оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі сауттылыққа баулу максатында сын жұмысын жүргізу.
Сабақтың тақырыбы: Сын жүмысы.
Көктем. Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі
сауттылыққа баулу максатында сын жұмысын жүргізу.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сын сабағы.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұ_мыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтын көрнекілігі: диктанттар жинағы.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып үжымымен жұмыс жүргізу.
Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау,
Сабақтың барысы:
а) ¥йымдастыру кезеңі.
- Сәлемдесу.
- Кезекші мәлімдемесі.
3 .Журнал бойынша түгелдеу.
4.Жаңа сабаққа дайындық.
ә)Жаңа сабақты түсіндіру. … .
Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сын жүмысын жүргіземін.
Оқушыларға сын жүмысына арналған дәптерлерін таратып шығамын да, сын жүмысының тақырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мәтін тақырыбын тақтаға жазып . шығамын да мәтін мазмұнын мәнерлеп оқып шығамын. Мәтін 115 сөзден түрады. Содан кейін мәтіннің әрбір сөйлемін жеке оқып мәтінді жаздыруға кірісемін. Көктем.
Көктем кешігіп шықты. Шығуы да қызық болды. Наурыздың соңын ала төпеп жауған қардан соң жүрт: «Ойпырмай, биыл көктем шықпайтын шығар, мынадай қардан кейін күн тағы да суытпаса неғылсын?» — деп отырғанда, күн ойда жоқта жылынып сала берді.
Күн жылынысымен, қыс бойы үйге қамалып зеріккен кемпір-шалдар шуаққа шығып, қауқылдасып отыратын болды. Балалар да шуақта ойнайды. Шуаққа адамдар ғана емес, жануарлар мен жәндіктер де шықты. Көк аспаннан әрілі-берілі сусылдап үшқан құстардың шуылы кейде төбеден, кейде аспанның алые түкпірінен қүлаққа талып жетеді.
Тесіліп еріген қар астынан көрінер-көрінбес болып әлжуаз көктер қылтиып келе жатты. Даланың қоңыр салқын, дымқыл желінен жасқанып, дірілдеп, олар да көктемге, өмірге соншалық құштарлықпен бойын созып ұмтылды. (Т.Нүрмагамбетов, 107 сөз). Сабақтың қорытындысы:
- Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
- Сын жүмысына арналған дәптерлерін жинап аламын.
- Үйге тапсырма: «Көңілді көктем » тақырыбында шығарма жазып келу.
Тексердім: