Көмекші есімдер

Сабақтың тақырыбы: Көмекші есімдер. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушыларға көмекші есімдер жайлы толық мәлімет беру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл

мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.


б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,.
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.


Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі
  3. Журнал бойынша түгелдеу. 4.Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Одағайдың түрлері» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Лексикалық мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір сөздің жетегінде ғана қолданылатын зат есімдер бар. Мысалы, сырт, іші, маң, түс, алд(ы), арт(ы), аст(ы), үст (і),қас (ы) сияқты сөздер сөйлемде екінші зат атаулының жетегінде жұмсалады: Ауылдың жаны терең сай. (Абай) Осындай сөздер көмекші есім деп аталады. Әдетте көмекші есім тәуелдік жалғауында тұрып, негізгі зат есіммен тіркесіп, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 319-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Мәтінді оқып шығып, көмекші есімдерді табыңдар. Оларды тіркесіп тұрған сөздерімен бірге теріп жазыңдар да, сөйлемнің қай мүшесі қызметін атқарып тұрғанын айтыңдар.

Келесі тапсырма: өткен сабақта қосымша әдеби кітап әкеліңдер деп тапсырма берілген болатын. Әр оқушы өзі әкелген сол әдеби кітаптан көмекші есімдерді табады.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс: Көмекші есімдер қатысқан 10 сөйлем жазып келу.