Әліппеге мың рахмет.

Әліппеге мың рахмет.

Мақсаты Білім негізі бастауышта ,білім бесігібастауышта екенін түсіндіру.

Оқушылардың әртүрлі білім,іскерлік,дағдыларын қалыптастыру.Рухани адамгершілік, көркем-эстетикалық тәрбие беру.


1)Кіріспе бөлім.Мұғалім сөзі.

2) 1-ші бастаушы.Өтті оқудан сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат,

Әліппемен  қоштаспақ,

Оқулықпен достаспақ.

2-ші бастаушы.Өсті міне бойымыз,

Өсті ақыл ойымыз,


Қуанышты бүгінгі,

Құтты болсын тойымыз,

 

3-ші бастаушы.Бұл мереке бұл тойдың,

Бастаңғысын жасайық,

Ақ сандықты ашайық,

Жырдан шашу шашайық.

ӘН ШАШУ.ЖАН ГҮЛІМ.

2) НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

-Мұғалім сөзі.Балалар менің жұмбағымды шешіп көріңдерші.

Іші толы әріпке,

Білімдіге жарық не

-Болашаққа жол ашар ,

Ол сүйікті әліппе.

-Олай болса балалар,әліппеге арналған өлең жолдарымызды арнайық.

1.Ең алғаш қолға алғанда әліппені,                       2.Оқуды көп ойладық

Қызығып қарай бердім әріптерді,                           Қызығына тоймадық,

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,                  Әріптерді үйреніп,

Ұстазым маған кілтін алып берді.                          Сауат аштық тоймадық.

 

3.А ны айтқанда дауысым дірілдеді,                           4 Әліппем менің әліппем,

Ұстазым көз алдымда дірілдеді,                                    Сені қолға алып мен,

Күн сайыр әріптердің сырын біліп,                              Есігін аштым мектептің,

Сөз оқимыз, айырып буындарды.                                Ертеңгі сәуле жарықпен.

 

5  Ашыла берді алдымнан,                                    6 Әліппе деген алтын жол,

Кең дүние есігі,                                                        Апарар сені алысқа,

Соғылған сомдап алтыннан,                                    Жеңіл емес ауыр жол,

Әліппе білім бесігі.                                                Тырысып бақ намысқа

7 Әр күнім алып келер жаңалықты,

Тоқимын оқып білім жаңа әріпті,

Ұстазымның тынымсыз еңбегімен,

Жаным да сағат сайын жаңарыпты.

8  Үйретіп алғаш бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді,

Адамның ой арманы мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

ӘН  ӘЛІППЕ.

АЛФАВИТ ШЕРУІ.

Алфавиттің А тұрады басында,

Ал екінші Ә тұрады қасында,

Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші?

 

-А деген ол аналар ғой ардақты,

Ә деген ол әкелер ғой салмақты,

Б деген ол балалар ғой салмақты,

Біздің үйде үшеуі де кәделі.

-Дұрыс айтасыңдар балалар, біздің елде аналар да,әкелер де,балалар да кәделі, ендігі Ертегілер әнін әкелерге, аналарға арнаймыз.

-Балалар біз оқуға , сахналауға үйрендік.Енді соның нәтижесін көрсетейік.

— «Күншіл үйрек» ертегісі.автор.               үйрек —               түлкі-

-Аққулар

-«Игі іске батыл бол,игілікке жақын бол» дегендей келесі кезекте директор мен оқушылардың арасындағы айтысты көріп тамашалаңыздар.

1-ші оқушы

Сәлеметсізбе?Білекті бірді жығады білімді мыңды жығады ғой деп мықты білім алу үшін осы М.Әуезов мектебіне оқуға келдік.

Д- «Мектеп кеме,білім-теңіз»дегендей біздің мектепке қош келдіңіздер.

