Сын жүмысы

Сабақтың тақырыбы: Сын жүмысы.

Табиғатпен сырласу. Сабақтың мақсаты:

а)  білімділік: оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін тексеру әрі
сауттылыққа баулу мақсатында сын жұмысын жүргізу.


ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.

б)  тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сын сабағы.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сүрақ-жауап, мәнерлеп оқу, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау. Сабақтың көрнекілігі: диктанттар жинағы.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу. Сабақтың типтері: үйымдастыру кезеңі, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, Сабақтың барысы:


а) Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә)Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру мақсатында сын жүмысын жүргіземін.

Оқушыларға сын жүмысына арналған дәптерлерін таратып шығамын да, сын жүмысының тақырыбымен таныстырамын. Бүгінгі күнді, мәтін тақырыбын тақтаға жазып шығамын да мәтін мазмүнын мәнерлеп оқып шығамын, Мәтін 106 сөзден түрады. Содан кейін мәтіннің әрбір сөйлемін жеке оқып мәтінді жаздыруға кірісемін.

Табиғатпен сырласу

Табиғат! Сен әлемдегі барша байлықтардың анасы, сүлу атаулының данасысың. Сенің жүпар ауаң, аппақ қарың, мөл суың, жасыл кілемге көмкерілген ну қайыңды орманың, өскен аң мен қүсың — бәрі-бәрі керемет! Ол —    сенің ғана сүлу бейнең. Осындай әсем де кең қүшағыңда дуниеге келген адамзат баласы қандай бақытты! Мен де бақыттымын!

Мен сенің топырағыңнан жаралдым, табиғат ана. Біздің бірімізді әнші, бірімізді жыршы, бірімізді жазушы, бірімізді суретші ететін де сенсің. Өз басым табиғаттың әсемдігін анамның аялы алақанындай көремін. Егер мен ақын болғанымда өмір бойы сен туралы ғана жыр жазар едім. Сенің әрбір тасың, топырағың, қүпияға толы сырлы әлемін — бәрі-бәрі таусылмас жыр (Ә.Ежанова «Үлан» 106 сөз)

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Сын жүмысына арналған дәптерлерін жинап аламын.
  3. Үйге тапсырма: «Табиғатым—байлығым» тақырыбында шығарма жазып келу.

Тексердім: