Ұлттық шешендік өнер

Сабақтың тақырыбы:   Ұлттық шешендік өнер

Сабақтың мақсаты:  а) шешендік сөз туралы түсініктерін кеңейту.Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) сөйлеу тілін,сөз мағынасын түсініп,шапшаң ой қорыта алуға,көркем ұқыпты жаза білуге дағдыландыру;


б) тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып, оқушыларды  елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                            дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар,деңгейлік тапсырма

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.


     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Шешендік сөз дегеніміз не?

2.Шешендік сөздің қандай түрлері бар?

3.Шешенге қойылатын қандай талаптарды білесіңдер?

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

   Шешендік  өнер барлық халықтарда бар.Соның ішінде ғылым ретінде,жеке сала  ретінде қалыптасуға негіз болған.Ежелгі Греция,Ежелгі Рим,Ежелгі Үнді,Көне Қытай жазбалары сақталған.Қазақ әдебиеті,мәдениеті көшпелі тұрмысқа байланысты ауызша жеткеніне қарай шешендік өнер де ауызша таралып дамыған.Қазақ шешендерінің сөздері де ауызекі айтылып,ауызша таралған,қағазда емес,халық есінде сақталған.Сондықтан кейінгі ұрпаққа  түрлі нұсқада жеткендері де бар.Ұмыт қалған,әр дәуір,жылдардағы түрлі-саяси-әлеуметтік өзгерістерге қарай жоғалып,түрлі себептермен қолмен жойылған сөз үлгілері де аз емес.

Қазақ даласында саяхат жасаған ғалымдар,саяхатшылар қазақ тілі,мәдениетінің тереңдігі мен сан-салалығына таңдай қағып,таңданып,таным шексіздігін мойындаған жазбаларды да білеміз.Қазақ халқына шешендік өнердің дамуы елдің  саяси өмірімен байланысты.Ел басқарған ханның емес,халық сөз ұстаған бидің,жыраудың айтқанына құлақ қойған.дала демократиясының осындай әдеті ханды халықпен жалғастырушы ретінде би,шешенді мойындаған.

Ел ішіндегі дау, жанжал,ұрыс,қақтығыстың барлығы би,шешендердің бір ауыз сөзімен шешіліп,жол тауып отырған.

 

Жаттығумен жұмыс:  10-жаттығу.Оқып шығып әр бөлімге ат қойыңдар.Үш әңгімені салыстырып,Кенжалы шешен берген биліктерге мінездеме беріңдер.

Шығармашылық тапсырма: «Естіген құлақ екеу,Көрген көз үшеу» бұл жұмбақты қалай шешесіңдер?

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма: 11-жаттығу. Берілген тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар.

«Шешеннің сөзі –мерген, шебердің көзі-мерген»

«Шебердің қолы ортақ, шешеннің сөзі ортақ»