Пікірталас түрлері

Сабақтың тақырыбы:            Пікірталас түрлері

Сабақтың мақсаты:   білімділік  — пікірталастың түрлері туралы түсінік бере отырып, оқушыларды ойын жүйелі, еркін жеткізуге, көпшілік алдында  қысылмай сөйлей білуге дағдыландыру;

тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;


дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.

Сабақтың түрі:                               Жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,түсіндіру, іздендіру  т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар,деңгейлік тапсырма

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет


Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:.

Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан  бір арнаға құя бермейді.  «Ойды ой қозғайды» , жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды,не қарсы көзқарас пайда болады.

Пікіралмасу                            ойталқы                           пікірсайыс

 

 

 

 

Ойбөліс                                                                        айтыс

 

 

Жаттығумен жұмыс:   23-жаттығу  Тапсырмаларды орындаңдар.

Шығармашылық тапсырма

«Шын достық   көрінісі»  деген тақырыпта   эссе жазыңдар.

Тақтамен жұмыс:     Тақтаға бірнеше сөйлем жазып сатылай кешенді талдау жүргізеді.

Топпен жұмыс:   «Алғашқы өркениет қайдан бастау алады?»  немесе  «Соңғы сәнмен киіну: батылдық па, талғам ба, еліктеу ме?»  осы екі тақырыптың біріне пікірталас өткізеді.

 

Білімді бекіту:  . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап  беремін.

  1. Пікірталас дегеніміз не?
  2. Пікірталастың қандай түрлері бар?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма: 24-жаттығу.