Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынас тілі және әдеби тіл

Сабақтың  тақырыбы :         Әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынас тілі және әдеби тіл

Сабақтың мақсаты : Білімділігі:   қазақ тілі пәнінен   алған білімдерін кеңейтіп,сөз қолданыста пайдалана білуге үйрету, ,талдауға баулу.

                              Тәрбиелігі: оқушылардың бойына ұлттық өнеге,шешендік нақыл сөздердің мән-мағынасын ұғындыра отырып,адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,эстетикалық, өнегелік ортасын қалыптастыру.


                                Дамытушылық: өтілген материалды тиянақты меңгеруге,жүйелі ойлау,ойын әсерлі жеткізуге,шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;сатылай кешенді талдау арқылы   теориялық білімдерін іс жүзіне асыру,грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге төселдіру.

Сабақтың түрі :                                Дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар, дидактикалық материалдар.

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :


Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Қазақ халқының тұрмыстық қарымқатынастағы тілдесуі салт-дәстүр, әдет-ғұрыптың шеңберінде таразыға түсіп тұрады.

Болашағын баласының адал, бақытты ғұмырымен ғана елестетіп, соны арман еткен халық ұрпағын туған күнінен бастап бесік жырымен әлдилеп жақсылық тілейді. Есейе келе баланың әр ісіне, қадамына қуанып, «Азамат бол!», «Көп жаса!», «Елдің алды бол!», «Өркенің өссін!», «Қадамыңа нұр бітсін!», «Бағың жансын!», «Жұлдызың жоғары болсын!» т.б. мейірімге толы сөздермен өсіреді

Қоғамдық, саяси, шаруашылық, тұрмыстық өзгерістерге байланысты тілде де өзгерістер болып тұруы заңды. Сөздер көнереді, жаңа сөздер кіреді немесе тілдегі бар сөздер жаңа мағынаға ауысады. Әдеби тіл үнемі даму мен қозғалыста болады.

Әдеби тілдің өзі де — жалпыхалықтық тілдің сұрыпталған түрі, әрі жалпыхалықтық тілдің бір құрамы ретінде өмір сүреді.

Ұлттық тіл өзі қызмет ететін халық тілінің қарым-қатынас құралы болатынын есепке алсақ, қазақ тілі де қазақтың қоғамдық өмірінде, саяси-шаруашылық тұрмыстық ісінде рухани байлығы ретінде де қызмет атқарады.

Қоғамның өзгеруіне қарай тілдің стильдерге тармақталуы тілдік нормаларды қалыптастырады, әрі әлеуметтік-тұрмыстық тілдің жаңаруына, дамуына негіз болады.

Тілдің басты қызметі — халықтың рухани құндылығы, қарым-қатынас құралы бола алуы. Ендеше әлеуметтік-тұрмыстық тіл қазіргі қазақ тілінде барлық стильдің тұғыры болуымен мәнді. Таратып айтар болсақ онда қазіргі қазақ тіліндегі стильдер белгісінің барлығы бар.

 

Жаттығумен жұмыс:  17-жаттығу. Үлгіні пайдаланып,бірнеше мәтін түрін жазыңдар.

 Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:      18-жаттығу.