2-ші оқушы

«Жақсы шәкірт ұстазының мұраты»  емес пе?Біз 1-ші а сыныбы жақсы оқушылар боламыз

Д- «Ұстазы жақсының ұстамы жаксы» дегендей біздің мектеп ұстаздары білгір де білікті мамандар.

3-ші оқушы

«Талап-тұлпар,білім сұңқар»дегендей біз талапты да білімді оқушы болып өсеміз

Д-Сендердің еңбектерің білім алу.Ал еңбек ер атандырады.

4-ші оқушы.Сіздердің әр сөздеріңіз біз үшін ақыл.Ал ақыл азбайды,білім тозбайды деп біз ақылды оқушы боламыз

Биік шыңға жету үшін бірлік керек «Бірлік болмай,тірлік болмас»

5-О

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» ғой,біздің сынып ұйымшыл.Бәріміз бірігіп.білімнің биік шыңына жетеміз

Ән.  Қос қарлығаш

«Атадан шыққан асыл сөз,талаптыға болар кез»

Деп келесі кезекті ұлы Абай атамыздың ұлағатты сөздеріне береміз.

-Би     Ақсиса

-Мұғалім сөзі               Ата бабам ардақты

Жамандыққа бармапты

Ардақ тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты деп келесі кезекті әдептілік әліппесіне береміз

-ӘДЕПТІЛІК ӘЛІППЕСІ

1-ші Оқушы             Қарсы ал ерте күн көзін

Төсегіңді жина өзің

Асықпай іш тамақты

Жалама аяқ табақты

2-Оқушы

Пышақты ұста оң қолыңмен

Шынашақты сол қолмен

Нанды үгітпе қадірле

Қабығымен бәрін же

3-Оқушы

Саусағыңды сормағын

Салдыр салақ болмағын

Салса аузыңа инені

Үзбе жұлып түймені

4-Оқушы

Ашуланбай доланып

Жауап бергін ойланып

Құр бекерге қылтима

Болмашыға бұртима

5-оқушы

Іштарлыққа жол берме

Бақталастық білдірме

Мақсат қоймай алдыңа

Қыдырып құр қаңғыма

6-Оқушы

Сыйлап үлкен кісіні

Қамқорлыққа ал үлкен кісіні

Әдет қыл бұл ісіңді

Тазалап жүр тісіңді

 

-Балалар, біздің мемлекетіміз қалай аталады ?

-Қазақстан.

-Олай болса,Қазақстан,Отан жайлы өлең жолдарын айтайық.

Болашақта қазақ елінің мәртебесін көкке көтерер біздің жігіттер болар,олай болса “Алға қазақ жігіттері»      әнін тамашалаңыздар.

-Балалар, келесі кезекте еліміздің рәміздерін авторларымен атайық.

-Әнұран, ту,елтаңба.

ХОРМЕН.Еліміз туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты.

-Ендігі кезекте осы рәміздерімізге арналған өлең жолдарымызды айтайық.

1Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

2  Бұл таңбасы елімнің,

Елдігімнің белгісі,

Мұнда да бар ерлігім,

Мұнда да бар жер күші.

 

 

3  Қарашаңырақ ел күні

Асқақтатып тұр мұны

Елтаңбасы елдігім,

Елдің тыныш тірлігі.

4 Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашан да

Биікке іліп қояды

5 Туымызға жас туған

Бір қарамай өтпейміз

Сол көк тудың астында

Көгереміз көктейміз.

-Ертеңгілігіміздің соңында бейбітшілік заман болып,атамекеніміз аман болсын деген мақсатпен Атамекен әнін арнаймыз.

1  ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.

Ән. Атамекен.

1-ші  Оқушы Бізге оқу үйреткен,

Бар уақыты бірге өткен.

Әліппеге мың рахмет.

2-ші оқушы. Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол менің қасиетті әліппем.

3-ші оқушы.Сенің арқаң оқи жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Бәрі бірге ӘЛІППЕГЕ МЫҢ АЛҒЫС.