Дара және күрделі етістік. Қазақ тілі.

 

 

Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі етістік. Қазақ тілі.       


 

Сабақтың мақсаты: Дара, күрделі етістік туралы 2-сыныпта алған білімін еске түсіру; бір іс-қимылды бір сөзбен де, екі-үш сөзбен де атауға болатынын ұғындыру; күрделі етістіктердің бір сұраққа жауап беретінін аңғарту.

 

   Сабақтың барысы:

   Өтілген материалдарды қайталау

   Жаңа сабақ

Мұғалім тақтаға екі бағанаға сөздер жазады. Оқушылар оқып, олардың қай сөз табынан екенін және қандай сұраққа жауап беретінін айтады.


                    Дара етістік                Күрделі етістік

Келді                               келе жатыр

Жазады                           жазыпотыр

жазып тұр екен

жазып отыр еді

Етістіктердің дара, күрделі болып бөлінетіні осы жұмысты орындау арқылы еске түсіріледі.

   Мысалы:

   Келді дара етістік, бір сөзден тұрады, бір сұраққа жауап береді.

   Келіп отыр — күрделі етістік, екі сөзден тұрады, бір сұраққа жауап береді.

Басқа сөздер де осы ретпен талданады. Оқушылар мынадай қорытынды жасайды:

  • Бір іс-қимылды бір сөзбен де, екі-үш сөзбен де атауға болады.
  • Бір ғана сөзден тұратын етістікті — дара етістік деп атаймыз.
  • Екі-үш сөзден құралған, бір сұраққа жауап беретін және күрделі бір ойды білдіретін етістік — курделі етістік деп аталады.
  • Күрделі етістіктің құрамындағы бірінші сөз — басты, негізгі болып келеді.
  • Күрделі етістіктің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады.

Оқулықтағы жаттығуларды орындату,

1-жаттығу. Берілген сөздердің ішінен дара етістіктерді бір бөлек, күрделі етістіктерді бір бөлек көшіріп жазады. Күрделі етістіктерді қатыстырып бірнеше сөйлем құраңдар.

2-жаттығу. Мәтіннің соңғы бөліміндегі дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Үлгі:

Рас, өрмегің ұзын, оған таласып тұрмаймын. Бірақ өрмегіңді текке алмайды екен. Менің жібегіме алтын төлеп жүр.

3-жаттығу. I. Жансүгіровтың «Шәркей» әңгімесінің бірінші белігін көшіріп жазып, сөйлемдердегі дара және күрделі етістіктердің астын сыз.

5-жаттығу. Бағдаршаның бағытымен мынадай сөздер шығады: жайнады, қуанады, жуды, ысты. Осы сөздерді күрделі етістіктерге айналдырып жазады: жайнап тұр, жайнайды екен, жайнап отыр, т.б.

   Жаңа сабақты қорытындылау        

Дара, күрделі етістіктер туралы түсінігін бекіте түсу үшін оқу-әдістемелік кешендегі «Қызықты грамматика», дидактикалық материалдар мен диктанттар жинағынан тапсырмалар орындатылады.

   Үйге тапсырма беру

4-жаттыру.