Шегіртке мен құмырсқа

Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа.

Мақсаты:

Білімділігі:Абай Құнанбаев өлеңдерімен  таныстыру. Шегіртке мен құмырсқа тіршілігі  туралы  түсіндіру.

Дамытушылығы: Ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту.сөздік қорын молайту.

Тәрбиелігі: Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер,плакаттар,электрондық оқулық.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру.

Сабақтың  әдісі: Сұрақ-жауап,топтық жұмыстар,ассоциация

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Топқа бөлу

Оқушыларды екі топқа бөлінеді. Қызыл түс пен жасыл түсті таңдап алады.

Бағалау парағын тарату.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылар алма ағашынан бір алмадан алып, артындағы сұрақтарға жауап береді.

Жаңа сабақ:

Суретпен жұмыс:                                                                                                                         

-Суретте нелерді көріп тұрсыңдар?                        

-Қандай жыл мезгілі бейнеленген?

-Құмырсқаның киімі қандай?

-Шегірткенің киімі қандай?

-Шегіртке неліктен жылап тұр деп ойлайсың?

Ал балалар шегірткенің не үшін жылағанын білу үшін төмендегі мысалды оқимыз.

Шегіртке мен құмырсқа.

Шырылдауық шегіртке                   Секіру қайда, сүрініп,

Ыршып жүріп ән салған.                Қабағын қайғы жабады.

Көгалды қуып гөлайттап,               Сабанда жатып дән жиған

Қызықпен жүріп жазды алған.      Құмырсқаны іздеп табады.

 

Жаздыгүні жапырақтың                Селкілдеп келіп жығылды,

Бірінде- тамақ, бірінде- үй.          Аяғына бас ұра:

Жапырақ кетті, жаз кетті,           — Қарағым, жылыт, тамақ бер,

Күз болған соң, кетті күй.           Жаз шыққанша асыра!

 

Жылы жаз жоқ,тамақ жоқ,           — Мұның, жаным, сөз емес,

Өкінгеннен не пайда?                    Жаз өтерін білмеп пе ең?

Суыққа тоңған, қарны ашқан,        Жаның үшін еш шаруа

Ойын қайда, ән қайда?                          Ала жаздай қылмап па ең?

 

Оныменен тұрмады,                    — Мен өзіңдей шаруашыл,

Қар көрінді, қыс болды.              Жұмсақ илеу үйлі ме?

Сауықшыл сорлы бүкшиді,      Көгалды қуып, ән салып,

Тым- ақ қиын іс болды.            Өлеңнен қолым тиді ме?

Қайтсін қолы тимепті,

Өлеңші, әнші, есіл ер!

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де билей бер!

Топпен жұмыс:

Екі топқа мысалды бөліп оқуға беремін.

Тапсырмаға жауап беріп мысал талқыланады.

Сергіту сәті:

Сипаттау

 

Жазда азығын жинайды.                                            егісте жүреді.

 

Шағады ——                  еңбекшіл.              жалқау ———

 

Қыста інінде жатып тамағын жейді.       Шырылдайды.

 

Бекіту:

1 топқа тапсырма: шегірткенің құмырсқаға келген кездегі бөлігін дауыстап оқып беру.

2 топқа тапсырма:  құмырсқаның  шегірткеге  берген  жауабын  оқы

Сөз жұмбақ құрастыру:

Алгоритмдік  схема  бойынша  жұмыс

Мысалдың  аты: Шегіртке  мен  құмырсқа

Мысалдың  авторы: Крылов

Мысалды  аударған: Абай

Кейіпкерлері: Шегіртке  мен  құмырсқа

Қай  мезгілді  суреттейді: Қыс

Не  үйретті: Еңбектенуге  үйретті

 

Оқушылар  схеманы  өздері  толтырады.

Бағалау:

Үй тапсырмасын беру: мысалды оқу, суретін салу.

 

 

Есжанова  Қызғалдақ

№203 орта  мектептің бастауыш сынып  мұғалімі

Жалағаш  ауданы

Жаңадария  ауылы