Жеке адамға қатысты іс қағаздар

Сабақтың  тақырыбы :         Жеке адамға қатысты іс қағаздар

Сабақтың мақсаты : білімділік –    Жеке адамға  қатысты іс қағазды  жаза білуге  үйрету;

дамытушылық – оқушылардың жеке өнімді қызметтерін дамытушылық тапсырмалар арқылы байқау,логикалық тапсырмалар арқылы жұмыстану, практикалық тапсырмалар арқылы оқушы қызметінің әрекетін арттыру;


                                  тәрбиелік – лексикалық тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ету,жан дүниелерін байыту.

Сабақтың түрі :                                 аралас   сабақ

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап,шығармашылық іздену

Сабақтың көрнекілігі :                   кеспе қағаздар,суреттер

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :


Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Жеке адамға қатысты іс қағаздар

Іс қағаздарын қалыптасқан үлгіде сауатты жаза білу талабы — жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының да шарты. Жеке адам өміріне қатысты іс қағаздарының не-гізгілері төменде көрсетілген.

  1. Өмірбаян (аннотациялық парақ)
  2. Өтініш
  3. Жеке іс парағы
  4. Анықтама
  5. Мінездеме

Өтініш — ресми іс қағазы. Оған қойылатын талап нақтылық, дәлдік, ойды, тілекті ашып, анықтап көрсету.

№ 7 жалпы білім беретін

мектептің директоры

Р. Балғымбаеваеа

биология пәнінің мұғалімі

Ж. Асановадан

                         өтініш

19.02.05. — 25.02.05 аралығында биология пәні апталығының өтуіне дайындық жүргізу үшін №27 кабинетті босатуға рұқсат етуіңізді сұраймын.

17.02.05                                                                                                         қолы

Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын

Үйге тапсырма:    қайталау