«Болашақ» БПҰ жұмысы нәтижелі

«Болашақ» БПҰ жұмысы нәтижелі

«Бүгінде «Нұр Отан» -Қазақстанның ХХІ ғасырда табысты қадамдар жасауын қамтамасыз ететін саяси көшбасшылықтың басты тетігі»

Н.Ә.Назарбаев


«Болашақ» бастауыш партия ұйымы өз жұмысында партиялық жобалардың жүзеге асырылуын басты назарда ұстап келеді. Бүгінгі күнде 800 ден астам мүшесі бастауыш партия ұйымы «Кедергісіз келешек»  жобасы аясында 3 мүгедек адам табысты жұмыс атқарып жатса, Қапшағай қаласындағы қарттар мен мүгедектер үйімен тығыз байланыста. БПҰ мүшелері қайырымдылы күні акциясын өткізумен қатар, қарттар күнінде,  мереке күндері  концерттік бағдарламалармен барып қариялар мен мүгедек жандардың көңілін көтеріп, қуаныш жылуын сыйлауды басты назарда ұстайды.

Бізді ұйымға біріктірген басты нәрсе – елдің болашақтағы гүлденуі мен тағдырына деген жауапкершілік сезімі, партия жұмысына деген сенімділік. ХХІ ғасыр  экономикасының негізі – ғылым мен инновация, тиімділігі жоғары, қуат үнемдейтін әрі экологиялық жағынан таза технологиялар. Жаңа білім  мен серпінді технологияларды тың идеялар мен білімді бойға сіңіруге дайын тұратын, сыни тұрғыдан және жасампаздық ыңғайда ойлай білетін, өз еңбегіне жауапкершілікпен қарайтын білімді де кәсіби сауатты жастар жасайды.  Зияткер ұлттың негізін тап солар құрайды.

Ұлттың зияткерлік әлеуетінің дамуы білім мен ғылымның өмір бойы білімді жетілдіруге, дағдылар мен іскерлікті  шыңдауға ынталандырып, мүмкіндік ашатын жүйесінің тиімділігіне байланысты.

Сондықтан да  педагогтардың біліктілігін арттыруға, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға, функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыруға бағытталған нақты семинар, шеберлік кластар ұйымдастырылады.

Себебі мықты  ұлт негізін қалыптастыратын ұстаз қауымы. Мықты ұлт дегеніміз – мемлекеттің дамуы мен өркендеуіне үлес қосуға дайын тұратын жауапты азаматтар. Біз еліміздің азаматтары еркін, ынтымақшыл, заңға тақ тұратын, болашаққа ұмтылғыш, дәстүр мен мәдениетті құрметтейтін, отбасы құндылықтарын  қастерлейтін және келер күнге құлшынған адамдар болғанын қалаймыз. Жастарды отаншылдықтың арқауына айналатын осынау құндылықтарды қастерлейтіндей етіп тәрбиелеу әрқашанда Қазақстанның табысқа жетуі мен өркендеуінің кепілі болмақ. Партияның аса маңызды миссиясы – «Қазақстан – 2050» стратегиясында жарияланған «Жаңа қазақстандық патриотизмді» қалыптастырудың жалпыұлттық орталығына айналу! – деді  Елбасы партияның 15 съезінде сөйлеген сөзінде. «Бір ел  –  бір халық  –  бір тағдыр» деген үндеуіміз маңызды қағидат болып табылады, оны біз жүйелі түрде өмірде жүзеге асырудамыз. Жастардың бойында патриотизмді қалыптастыру, Елбасы саясатын насихаттау, «Нұр Отан» партиясының қоғамдағы рөлін түсіндіру мақсатында ұйымда патриоттық шаралар жиі өткізіледі. Атап айтсақ, Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара, Елбасы Жолдауларын талдауға арналған пресс-конференциялар, ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау жұмыстары  т.б. шаралар ұйымдастырылды.  «Біздің ауыл» жобасы аясында болашақтықтар қала көшелері мен  білім мекемелерінің тазалығын, көгалдануы мен күтімде болуын қадағалап отырады. Жоспарлы түрде сенбіліктер ұйымдастырып, оларға белсене қатысады. Қала көлемінде өткізілетін мәдени-танымдық шаралар мен мерекелік шаралардың ұйымдастырушылары. Наурыз, 1-мамыр, 9-мамыр,1-маусым,  қала күні меркелерінде өз өнерлерін ортаға салып, көрмелер мен акцияларды  өткізіп отырады. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» аясында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел мен семинар –тренингтер өткізумен қатар, қабырға стендтерін шығарып, жұртшылық сауаттылығын арттыру жұмыстарын табысты атқаруда.  Жастар өмірдің жоғары үлгі-қалыптарына сай келетін әлеуметтік қызметтерге тең қол жеткізе алатын болуы керек. Бұған  мемлекеттің, жұмыс берушілер мен оқу орындарының ынтымақшыл жауапкершілігі арқасында қол жеткізілуі қажет. «Сәтті қадам» жобасы аясындаи жастар мектептер мен балабақшаларға орналасып,  толыққанды әлеуметтік және экономикалық өмірге белсенді араласуға мүмкіндік алуда.

Бастауыш партия ұйымында жүргізілген «Қамқор», «Мектепке жол» акциялары аясында мүгедек балаларға, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы мүшелеріне материалдық көмектер көрсетілді.

Бастауыш ұйым мүшелері қиын кезеңдерде мұқтаж жандарға көмек көрсетуге дайын.


Алдымызда биік белестер бар. Олардан алқынбай асу, белестерді бағындыру  –  біздің өз қолымызда. Мызғымас бірлік пен тынымсыз еңбек, жасампаздық пен жаңашылдық,  жауапкершілік  арқасында «Қазақстан – 2050» стратегиясындағы биік мақсаттарға жете аламыз. Партиямыз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын. Мәңгілік елді бірге жасайық!