Пікірcайыс

Сабақтың тақырыбы:            Пікірcайыс

Сабақтың мақсаты:   білімділік  — пікірсайыс туралы түсінік бере отырып, оқушыларды ойын жүйелі, еркін жеткізуге, көпшілік алдында  қысылмай сөйлей білуге дағдыландыру;

тәрбиелік – жастарды елжандылыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу;

дамытушылығы – іскерлік белсенділіктерін,ойлау қабілетін ауызша және жазбаша талдаулар арқылы дамыту,сөйлеу мәдениетін қалыптыстыру.

Сабақтың түрі:                               Жаңа сабақты игерту

Сабақтың әдісі:                           сұрақ-жауап,түсіндіру, іздендіру  т.б.

Сабақтың көрнекілігі:               кітаптар,деңгейлік тапсырма

Пәнаралық байланыс:              тарих,әдебиет

Сабақтың барысы:

                                       а) Ұйымдастыру кезеңі.

                 Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ә)  Үй тапсырмасын пысықтау:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

 

б)  Жаңа сабақты түсіндіру:.

Пікірсайыс өз аты айтып тұрғандай пікірлер,идеялар сайысы. Пікірсайыстың басты ерекшелігі-қатысушылардың бір жағының жеңіп,мақсатқа жетуі,яғни бір ғана идея,пікірдің дәлелденуі.

Пікірсайыс көбіне қоғамдық-әлеуметтік тақырыптарға арналады.

Адамгершілік қасиеттерді сақтау,рухани құндылықтарды қорғау,адам құқығын жоғары қою,ізгілікті дәріптеу, т.б мәселелер төңірегінде  ұйымдастырылады.

Әр шешен,әр қатысушы өз ойын,пікірін дәлелдей білуі керек.

Өз ұстанымының маңыздылығына,мәніне қатысушылар мен тыңдаушылар көзін жеткізе алу қажет.

Жаттығумен жұмыс:   34-жаттығу   «Үздік оқу, үлгілі тәртіп үшін ақшалай марапаттау қажет пе?» деген тақырыпта пікірсайыс өткізіңдер.

Мысалы: «Үздік оқу, үлгілі тәртіп үшін ақшалай марапаттау қажет», «Үздік оқу, үлгілі тәртіп үшін ақшалай марапаттау қажет емес».

  1. Көзқарастары сәйкес келмейтін екі топ құру.
  2. Дәлелдейтін тезистерін анықтау.
  3. Сауалнама жүргізу.
  4. Әдебиеттерден материалдар жинақтау.

Білімді бекіту:  . Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоя отырып, түсінбеген сұрақтарына жауап  беремін.

1.Дебатқа қатысушылар кімдер болады?

  1. Қандай тезистер алынғаны дұрыс?
  2. Сауалнама жүргізген жағдайда кімдерге сұрақ қоюға болады?
  3. Дебат қорытындысын шығаруға кімдер төрелік ету керек?

Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына  қарай білімдері бағаланады.

 

Үйге тапсырма:   Материалдар жинақтап келу.