Жануарлар әлеміне саяхат

 

 

Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: Жануарлар әлеміне саяхат


 

Мақсаты: Жануарлар туралы түсінік беру, үй жануарларының  төлдерінің атын атай білуге   үйрету. Үй жануарларының аттарын және олардың беретін пайдасы туралы білімдерін бекіту.Жабайы жануарлар туралы зерттеуге үйрету, сөздік қорын молайту, сұраққа жауап

арқылы тіл байлықтарын дамыту.Сабақтың көрнекілікгі: жабайы жануарлардың суреттері, үнтаспа, презентация, жануарлар костюмі, кеспе қағаздар, плакат,т.б.

 

Оқу іс-әрекетінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:  «Шаттық шеңбері». Балалар шаттық шеңберге тұрады.

Алақанды алақанға салайық,


Күлімсіреп, бір-бірімізге қарайық.

Достығымыз мәңгі болсын деп,

Алақанды соғайық.

ІІ. Сұрақтар кезеңі.

— Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

— Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

— Күз туралы кім тақпақ біледі?

1 бала:

Алақай, алақай!

Шаттанды балақай,

Күз түсті, дән пісті.

Айтамыз алғысты,

Жер берді жемісті,

Күз- байлық, береке,

Алтын күз- мереке!

2 бала:

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті,

Сары жібек көйлегін!

Тәрбиеші:

Үй жануарларының суретін көрсете отырып, олардың төлдерімен таныстырады.

 

ІІІ. Ертегілер еліне саяхат

— Балалар, ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Жануарлар  айтысы болып жатқан көрінеді,

соған барайық. Алдарыңдағы жапырақты алып, мынадай сиқырлы сөздерді айтамыз:

Бір, екі, үш,

Жапырақ сиқырлан.

Бір, екі, үш,

Жапырағым ұш.

-Ал, енді балалар, біз жапырақпен ұшып бара жатырмыз. Қанеки, балалар бұлттан

сұрайық: «Біз дұрыс келе жатырмыз ба екенбіз?». Бұлттың берген жауабы:

«Менің сендерге қояр шартым бар, яғни мен сендерге қазір жұмбақ жасырамын. Сендер

жасырлған жұмбақтың жауабын шешуін таба алсаңдар, мен сендерге ертегілер еліне апар

жолды көрсетемін»

 

Жұмбақ:

1.Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.          (түйе)

2.Қамыс құлақ,

Тостаған тұяқ.

Мінсең, қанат,

Сүті дәрі, еті тамақ.            (құлын)

3.Жарға шығып ойнайды,

Ойынға бір тоймайды.

Болса дағы сақалы,

Секеңдеуді қоймайды.         (ешкі)

4.Өзі күшті, мүйізі мықты, өзі сүтті,

Сүттен бәрін жасаймыз.       (сиыр)

 

Бұлт: Балалар, жұмбақты шештіңдер, енді сол баған жерде гүл бар. Сол гүлдің астында менің тамшыларым бар. Тамшылардың астында менің сендерге тапсырмам бар. Соны орындаңдар.

Тәрбиеші: Гүлдің астындағы тапсырма. Төрт түлік малды шақыру керек, шақырмасақ, олар

келмейді екен.(түйе, құлын, ешкі, жылқы, қой, т.б.)

Төрт түлік малдың костюмін киген балалар ортаға шығады.

Тәрбиеші:

Жүнін жұлса, бақырған,

Ешкі атасын шақырған.

Өрісте өскен жануар,

Шөкетайым, қайдасың?

Шөре-шөре……

Лақ:

Мен лақпын, Адамдар біздің сүтімізді ішеді. Мамықтай түбітімізді киімге пайдаланады.

Адамдарға біздің пайдамыз өте көп. Мынау менің сүтім, мынау менің түбітімнен жасалған

қолғап, т.б.

Тәрбиеші:

Жолға шықсам, көлігім,

Жапанда жүрсем, серігім.

Қамбар Ата өсірген,

Құлыным менің қайдасың?

Қырау-қырау…..

Құлыншақ:

Мен құлыншақпын. Біздің етімізді, азық сүтімізді, шипалы қазы-қарта, жал-жая, қымызды

тек бізден алатындарыңды білесіңдер ме? Мынау менің қымызым, қазы-қартам…. Адамға

пайдам өте көп.

Тәрбиеші:

Тілімен мұрнын жалаған,

Тілімен бойын тараған,

Көкке мұрнын шүйіріп,

Көзі теңкеріп қараған.

