  беріңіздер. Бізге  келіп  ой  бөліскендеріңізге  үлкен рахмет. Шаңырақтарың шаттыққа  толсын!