Қатемен жұмыс
Сабақтың тақырыбы : Қатемен жұмыс
Сабақтың мақсаты :
а) Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту,өз ойын еркін жеткізе білуге,сауатты жазуға дағдыландыру.
ә) Мұқият тыңдап, ұқыпты жаза білуге үйрету.
б) Өз ісіне ұқыпты,мейірімді,кешірімшіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : қайталау
Сабақтың әдісі: талдау,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі : деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын тексеру:
Жіберілген қателер бойынша тақтаға шығып қатемен жұмыс жүргізеді.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс жүргіземін
Тақтамен жұмыс: Тақтаға бірнеше сөздерді жазып буынға бөліп, фонетикалық талдау жүргізеді.
Білімді бекіту : Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Бағалау : Оқушылардың ынтасына,сұраққа жауап бергеніне қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма : Ережелерді жаттап келуге беремін
Күні: Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 9
Сабақтың тақырыбы: Тест тапсырмалары
Сабақтың мақсаты:
а) оқушылардың қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау;
ә) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;
б) оқушылардың білімін бақылау арқылы сауатты жазуға дағдыландыру;
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, т.б
Сабақтың көрнекілігі: тест парақшалары т.б
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
- Тіл қоғамдық құбылыс ретінде:
А) Қоғамдағы заңдылықтарды реттейді.
Ә) қоғамдағы тарихи оқиғалардың тізбесін жасайды.
Б) қоғамға қызмет етеді.
- Қазақ тілімен туыстас тілдерді белгілеңдер.
А) араб, француз, түрік
ә) құмық,татар,қарақалпақ.
Б) қырғыз, ағылшын,орыс
- Тіл-
А) хат жазу көрсеткіші;
Ә) қарым-қатынас құралы;
Б) тыныс белгілері туралы ілім
- «Тіл туралы Заң» неше баптан тұрады?
А) 27 Ә) 17 Б) 37
- Мемлекеттік тіл қай салаларда қолданылады?
А) барлық салада Ә) заң шығару,ғылым,білім, мәдениет салаларында
Б) Ол-бұқаралық ақпарат құралдары,ресми іс-қағаздардың тілі.
- Орхон-Енисей жазуларын алғаш оқыған ғалымдар кімдер?
А) С.Е.Малов,Ж.Баласағұн,Қорқыт.
ә) С.Е.Малов, В.В.Радлов, В. Томсен
б) Әль Фараби, В.В. Радлов, В.Томсен
- Қазақ тілі кімдердің ана тілі болып есептеледі?
А) әлемдегі барлық қазақтардың
Ә) Тек қана Қазақстан қазақтарының
Б) Қазақстандағы барлық халықтың
- Шу бойынан және барсығаннан шыққан ғұламалар кімдер?
А) Баласағұни, Қашқари
ә) Әл-Фараби,Қашқари.
Б) Йүгнеки,Қашқари
- Қазақ тілі қай топқа жатады?
А) Шығыс тілдері тобына Ә) Үнді-еуропа тілдері тобына
Б) Қыпшақ-ноғай тобына
- «тілсіз қоғам-өлі, мынау дүние» деген жолдар қай ақынның өлеңінен алынған?
А) С.Торайғыров Ә) А.Байтұрсынов Б) М.Мақатаев
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Қайталау