Зеңгі баба өсірген,

Әукешім менің қайдасың?

Әукім-әукім…..

Сиыр:

Адам тіршілігіне ең пайдалысы — біз. Шелек-шелек сүт, сары май, құрт, ірімшік бізден

шығады. Мынау менің сүтім, ірімшігім, құртым, майым, т.б.

Тәрбиеші:

Қой баласы қоңырым,

Ұя бұзбас момыным,

Шопан Ата түлігі,

Қошақаным қайдасың?

Пұшайт-пұшайт….

Қошақан:

Маталардың асылын менің жүнімнен жасайды. Салқындаған сары аязда тоңғызбайтын

жылы тон менің терімнен тігіледі. Мынау менің жүнімнен тақылған киімдер: қолғап,

шұлық, жемпір, т.б.

Тәрбиеші:

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Енесіне қарамай,

Ойсыл Қара баласы,

Ботақаным қайдасың?

Көсе-көсе…..

Бота:

Адамға біздің тәтті шұбатымыз бен мамықтай жүніміздің пайдасы көп. Мынау менің

жүнімнен тоқылған киімдер:  шұлық, қолғап….

Тәрбиеші:

— Адам үшін бәрің де керексіңдер. Пайдаларың көп. Енді, біздің балалар, төрт түлік

туралы мақалдарын айтсын.

1)  Мал өсірсең, қой өсір.

Өнімі оның көл-көсір.

2) Малды баға біл, бабын таба біл.

3) Түйе маған шұбат береді, шұбат маған қуат береді

4) Мал төлімен жарасымды, жер гүлімен жарасымды.

 

ІV. Сергіту сәті

Біздің үйдің ешкісі,

Күнде тәртіп бұзыпты.

Балаларды сүзіпті,

Жемістерді үзіпті,

Мүйізіне тізіпті.

Атам көріп қалыпты,

Мазаны ала берген соң,

Мүйізін қағыпты.

Тәрбиеші:

-Саяхатымызды жалғастырамыз. Жабайы жануарлар әлеміне барамыз.

Ойын. «Атпен шабу» ойыны.

Аттың суретін қарындашқа орап, оны жылжытып отырамыз. Кімнің аты бірінші келетінін  анықтаймыз.

Тәрбиеші: 

Түлкі, аю, қасқыр, қоянды біздің балалар зерттейді. Түлкіні Жамал зерттейді. Өзінің салған суреттерін  және интерактивті тақта арқылы түлкі туралы қосымша мәлімет береді.

Қалған балалар да дәл осылай  жануарлар туралы мәлімет береді.

 

 

 

  1. Викториналық сұрақтар.

«Тапқыр болсаң, айтып көр!»

Ең бойы ұзын жануар? (керік)

Жолбарысқа ұқсакс ат, жолақ жылқы? (зебра)

Бұл жануар айнадан өзін таниды, өте ақылды, бананды өте жақсы көреді.  (маймыл)

Екі ұзын құлағы бар, өзі қорқақ.  (қоян)

Жүрген жер айқай-шу. Бұл қандай жзануар? (түлкі)

 

VІ. Ойын. Жануарларды орналастыру

Жеке-жеке жұмыс. Әр балаға хайуанаттың бас пішіні берілген сурет беріледі.

Тапсырма:

Тәрбиеші қағаз бетіне салынған хайуанаттардың суреттерін көрсетеді, ал балалар көру, есте

сақтау арқылы суретті салып шығу керек.

Тәрбиеші: Ал, балалар, кеш болыпты, енді бала-бақшаға қайтайық. Жапырағымзды

сиқырлатып, манағы айтылған сөздерді қайталаймыз:

Бір, екі, үш,

Жапырақ сиқырлан.

Бір, екі, үш,

Жапырағым ұш.

— Бала-бақшамызға да келіп қалдық.

 

VІІ. Қорытынды

–Балалар, қандай жануарлармен таныстық.

— Төлдерін білесіңдер ме?

— Үй жануарларының пайдасын айтып беріңдер.

Балаларды ортаға шақырып, мына сөздерді айтамыз:

Күніміз ашық болсын,

Түніміз тыныш болсын,

Ауамыз таза болсын,

Суымыз таза болсын,

Өзіміз аман болайық,

Мал-жан аман болсын!

Осымен біздің саяхатымыз  аяқталды. Сау болыңыздар!