Мен сиқыршы болсам

Ұйымдастырылған  оқу-іс  әрекеті:  Көркем  әдебиет.

Тақырыбы:  Мен сиқыршы  болсам

Мақсаты:      — балалардың  ойлау, елестету қабілетін дамыту;


-шығармашылық  дағдысын  қалыптьастыру;

-өз  ойынан  әңнгіме құрастырып айтуға үйрету;

-сөздік  қорларға  байыту.

Көрнекілігі: түрлі суреттер, сиқырлы қалпақ.

 

Сабақтың  түрі:  сабақ

Сабақтың  әдісі:  әңгімелеу,  түсіндіру, қиялдау,  ауызша  журнал


құрастыру,  салыстыру, өмірмен байланыстыру.

Сабақтың барысы:  Жылулық  шеңбері:

Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң  жер-ана!

Қайырлы таң достарым!

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламыз,

Сәлем, сәлем, сәлем!

 

І. Өткен сабақты еске түсіру: (ПЫСЫҚТАУ)

ІІ. Жаңа сабаққа дайындық. Интерактивті тақтаға  назар аударайық:

Ғарышкер, ақ халатты дәрігер, кеменің  капитаны, «Бәйтерек»-тің,     балалар  фотолары.

  • Мына суреттер сіздерге  ұнады ма? Ұнаса, сендер  суреттердегідей

ғарышкер,  дәрігер  болғыларың  келе ме?

 

  • Яғни сендер  армандап отырсаңыздар. Сіздер  армандау  дегенді

түсінсеңіздер. Армандарыңды  сиқыр арқылы  тез  жүзеге  асыруға болады (Экранға назар)

«Ну,погоди!» мультфильмінен қасқырдың  арманы (үзінді).

  • Міне енді  сендер теледидардан  цирктегі  сиқыршыны көріп

жүрсіңдер: Олар не істейді. (Балалардың жауаптары)

(қолының  арасынан түрлі нәрселер  шығарады, аузынан от шашыратады,  қорапқа  бір нәрсе  салып,  басқа  нәрсе  етіп  қайта шығарады)

Барлықтарың  көздеріңді  жұмып, өздеріңді  сиқыршы  болып  кеттім деп  ойлаңдар.  Көздеріңді  ашқан соң, кім қандай сиқыршылық  жасағанын  айтып береді.

«Мен сиқыршымын!»деп тәрбиеші 3 рет  қайталайды, тыныштық орнайды.

-Көздеріңді  ашып  кезекпен қандай     сиқыр     жасағандарыңды  айтайын.

 

 

Асылым:  Мен  әртіс  болып,  сахнада  ән салсам;

Нұртама:  Менің  мамам мен папам  қасымда отырып,  үшеуміз  теледидар  қарап отырсақ;

Ерасыл:  Мен  үлкен  ақ джиптің рөлінде отырсам;

Заримат: Мен сән үлгілерін  сахнада көрсетіп жүретін әдемі қыз болсам,  т.б.  армандар  айтады.

 

Тапсырма:  Осы  ойлағандарыңды  қағаз бетіне түсіріп  қараңдаршы.

( сурет салу).

 

Сергіту сәті: Бойды  бүкпей  тік ұста,

Еркін  тұрып тыныста.

Жай оң қолды оң жаққа

Жай сол қолды сол жаққа

Екі қолды айналдыр

Қос  шеңбердей із қалдыр

Сәл тынығып  байқа да

Он шақты рет қайтала!

 

Ойын:  «Сиқырлы қалпақ»

Өз еркімен ортаға  1 бала  көрінбей  тұрып  ойдан  қиялдай  әңгіме  құрастырып тұрады.  Бастаушы  сиқырлы қалпақты  балалардың  басына  кигізгенде,  жаңағы  бала  сайрап  қоя береді.

Мысалы:  Арман    -шіркін, мен  банкир  болсам!  Уысымда ақша көп  болар еді, дүкенге  барып сок,  апельсин алар едім, сосын Америкадағы Дисней Лендқа барар едім.

  • Ал мен теледидардан күнде  жаңалықтар  айтатын  диктор болсам,

мама мен папа, бауырларым  мені  көріп  мәз  болса…

Пысықтау

  • Балалар, бәріміз қиялдағанда, сиқыршы  болғанда  жақсы  істі

армандаймыз.  Ал  осының  бәріне  жету  үшін  болашақта не істеу керек?

 

Балалардың жауабы:   — жақсы оқу  керек. Сонда барлық арманымызға  жетеміз.  Оқыған  адамның  қиялы  бай болады. «Білімің-ұшар қанатың» деген  мақал текке айтылмаған. Көп  армандаған  адам арманына жетуге тырысады  және  кәдімгі сиқырдағы  сияқты  бір кездерде сол арманына жетеді.

 

ІІІ. Қорытынды.

Мадақтау.