Іскерлік қарым- қатынас тілі

Сабақтың  тақырыбы :  Іскерлік қарым- қатынас  тілі  

 Сабақтың мақсаты : Білімділігі:  іскерлік қарым-қатынас   тілі   туралы түсінік беру,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру,оқушы білімін есепке алу.

2.Дамытушылық: әдеби жанрлардың түрлерінен мысалдар келтіру арқылы пәнге  деген қызығушылығын дамыту,ізденімпаздық қасиетін қалыптастыру,шығармашылыққа баулу,тіл байлығын жетілдру.

3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке,ізеттілікке,әдептіліке,шапшаңдыққа тәрбиелеу,ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге баулу,өз елін,тілін сүюді үйрету.                                                                                                                 Сабақтың түрі :                                 жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың әдісі :                               сұрақ-жауап, дамыта оқыту

Сабақтың көрнекілігі :                    кітаптар  , тірек сызбалар

Пәнаралық байланыс :                   әдебиет,тарих

Сабақтың барысы : 

                                    а)  Ұйымдастыру кезеңі :

Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау :

Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын

                                б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Іскерлік қарым-қатынас тілі-белгілі бір мекемеде, кәсіпорын өндірісте қолданылатын  қызметтік пікірлесу,келіссөз жүргізу,келісім-шарт жасау,құжаттар алмасу,іс қағаздарын жүргізу,ресми кеңес,жиналыс мәжілістер өткізуде қолданатын тіл.

Іскерлік тіл көркем әдебиет тілінен гөрі маманна нақты бір салаға қатысты тіл даярлығын,жүйелі білімді, біліктілікті талап етеді.

Талқыға түсетін мәселе жөнінде  жан-жақты хабардар болу,сол салаға қатысты терминдерді орнымен қолдану,сұраққа нақты  , жүйелі жауап беру де- іскерлік қарым-қатынастың талаптары.

 

Жаттығумен жұмыс:  75-жаттығу         Төмендегі сөз тіркестері мен сөз орамдарын пайдаланып, М.Әуезовтің  «Абай жолы»  кітабына анотация жазыңдар

 

Шығармашылық жұмыс:  Өздерің соңғы рет оқыған кітаптарың жайында пікір жазыңдар.

 

 Білімді бекіту:  Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Бағалау:  Үй тапсырмасын орындап келгеніне және жаңа сабаққа ынталы қатысып отырғандарын бағалаймын.

 

Үйге тапсырма:           76-жаттығу.