Жалғаулық шылаулар.

Сабақтың тақырыбы: Жалғаулық шылаулар.


Сабақтын мақсаты:


а) білімділік: оқушыларға шылау сөздер, оның түрлері және жалғаулық шылаулар жайлы толық мәлімет беру.

ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыру.

б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.


Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.

Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жүмыс жүргізу.

Сабақтың типтері: ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасын сүрау, жаңа сабақты түсіндіру, қорытындылау, бағалау.

Сабақтың барысы:

а)  Үйымдастыру кезеңі.

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекші мәлімдемесі.
    З.Журнал бойынша түгелдеу.
    Жаңа сабаққа дайындық.

ә) Үй тапсырмасьш сүрау.

  1. Өткен сабақта өтілген ережені сүрау.
  2. Жаттығу жүмысының орындалу барысын дәптерлерінен тексеру.
  3. Дәптерлерін алмастыру.
  4. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалау.

б)  Жаңа сабақты түсіндіру.

Бүгінгі жаңа сабақта «Жалғаулық шылаулар» тақырыбы жайлы түсіндіремін.

Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра (тең дәрежеде) байланыстырады. Жалғаулық шылаулар жалғаулықтар деп аталады. Олар мыналар: мен (бен, пен), да (де, та, те), не, не болмаса, яки, немесе, және, әрі, біресе, бірац, алайда, әйтпесе, әйткенмен, дегенмен, сонда да, әлде, өйткені, себебі, сондъщтан,сол себепті, т. б. Жалғаулықтар бірыңғай мүшелердің немесе салалас қүрмаластың сыңарларын әр түрлі мағыналық қатынаста байланыстырады. Ондай мағыналық қатынастар мыналар:

  1. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: м.ен (бен, пен, менен, бенен, пенен), да
    (де, та, те), және, әрі.
  2. Қарсылықты қатынасты білдіретін жалғаулықтар: бірац, алапда, дегенмен, әйтпесе,
    әйткенмен, сонда да.
  3. Талғаулықты қатынасты немесе кезектестік мәнді білдіретін жалғаулықтар: әлде, біресе, бірде, не, немесе, я, яки, болмаса, кейде.
  4. Себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулықтар: себебі, өйткені, сондыцтан, т. б. Жалғаулықтар орыс тіліндегі «союзы» деп аталатын көмекші сөздермен сәйкескеледі.

Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жүмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 328-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Жалғаулықтарды тауып, олар қандай сөздерді және сөйлемдерді байланыстырып тұрғанын көрсетіңдер.

Келесі тапсырма: 329-жаттығу жүмысының орындалу шарты мынадай: Жалғаулықтардың мағыналық қатынасын, қызметін анықтап, да, де, мен шылауларын септік жалғаулармен салыстырыңдар.

Сабақтың қорытындысы:

  1. Сүрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
  2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
  3. Үйге тапсырма: 330-жаттығу жүмысының орындалу шартын түсіндіремін: Өз
    беттеріңмен оқып шығып, септеуліктер мен жалғаулықтарды табыңдар. Олардың мағыналық

қатынастары мен кызметтерін талдау арқылы бір-бірімен үқсастығын және айырмашылығын көрсетіңдер. Әңгімеге ат қойыңдар