Негізгі және туынды еліктеу сөздер.

Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды еліктеу сөздер. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға еліктеу сөздер, еліктеу сөздердің құрамдық түрлері,
еліктеу сөздердің мағыналық түрлері, негізгі және туынды еліктеу сөздер жайлы толық
мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
  3. Журнал бойынша түгелдеу.
  4. Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысыньтң орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарьша қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Негізгі және туынды еліктеу сөздер» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Еліктеу сөздер құрамына қарай дара және күрделі түбір болып келеді. Дара еліктеу сөздер тұлғасына қарай негізгі және туынды түбір түрінде болады.

Негізгі еліктеу сөздерге әр түрлі дыбыстар мен қимыл, іс-әрекетк тікелей
еліктеуден туған түбір сөздер жатады. Мысалы: тарс, тырс, т.б.

  1. Туынды еліктеу сөздер негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа да сөздерден -аң, -ең,
    -ың, -ің, -ң жұрнағы арқылы жасалады:

а)негізгі түбір еліктеу сөзден жасалған туынды еліктеу сөздер: арс-аң, балп-аң, жылт-
ың, томп-аң, быж-ың, т.б.

ә) етістіктерден жасалған туынды еліктеу сөздер: ағар-аң, былға-ң, домала-ң, т.б.

б)осы жұрнақ арқылы жасалған кейбір туынды еліктеу сөздердің тү-бірі қазіргі кезде
жеке қолданылмайтын өлі түбірге айналып кеткен. Олардын түбірін түбірлес басқа
сөздермен салыстырып қарау арқылы болжауға болады. Мысалы: арбаң (арби), ербең (ерби),
жарбаң (жарби),т.б

3.Күрделі еліктеу сөздер негізгі және туынды еліктеу сөздердің қайталануынан
немесе қосарлануынан жасалады. мысалы: борт-борт, гүрс-гүрс, бүрсең-бүрсең, адыраң-едірең, т.б.

Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары да (негізінен зат есім мен етістік) жасалады. мысалы: тарс-ыл, сыр-ыл, т.б. тәрізді елік-теу сөздерден -ыл, -іл, -л, -ек, -ғыр, —гір жұрнақтары арқылы зат есім жасалған болса, желб-іре, салб-ыра, үлб-іре, т.-б. тәрізді еліктеу сөздерден -ыра, -іре және -ла, -ле, -да жұрнақтары арқылы етістіктер жасалған.

 

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 307-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, құрамына қарай ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 308-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, құрамына, түріне қарай ажыратып, қалай жасалғанын талдап көрсетіңдер.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 309-жаттығу жұмысынын орындалу шартын түсіндіремін:
    Төмендегі Абай өлеңдерінен алынған үзінділерден басқа сөз таптарын жасауға негіз болған
    еліктеу сөздерді табыңдар, оларға қ
    ұрамы жағынан талдау жасаңдар.


Еліктеу сөздер қүрамына қарай дара және күрделі түбір болып келеді. Дара еліктеу сөздер түлғасына карай негізгі және туынды түбір түрінде болады.

  1. Негізгі еліктеу сөздерге әр түрлі дыбыстар мен қимыл, іс-әрекетке тіқелей
    еліктеуден туған түбір сөздер жатады. Мысалы: тарс, тырс, т.б.
  2. Туынды еліктеу сөздер негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа да сөздерден -аң, -ең,
    -ың, -ің, -ң жүрнағы арқылы жасалады:

а)  негізгі түбір еліктеу сөзден жасалған туынды еліктеу сөздер: арс-аң, балп-аң, жылт-
ың, томп-аң, быж-ың, т.б.

ә) етістіктерден жасалған туынды еліктеу сөздер: ағар-аң, былға-ң, домала-ң, т.б.

б)  осы жүрнақ арқылы жасалған кейбір туынды еліктеу сөздердің тү-бірі қазіргі кезде
жеке қолданылмайтын өлі түбірге айналып кеткен. Олардын түбірін түбірлес басқа
сөздермен салыстырып қарау арқылы болжауға болады. Мысалы: арбаң (арби), ербең (ерби),
жарбаң (жарби),т.б

  1. Күрделі еліктеу сөздер негізгі және туынды еліктеу сөздердің қайталануынан
    немесе қосарлануынан жасалады. мысалы: борт-борт, гүрс-гүрс, бүрсең-бүрсең, адыраң-
    едірең, т.б.

Еліктеу сөздерден жұрнақ арқылы басқа сөз таптары да (негізінен зат есім мен етістік) жасалады. мысалы: тарс-ыл, сыр-ыл, т.б. тәрізді елік-теу сөздерден -ыл, -іл, -л, -ек, -ғыр, —гір жүрнақтары арқылы зат есім жасалған болса, желб-іре, салб-ыра, үлб-іре, т.-б. тәрізді еліктеу сөздерден -ыра, -іре және -ла, -ле, -да жүрнақтары арқылы етістіктер жасалған.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарьш орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 307-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, қүрамына қарай ажыратыңдар.

Келесі тапсырма: 308-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Еліктеу сөздерді тауып, қү_рамына, түріне қарай ажыратып, қалай жасалғанын талдап көрсетіңдер.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 309-жаттығу жүмысынын орындалу шартын түсіндіремін:
    Төмендегі Абай өлеңдерінен алынған үзінділерден басқа сөз таптарын жасауға негіз болған
    еліктеу сөздерді табыңдар, оларға қүрамы жағынан талдау жасаңдар.

Тексердім: