«Айбары асқақ – Ата Заң» атты конференция

Мақала.

          Шалқар аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі М.М.

Мөңке би ауылы кітапханасында «Айбынды Ата Заңның 20 жылдығына арналған: «Айбары асқақ – Ата Заң» атты конференция сабағы болып өтті. Онда Ата Заңға байланысты көрнекіліктер: ҚР Конституциясы, «Ата Заңым, ардағым!» слайд, «Ата Заңға 20 жыл» кітап көрме,буклет, «Баптары бар айнымайтын батадан, Барша заңның қайнар көзі – Ата Заң !» атты стендтер жасалынып оқырмандар назарына ұсынылды. Кітапханашы Жұмабаева Балқия апай Ата Заң жайлы қысқаша баяндап, оқырмандарға Ата Заң туралы сұрақтар қойылып,оған жауап берілді. Ата Заңымызда ел рәміздерінің бірі болса, ел рәміздері жайлы видеоролик көрсетіліп,  Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк тудың желбірегені» әні видеоролик түрінде тыңдалды. «Ата Заңым, ардағым» атты Елбасы сөз сөйлеген және адам құқығы жөнінде жеке-жеке баптарға тоқталған  видеоролик көрсетілсе,  Ата Заңға байланысты оқырмандарға тапсырма, тест беріліп, олар орындалды. Шығып сөйлеуші «Балдәурен» балабақша меңгерушісі Әліқұлова Қырманкүл барлық оқырмандарды мерекемен құттықтап зор денсаулық, бақытты өмір тіледі. Сабақ барысында Ата Заң туралы көптеген мағлұмат берілгенін айтып өтті. Соңында кітапханашы апай ұйымдастырушылар: Жакупова Айнагүл, Бөлекбаева Мадина-Бөлкебаева Фариза,Тайлақов Бекарыс және барлық қатысушыларға алғыс айтты.


Бейбіт елдің бақытты ұландары  түп-қазығымыз Ата заңымызды ардақтасақ,  Елбасы жолдауларын ойдағыдай жүзеге асырып, биылғы «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жоспарын табыспен, табандылықпен орындасақ,еліміз әлі –ақ талай белестерді бағындырып жетістіктерге жететініміз сөзсіз. Сондықтан оқуда озат,еңбекте жемісті болайық.

Ата заңың-мерейің,

Мәртебең мен беделің.

Ата заңмен өркендеп,

Өсіп, өрлей берейік!

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар! Баршаңызға мереке құтты болсын! Деп сөзін аяқтады.

Оқырман Бөлекбаева Мадина