Ересек тобындағы қорытынды сабақтың конспектісі

 

 

Ересек тобындағы қорытынды сабақтың конспектісі


Тәрбиешілер: Алпысбаева С.А.

Шынарбаева А.О.

 

Мақсаты:ҚМҰ қалыптастыра отырып сандар жайлы түсініктерін тереңдете түсу,геометриялық пішіндерді жанылмай атауға ынталандыру.Логикалық ойлау қабілеттерін,зейінің ақыл-ой белсенділігін арттыру тез ойлауға,шапшан есеп шығаруға қызушылығын ояту.Сөйлемдерді дұрыс айтуға,сұрақты түсініп дұрыс жауап беруге баулу,сөйлем туралы білімдерін бекіту,қысқаша әңгіме құрату,сөздік қорын ой-өрісін дамыту.

Ұйымдастыру кезеңі:

Тәрбиеші:Қайырлы күн балалар!Көңіл күйіңіз жақсы ма?Мен сендерді шаттық шеңберге шақырамын.

Шаттық шеңбер


Армысың ,алтын күн,

Армысың ,көк аспан,

Армысың ,жан досым,

Жылуыма жылу қос,

Міне менің  қолым бос!

Тәрбиеші:Біз бүгін «Алтын сақа»деген жарыс оқу іс-әрекетін өткіземіз.

1 команда: Білгіштер.

2 команда: Ақылдылар.

1-ші көшбасшысы Мерлан: «Білгіштер» командасынан «Ақылдылар» командасына: жалынды (барі) СӘЛЕМ!

2-ші көшбасшысы Дамир: «Ақылдылар» командасынан «Білгіштер» командасына жалынды (бәрі) СӘЛЕМ!

Тәрбиеші: Балалар, ұрандарын қалай?

1-ші: Жеңілсек жасымаймыз.

2-ші: Жеңсек тасымаймыз!

Тәрбиеші: Енді, ойынымызды бастаймыз.

(Ортада үстел үстінде сандықша ішінде сандар жазылған асықтар).

Бұл сайыста тәсіл көп,

Кім алса ол асықты

Ептілігі басым боп,

Сол команда женгені.

2 команда көшбасшылары ортаға шығып стол үстінен 1 саны жазылған асықты алса ,сол бірінші боп  бастайды. Дұрыс жауап берген командаға бір асық ұпай беріліп отырады.

Осылайша 2 команда кезекпен тапсырмаларды орындайды.

                    Тапсырмалар:

I.1к.Аталған саннан бастап тура санау (10)

2к.Аталған саннан бастап кері санау (10)

II.Сәйкес санды тап.

1-2к.Сандықшадан сан жазылған асықты алып үстел үстіндегі карточкадан дәл сондай саны бар суретті табу.

III.Көршілерін атап бер:

1-2к.Үстел тілін айналдырып,үстел тілі тоқтаған санның көршісін атау.

IV.Ауызша есептерді шешу:

1к.Биыл жастарын алтыда,бір жылдан кейін нешеге толасындар?

2к.Ағашта 8торғай отырған,тағыда 2торғай кеп қонды,барлығы қанша торғай болды?
1к.
Далада 6 бала ойнап жүрген,3баланы анасы шақырып алды.Қанша бала әлі ойнап жүр?

2к.Алма ағашында 10алма өсіп тұр,апасы Аленушка мен інісі Иванушкаға 1алмадан жеуге рұқсат берді,ал алма ағашында қанша алма қалды?

V.Логикалық есептер:

1к.Аққайында 3 алмұрт өсіп тұр,ал еменде 2алмұрт өсіп тұр,ал қанша алмұрт піскен?

2к.Бос кеседе қанша кәмпит бар?

1к.Қоршаудан қоянның 6құлағы көрініп тұр.Қоршаудың артында қанша қоян тұр?

VI.Арттық сөзді тап:

1к.Қосу,азайту,жұма,тең болады,артық.

2к.Таңертен,түс,қыс,күш,түн.

VII.Кім жылдам,дұрыс құрастыр

1к-2к.Геометриялық пішіндерден заттар құрастыр.(үй,мұнара т.б.қалаулары бойынша)

VIII.1к.Тәулік бөліктерін ата?

2к.Апта күндерін ата?

IX.1к-2к.Сөзді керісінше ата?(қалың-жұқа,кең-тар,биік аласа,жуаң-жіңішке.)

Екі команданың балалары да шамалары келгенше сұрақтарға дұрыс жауап берді.Енді,жинаған ұпайларымызды санайық.

                         «Ғажайып сәт»

Тәрбиеші:Ал,енді балалар көзімізді жұмайық ертегіні шақырайық.

Тәрбиеші:1,2,3.

Балалар:Кел ертегі біздерге,кел ертегі біздерге.

Көзімізді ашайық,құлақпенен тыңдайық,ертегіні көрейік.

Мысық жылап отырады.

Тәрбиеші:

Неге жылап отырсың ,сүйкімді мысығым?

Мысық:

Менің құйрығымды мақта қыз алып қойды.

           Мақта қыз  кіреді.

Мақта қыз:

Саламатсыздар ма ,балалар ,мында не болып жатыр?

Тәрбиеші:

Сен біздің мысығымызды ренжітіпсің ғой.

Мысық:

Балалар егерде сендер менің тапсырмамды орындасаңдар мен мысықтың құйрығын беремін.

Тәрбиеші:

Қандай тапсырма?

 

Би.Ән.

Мақта қыз:Мысығым тілімді алып,қатығымды әкелді.

Мысық:Сондықтан біз екеуміз өте тату тұрамыз.Біз қай ертегіден келдік.

Балалар:Мақта қыз ертегісі.

Мақта қыз:Менің сіздерге тапсырмаларым бар орындайсындар ма?

                                 Сұрақтар

1)Әріптерді қоссақ не шығады?(Сөз)

2)Сөйлем деген не?(сөзді сөзге қосып бір тиянақты ойды білдіреді.)

3)Сөйлемнің неше түрі бар?(хабарлы,лепті,сұраулы.)

4)Сөйлем сонында не қойылады?(нүкте)

                            Мақал-мәтел

1.Еңбек ерлікке жеткізеді…… ерлік елдікке жеткізеді.

  1. Гүл өсірсен терлеп ……. мұның аты еңбек.
  2. Еңбегін қатты болса ….. тапқанын тәтті болады.

4.Еңбек етсен емерсін …. ерінбесен  женерсін.

5.Еңбегі аздын …. өнбегі аз.

  1. Емнің алды ……еңбек.
  2. Жақсы жұмыс ……жанға тыныс.

                                 

                                Ребус   1.

 

 

Ребус 2

 

 

 

 

     Мақта қыз:Рахмет балалар сендерге ризамыз.

Менде енді сендермен дос боламын ренжізпейміз

Енді,балалар дөңгеленіп тұрайық,шеңбер ішінен үйренгенімізді бірге алып кетейік.

Тәрбиеші:Мен сендерге ризамын ақылды тапқыр бала екенсіндер бәрінде әр дайым тапқыр болыңдар.Енді бір-бірімізге тілектерімізді білдірейік.

Денсаулығымыз мықты болсың.

Жолдасымыз қыдыр болсын,

Өмірлерін ұзақ болсын

Басына бақ қонсын

Жаған жайлы болсын

Етегін майлы болсын

Түндерін тыныш болсын

Үйлеріне ырыс қонсын

Аспандарыңыз ашық болсын.

Тәрбиеші:Апарсада тағдыр қайда алып

Самғасандар жер айналып,білім күшіменен

Балалар: Сұңқар болып өсеміз,

Тұлпар болып өсеміз.