шешендік сөз туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы:   шешендік сөз туралы түсінік

Сабақтың мақсаты:

а)оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету.Ойлау шеберлігін сөйлеу мәдениетін арттыру;


ә) оқушылардың бойына әдептілік,инабаттылық, қарапайымдылық қасиеттерін қалыптыстыру;

б) сабақ барысында оқушылардың білімін бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі:                             аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,іздендіру,талдау

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар


Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

 

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

 

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Шешендік сөз дегеніміз не?

2.Шешендік сөз сапалары дегеніміз не?

3.Шешенге қойылатын қандай талаптарды білесіңдер?

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

   Шешендік сөздердің қай-қайсысын оқысақ та,табарымыз биік мораль талаптары:ата жолын ардақтау,ел намысын қорғау,сөз асылын қастерлеу,үлкенді сыйлау,ізгілік қасиеттерді бойға жинау т.б..

Шешендік сөздердің есте жақсы сақталуы оның ұйқаспен айтылуы,үндестік,құрылымындағы тұтастық сияқты белгілерімен байланысты.

 

Жаттығумен жұмыс:  9-жаттығу.Мәтінді оқып тапсырманы орындайды.

 

Шығармашылық тапсырма:   Абайға жан-жақты сипаттама беріңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 10-жаттығу.