Шығармашылық жұмыс

Сабақтың тақырыбы:   Шығармашылық жұмыс

Сабақтың мақсаты:  а)  Оқушылардың ойлау қабілетін,сабаққа деген қызығушылығын арттыру;

ә) Оқушының ой еркіндігін,пікірін саралай білуге, тиянақты сөйлей білуге дағдыландыру;


б) Адамгершілікке,имандылыққа тәрбиелеу,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге баулу.

 

Сабақтың түрі:                            аралас  сабақ

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,әңгімелесу т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар,үлестірмелі кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:


 

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

     Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

 

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

 

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

1.Шешендік пен сөз мәдениетінің арасында қандай байланыс бар?

2.Эллада неге шешендіктің отаны деп аталады?

3.Ежелгі Грек,Рим шешендерінің аты мен еңбектерін атаңдар.

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:

 

    Дәстүрлі шешендік сөздер белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой,көркем тілмен айтылған және халық қабылдап,жиі қолданып,сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі,үлгілі сөздер.Онда халықтың бастан кешкендері,ақыл-ойы,арман тілегі бейнеленеді.

 

Шығармашылық жұмыс: Мәтінді дауыс ырғағын құбылтып оқыңдар.Қалай оқығанда әсерлі болатынына назар аударыңдар.Мәтінді басшылыққа ала отырып,  өздерің шығармасын сүйіп оқитын қаламгер жөнінде ой-толғаныстарыңды жазыңдар.

 

     

Білімді бекіту: Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін

 

Білімді бағалау:  Оқушылардың жауаптарына қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:   қайталау