Шылау сөздер туралы түсінік

Сабақтың тақырыбы: Шылау сөздер туралы түсінік. Сабактың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларға шылау сөздер, оның түрлері жайлы толық мәлімет беру.

 ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабак.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытыыдылау.

Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар. Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу. Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Өткен сабақта өтілгеи ережені сұрау.
  2. Жаттығу жұмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта шылау сөздер тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Тілімізде толық лексикалық мағынасы жоқ, бірақ сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырып немесе сөзге қосымша мән үстеп тұратын көмекші сөздер бар. Ондай көмекші сөздер шылаулар деп аталады. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. (А.) Жомарт қазіргісі мен келешегін салыстырып тұр. (Ғ. Мұст.) Абай қажымап, жалықпай, ылғы ғана ынтышп тыңдайтын. (М. Ә.) Бүл мысалдардағы үшін, мен, ғана деген сөздердің толық мағынасы жоқ, бірақ сөйлемде олар өзі қатысты сөздерге қосымша мән үстеп, белгілі бір қызмет атқарып тұр. Бірінші сөйлемде үшін шылауы ермек және (ертегіні) термек сөздеріне мақсат мәнін үстеп, ол сөздерді жазбаймын сөзіне бағындыра (сабақтастыра) байлаыыстырып тұрса, екінші сөйлемде мен шылауы қазіргісі деген сөз бен келешегі деген сөздерді ыңғайластық мәнде бір-бірімен салыстыра байланыстырып, олар сөйлемнің бірыңғай мүшесі екенін көрсетіп тұр. Үшінші сөйлемде ғана шылауы ылғи деген мезгілдік мағынадағы сөзге шектілік, күшейткіш мән үстеп тұр.

Сөйтіп, шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.

  1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды.
  2. Сөйлем ішінде шылау сөйлем мүшесі бола алмайды.
  3. Шылаулар сөз бен сөзді не сөйлем мен сөйлемді байланыстырады және толық мағыналы
    сөздің жетегінде оған қосымша мән үстей қолданылады.
  4. Шылаулар түрленбейді.

Шылаулар — лексикалык мағынасынан айырылу нәтижесінде пайда болған сөздер.

Шылау сөздер білдіретін мәні мен сөйлемде атқаратын қызметіне қарай септеулік шылау, жалғаулық шылау және демеулік шылау болып үшке бөлінеді.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 323-жаттығу жұмысының орындалу


шартын түсіндіремін: Шылауларды тауып, олардың сипатын анықтаңдар: қандай мәнде қолданылып, қандай қызмет атқарып тұрғанын көрсетіңдер.

Келесі тапсырма: 324-жаттығу жұмысының орындалу шарты мынадай: Оқып шығып, шылауларды табыңдар. Шылаулардың мағыналық ерекшеліктері мен қызметін ауызша айтыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс: көркем әдебиеттерден 10 сөйлемнен тұратын мәтін жазып, шылаулардың астын бір сызықпен сызыңдар.