Қайталау

Сабақтың тақырыбы:           Қайталау

Сабақтың мақсаты:   білімділік – оқушылардың шешендік сөз тарауынан  алған теориялық білімдерін қайталау және іс жүзінде қолдану жолдарын деңгейлік тапсырмалар арқылы анықтау;

тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.

Сабақтың түрі:                              қайталау

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,түсіндіру т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар,деңгейлік тапсырма

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:.

Жаттығумен жұмыс:   23-жаттығу  Тапсырмаларды орындаңдар.

—Іргелес ауылдың малын ұрлаудай-ақ ұрлап едім, бірақ иелері із қуалап келіп, бәрін айдап әкетті,-деп сырын ашыпт бір ұры Бөлтірікке.

-Сенде әлі талай-талай нәрсе қалған екен…

-Түк те қалған жоқ. ..

 

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Екеу ара өткен әңгімелесу ме,әлде көпшілік алдындағы жауаптасу ма? Ойларыңды дәлелдеңдер.
  2. Бөлтірік шешен пікірінше , ұрыда әлі де қалған нәрселер бар. Ол не?

 

Шығармашылық тапсырма

Екі  не үш топқа бөлініп отырыңдар: мәтінді оқыған жүргізушінің сұрағына әр топ өз жауабының нұсқасын айтып, дәлелдесін.

 

Тақтамен жұмыс:     Тақтаға бірнеше сөйлем жазып сатылай кешенді талдау жүргізеді.

 

Білімді бекіту:  . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап  беремін.

  1. Толғаудың нақыл сөзден қандай айырмашылығы бар?
  2. терменің тоғаудан қандай айырмашылығы бар?
  3. Ұлттық шешендік өнердің ерекшелігі қандай?
  4. Би мен шешеннің айырмашылығы неде?
  5. Қазақ ұлтының қандай билерін білесіңдер?

 

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма: 24-жаттығу.