Жұрт алдында сөйлеу әдебі

Сабақтың  тақырыбы :     Жұрт алдында сөйлеу әдебі

Сабақтың мақсаты : а) Білімділік:    қазақ тілі пәнінен   алған теориялық білімдерін практикада қолдану; ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

                                         ә) дамытушылқ:  ойлау қабілеттерін,қиялдарын дамыту; ой қорытып,нақты шешім жасауға үйретіп,өздеріне сенімдерін арттыру.


 б) тәрбиелік: сауатты жазуға,ұқыптылыққа баулу;топпен жұмыс жасап,бір-бірін тыңдай білуге үйрету;сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру.

Сабақтың түрі :                                 аралас  сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                    кітаптар, газет-журналдар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих


Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Ауызша сөйлеу тілі әдеби тілде және ауызекі тілде сөйлеу болып бөлінеді. Ауызша сөйлеу тілі күнделікті қарым-қатынаста жүретінін айтып өттік. Ал әдеби тілде ауызша сөйлеудің де бірнеше түрі бар. Оны жұрт алдында сөйлеу тілі деп те атайды. Жұрт алдында сөйлеу:

— баяндамашы, лекторлар;

— түрлі орындарда айтылар тілек, мадақ;

— құттықтау, көңіл айту, көңіл аулауға қатысты сөздерден құралады.

Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы — тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Сөйлеуші айтар ойын, сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым-ишара, әр қимыл-қозғалысы арқылы да жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану, әрі оларды дұрыс байланыстыру-мен бірге сөзді құлақпен естіп, қимылын көзбен көруінің де ықпалды екенінде.

Сөйлеушінің ым-ишара, қимыл-қозғалысының екі жақты қызметі бар. Ойды дәл, нақты жеткізудің көмекші құралы болса, екіншіден, орынсыз, артық, жөнсіз қолданылса, тыңдаушыларына кері әсер етеді.

Қандай жағдайда болсын ым-ишара, сезім, қимыл-қозғалыстың көмекші құрал екенін ескеріп, айтылатын тақырып, ой, мазмұнын ашатындай болуына назар аударылуы керек.

Қорыта келгенде жұрт алдында сөйлеуде:

—  дауыс   ырғағына,   интонациясына,   дауысты   сан  түрлі құбылтуға;

—  сөйлемнің эмоционалды бояуына;

—  сөйлеу темпіне;

—  дауыс күшіне;

—  сөздерді орфоэпия нормасына сай қоюға;

—  қимыл-қозғалыс, ым-ишараны орнымен қоя білуге назар аударылуы керек.

Жаттығумен жұмыс:  28-жаттығу.  Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстырып оқыңдар.

Шығармашылық жұмыс:   Төмендегі сөздерді тұрақты тіркестермен ауыстырып  жазыңдар.

Белгілі, үндемеу, ұйықтамау, тез, ұялу, балағаттау, әдемі, ойламау, қорқу, алыс, жақын, сөзшең, таза, жас, өтірік, шын, мейірімді.

 Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

Үйге тапсырма:      29-жаттығу.